у
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Маңғыстау облысында қатты жауын-шашын салдарынан мал шығыны тіркеліп, фермерлер биліктен өтемақы төлеуді және өлген малды жою жұмыстарын ұйымдастыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Mutua Madrid Open–2026 турнирінің екінші айналымына шықты. Ол алғашқы кездесуінде чехиялық Тереза Валентованы үш сетте жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Астанада өткен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының саммиті қорытындысы бойынша 26 наурыз Арал теңізі, сондай-ақ Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Мемлекет басшысының пікірінше, аймақтағы су мәселелері мен экологиялық сын-қатерлер арта түскен сәтте өзара келісімге келіп, кедергілерді бірлесіп еңсеру үшін күш-жігер жұмылдыру, бірлік таныту – өте маңызды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент су проблематикасын аймақ елдеріне ортақ әрі халықаралық қоғамдастық назар аударатын өзекті мәселе ретінде қарастыруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс сот жарыссөзі кезеңіне өтті. Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев сотта айыптау ұстанымын таныстырып, айыпталушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, жаза мөлшерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалана отырып түсірілген фильмдерге арналған алғашқы халықаралық Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) кинофестивалі өтеді. Елордада өткен баспасөз конференциясында жобаның тұжырымдамасы мен өтінім қабылдау тәртібі таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Сәуір, 2026
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Астана қаласының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін жүйелі әрі өрескел бұзатын жүргізушілерге қатысты жауапкершіліктің қатаңдатылғанын мәлімдеді. Енді агрессивті жүргізу мен қауіпті маневр жасау тек айыппұлмен шектелмей, «ұсақ бұзақылық» ретінде бағаланып, жүргізушіні 15 тәулікке дейін қамауға алуға негіз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Сәуір, 2026
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елордада демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Қызылорда облысында мемлекеттік мекеме қызметкерлері ұйымдастырған бюджет қаражатын көп жыл бойы жымқыру схемасы әшкереленді. Іс Бас прокуратураның бақылауына алынып, сот шешіміне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Елімізде автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі кеңейтіліп жатыр. 2026 жылдың соңына дейін тағы 16 ақылы жол учаскесінде жаңа талап енгізіліп, ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Сәуір, 2026
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Туризм және спорт министрлігі жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік үшін қосымша ақы алу тәртібін жариялады. Бұл мүмкіндік Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) және мамандандырылған спорт мектептері, сондай-ақ Олимпиадалық резерв мектептерінде қызмет ететін мамандарға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Сәуір, 2026
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
«Қазгидромет» 23-25 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша алдағы күндері елімізде аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2026
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстанның отын нарығында ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге бағытталған жаңа өнім – БИ-95 автокөлік отынының өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Астананың №36 мектебінде оқушылар арасындағы төбелес қоғам назарын аударды. Ал кейбір ата-аналар мектеп әкімшілігінің әрекетін сынап, мектеп директорының жұмыстан кетуін талап етті. Балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық ахуалына әсер еткен жағдайға ата-аналар ашық наразылық білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 22 Сәуір, 2026
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа заң жобасында ауылдық округтердің бюджетін мүлік салығы мен лицензиялық алымдар есебінен кеңейту ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 22 Сәуір, 2026
Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін
Мәжілісте қаралып жатқан «Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері туралы» заң жобасына сәйкес, мәслихат депутаттарына әлеуметтік кепілдіктер күшейтілмек. Осыған байланысты мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға әлеуметтік төлемдер төленуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Сәуір, 2026
Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Алматы қаласының 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Сәуір, 2026
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Жапония Үкіметі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін енгізілген қару-жарақ экспортына қатысты шектеулерді алып тастады. Жаңа шешімге сәйкес, енді Жапония басқа мемлекеттерге қорғанысқа арналған қарудың өзге де түрлерін экспорттай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Елімізде автомектептердің қызметіне жүргізілген тексерулер бірқатар өрескел олқылықты анықтады. Ішкі істер министрлігі заң талаптарын бұзған оқу топтарының жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 22 Сәуір, 2026
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Жетісу облысының Ескелді ауданында 46 миллион теңгеден астам шығын келтірген мал ұрлығы фактісі анықталды. Отарды 17 жыл баққан шопан қылмысқа басты күдікті ретінде саналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Сәуір, 2026
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Астана қаласының әкімдігі 22 сәуірден бастап қаладағы жылу беру маусымы ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Шығыс Қазақстан облысында білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, полицияның ерекше бақылауына алынды. Бұл бастама оқушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 22 Сәуір, 2026
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
22 сәуір күні таңертең Алматы қаласына жақын аумақта жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 04:26-да тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қазақстанда 27 наурыздан бастап су есептегіштеріне қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Бұл өзгерістер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаның бір бөлігі және ол 2029 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Бюджет • 22 Сәуір, 2026
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
7 коллекторлық агенттікте жалпы сомасы 11,8 миллиард теңгеге кірістерді асыра көрсету фактілері анықталған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2026
Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Астанада 22–24 сәуір аралығында Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар негізгі көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеліп, кей жерлерде жолдар жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Ел тұрғындары 22 сәуірге қараған түні ерекше астрономиялық құбылысты –Лирида жұлдыздар жауынын тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.