у
Мәдениет • 06 Маусым, 2024
Балаларға арналған қазақша контент жасаушыларды қолдау керек - Мәулен Әшімбаев
Бұл жөнінде Сенат Төрағасы Палата отырысында масс-медиа туралы заңды қарау барысында айтты. Мәулен Әшімбаев кеше қазақ тілінде контент жасап жүрген креативті индустрия өкілдерінің форумында осы мәселе кеңінен талқыланғанын айтып, оларды қолдау маңызды міндет екенін айта кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Маусым, 2024
Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 06 Маусым, 2024
Ертең футболдан Қазақстан - Армения матчы өтеді
Ертең Ереванда футболдан Қазақстан құрамасы Арменияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Маусым, 2024
Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобалар: идеядан іске асыруға дейін
Әлеуметтік жобаларды, сондай-ақ спорт, білім және мәдениет саласындағы жобаларды іске асыру және қолдау мақсатында 2016 жылы құрылған «Халық» қайырымдылық қорының Қазақстан халқы үшін орны ерекше-ақ. Қордың негізгі бағыты халықтың мұқтаж топтарын қолдау және әлеуметтік қорғау, мүмкіндіктері шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеу әрқашан Қордың қайырымдылық көмек көрсетуінің басым бағыты.
Мәдениет • 06 Маусым, 2024
Кеңестік мультфильмдер қазақ тілінде көрсетіледі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі кеңестік мультфильмдерді қазақ тіліне аударып, дубляждауды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 06 Маусым, 2024
ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті
Алматы қаласында Қазақстан тарапының төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Маусым, 2024
Президент Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 06 Маусым, 2024
Елордада қазақ тілді контент өндірушілердің форумы өтті
Астанада қазақ тілді контент өндірушілердің «QazaqSham» форумы өтті. Аталмыш жоба еліміздегі тіл саясаты саласындағы қазақ тілінің даму деңгейін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 06 Маусым, 2024
Көшпелілер ойындары: спортшылардың дайындығына арналған кешенді ғылыми топ құрылды
Биыл күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары қарсаңында спортшылар мен спорттық жылқылардың жағдайын зерттеуге арналған 2 кешенді ғылыми топ құрылды. Олардың бірі атбегілікпен, екіншісі ұлттық спорт түрлерінің спортшыларын даярлаумен айналысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Маусым, 2024
InDrive және Яндекс Go жүргізушілері жолаушы тасымалынан шеттетілуі мүмкін
inDrive, Яндекс Go жүргізушілері жолаушы тасымалы кезінде жылдамдықты жиі асыратын болса, бұл қызметтен шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 06 Маусым, 2024
Алматыда Спорт басқармасы «жалған жұмысшыларға» ақша төлеп келген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Алматы қалалық Спорт басқармасының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2024
Қарағанды облысында сотталушы колониядан қашып кетті
Қарағанды облысында сотталған ер адам қоныс колониясынан қашып кетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2024
«7 жылдан 20 жылға дейін». Кәмелетке толмаған қызды зорлаған жасөспірімдер сотталды
Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған мектеп оқушысын зорлаған жасөспірімдер 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үкімді БҚО мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асланбек Дүйсенғалиев жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Маусым, 2024
Қостанай облысында қатты жел ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті
Қостанай облысында дауылды жел соғып, ғимараттардың шатырын ұшырып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Маусым, 2024
Кәсіпкерді заңсыз тексерген лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Сарыарқа ауданы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобына лауазымды тұлға тарапынан заңсыз тексеруді жүзеге асыруға қатысты азық-түлік өнімдерін сатумен айналысатын жеке кәсіпкер жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 06 Маусым, 2024
Жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, төрт адам көз жұмды
5 маусым күні Чехияның Пардубице қаласында Regiojet жолаушылар және жүк пойызы соқтығысты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 06 Маусым, 2024
Екі қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады
Синоптиктер бүгін, 6 маусымда Қазақстанның екі қаласында қолайсыз ауа райы болатынын болжап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Маусым, 2024
Су саласында бірқатар маманның жалақысы өсті
1 мамырдан бастап «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті. Атап айтқанда, еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлығы ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 06 Маусым, 2024
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Маусым, 2024
Синоптиктер Қазақстанның кейбір өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті
Синоптиктер Қазақстанның қай өңірлерінде қуаңшылық болуы мүмкін екенін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Алматыда «Айбын» X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді
Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған іс-шараның салтанатты ашылуы даңқты майдангер, аса көрнекті әскери қолбасшының есімімен аталатын Құрлық әскерлерінің әскери институтында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 05 Маусым, 2024
Америкалық Penn State университетінің делегациясы Қазақстанға келді
Сәтбаев Университеті мен Penn State (Пенсильвания мемлекеттік университеті) өзара келісіп, Қазақстан студенттерінің Пенсильвания мемлекеттік университетінде білім алу шарттарын талқылаудың соңғы кезеңіне өтті. Осы мақсатта Penn State университетінің халықаралық қызметінің академиялық бағытына жауапты Сабина Клэр бастаған үлкен делегация Қазақстанға келді. Бұл университет әлемнің үздік 100 университетінің қатарына кіреді. Бірінші кезеңде тараптар «3+1+1» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Ақтөбеде бөгеттерді жөндеуге 3 млрд теңге жұмсалады
Тасқын кезінде Ақтөбеде 15 бөгет қираған. 12 бөгетті жөндеу 3 млрд теңгеден астам қаражатты қажет етсе, қалған үшеуінің кепілдік мерзімі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 05 Маусым, 2024
«QS World University Rankings 2025»: ЕҰУ Қазақстанның үздік үш университетінің қатарында
«QS World University Rankings 2025» халықаралық рейтингінде ЖОО қызметінің кезекті нәтижелері жарияланды. Биылғы жылы ЕҰУ 34 позицияға жоғарылап, әлемнің 1503 жоғары оқу орындарының арасында 321 орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Маусым, 2024
Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды
Мемлекет басшысы медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Маусым, 2024
Су тасқыны болған Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсырады
Биыл су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Нариман Қыпшақбаев «Отан» орденімен марапатталды
Су шаруашылығы саласының ардагері Нариман Қыпшақбаев Президент Жарлығымен «Отан» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Су және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
«Сыммен тұншықтырған»: Қостанайда әйелін өлтірген полицей 9 жылға сотталды
Қостанай облысында әйелін ұзартқыш сыммен тұншықтырып өлтірген полиция аға лейтенантына қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 05 Маусым, 2024
Сенат Төрағасы QazaqSham қазақша контент жасаушылар форумына қатысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге QazaqSham форумына қатысып, креативті индустрия саласындағы жаңа жобалармен танысты. Сондай-ақ қатысушылармен Мемлекет басшысы бастамашы болған қазақ тілінде контенттер дайындау барысын және осы бағыттағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға креативті индустрия және отандық медиа өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Маусым, 2024
Париж-2024: Маусым айында өтетін лицензиялық турнирлер
Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің әлеуметтік желідегі парақшасында Париж Олимпиадасына лизензия берілетін жарыстар кестесі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.