Президент • 27 Шілде, 2024

Президент Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

– Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі! – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Елдос Сметовтің алтын медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар

Теңіз суының құпиясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35

Найзағай қалай пайда болады?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Өсімдіктер де есте сақтайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Сүтемген салған соқпақпен

Байқау • Бүгін, 08:10

Алып кимешек

Аймақтар • Бүгін, 08:00