ас
Қоғам • 28 Тамыз, 2023
Жәрмеңкеде тәртіп бұзған тұрғындар анықталып, жауапқа тартылады - Астана әкімі
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Тәжікстанның мәдениет күндері аясында өткізілген ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері мен ұлттық қолөнер тауарлары жәрмеңкесінде болған оқиғаға қатысты фейсбук әлеуметтік желісінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 28 Тамыз, 2023
Қарағандыда әскерилер бес жасар баланы өрттен құтқарды
Қарағанды өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының үш қызметкері жанып жатқан пәтерден бес жасар баланы құтқарып қалды. Олардың бұл әрекеті әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 28 Тамыз, 2023
«Алтын тобылғы» әдеби байқауы жарияланды
«Алтын тобылғы» әдеби байқауы үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайды. Бұл игі іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырып отыр. Дәстүрлі байқау биыл тоғызыншы рет өтеді. Басты мақсат – заманауи қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жас қаламгерлерді қолдау, шығармашылығын насихаттау, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 28 Тамыз, 2023
Түркістанда Өзбекәлі Жәнібековке арналған дәстүрлі көрме өтті
28 тамыз – қазақ руханиятының қара нары Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні. Осы орайда Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Тамыз, 2023
Астанада бірнеше қоғамдық көліктің бағыты өзгереді
Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты тоғыз автобус бағытының қозғалысы өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz «City Transportation Systems» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Тамыз, 2023
«Шахмат негіздері» пилоттық жобасына 42 мектептің бастауыш сыныптары қатысады
Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2023-2024 оқу жылында «Шахмат негіздері» оқу бағдарламасын сынақтан өткізу жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 27 Тамыз, 2023
Алматыда заманауи жатақхана ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жатақхана тапшылығы мәселесін жою мақсатында берген тапсырмасын жүзеге асыру аясында 300 орындық жаңа жатақхана пайдалануға беріліп отыр. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Алматыда «Жастар Apartments» жаңа заманауи жатақхананың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Тамыз, 2023
Бұрын таныс-тамырсыз оқуға түсу өте қиын еді-Асхат Аймағамбетов
Магистратура мен докторантураға түсу емтихандары бұрын қалай болды, енді не өзгерді? Бұл сұрақтарға Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресми бөлім • 27 Тамыз, 2023
Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жетілдіретін курс ашылады
Президенттің іс басқармасы қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жетілдіру бағытындағы курста алғашқы топ қыркүйекте оқуды бастауға тиіс. Бұл туралы ҚР Президентінің Іс басқарушысы А.Дәдебаев ресми телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Тамыз, 2023
Әлеуметтік және еңбек мәселелері жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 27 Тамыз, 2023
Қазақстанда кореялық Kia корпорациясымен бірлескен кәсіпорын пайда болады
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ТМД елдеріндегі Kia корпорациясының президенті Санг Гвон Джонгпен Қазақстан-Корея өнеркәсіптік ынтымақтастығын нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді. Тараптар бірлескен өндіріс, оқшаулауды тереңдету және Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі үшін инженерлік кадрларды даярлау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Тамыз, 2023
Тәжікстан Президентінің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Тамыз, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Цифрлық үкімет кеңсесіне барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Цифрлық үкімет кеңсесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен ауыл шаруашылық жәрмеңкесін аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Тамыз, 2023
Азия ойындарында жеті қазақстандық шаршы алаңға шығады
Бокстан Азия ойындарына қатысатын Қазақстанның ерлер командасы жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Тамыз, 2023
Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын сәтті қорғады
Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас (4-0, 2 КО) Ыстанбұлда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Экология • 26 Тамыз, 2023
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
26 тамызда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Елорда • 26 Тамыз, 2023
Тәжікстанның мәдениет күндері: Елордада жәрмеңке-көрме өтеді
Астана әкімдігінің ресми сайты тамыздың 26-29 күндері Тәжікстанның мәдениет күндерін өткізу аясында EXPO халықаралық көрме кешенінің алаңында ауқымды жәрмеңке-көрме ұйымдастырылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2023
«Зерек 2» жүйесі жылдамдықты асырған жүргізушілерді тіркей бастады
Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында Ішкі істер министрлігі автомобиль жолдары комитетімен және ҚазАвтожолмен бірлесіп белгіленген жылдамдық режимінен асырған автокөліктерді тіркеу үшін қала сыртындағы жолдарда камераларды пайдалану жөніндегі жүйені іске асырды. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Тамыз, 2023
Елорда әкімі IT мамандарға үндеу жасады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында IT саласының мамандарымен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 25 Тамыз, 2023
Астанада ғұлама ғалым Ибн Синаның бюсті орнатылды
Бүгін Тәжікстанның мәдениет күндері аясында еліміздің бас қаласында ғұлама ғалым Ибн Сина бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, оған Қазақстан мен Тәжікстанның Мәдениет министрлері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері мен қазақ-тәжік зиялы қауымынан өкілдер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2023
Тәжікстан Президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Тамыз, 2023
Әскери қызметші Еуропа чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды
Чехияда өткен Еуропаның XXXI су асты бағдарлау чемпионатының «МОНК» жаттығуында екінші орын олжалаған ефрейтор Шахноза Құрбанованы Алматы қаласында салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Тамыз, 2023
ЕАЭО елдері интеграцияның нақты пайдасын сезінуі тиіс – Әлихан Смайылов
Цахкадзор қаласында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің Үкімет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысында ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2023
Шетелде бизнестері бар қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібі бекітілді
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев еліміздегі қазіргі көші-қон үрдісі туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2023
«Қандас» ақпараттық жүйесі таныстырылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше Көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі консулдық қызметтерінің өкілдеріне «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін таныстырды. Жүйе қандас мәртебесін беру мен «Ата жолы» картасын ұсыну қызметін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Тамыз, 2023
Президент БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілін қабылдады
Президент БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы Каха Имнадзені қабылдады. Мемлекет басшысы Каха Имнадзені жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның Орталық Азия мемлекеттері мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Тамыз, 2023
Астанада «Кең жүрек мың бала» акциясы өтті
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Спорттың олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы», Астана қаласының тоғызқұмалақ федерациясы және «Asarume» қайырымдылық қоры бірлесе отырып, «Кең жүрек мың бала» акциясын жүзеге асырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 24 Тамыз, 2023
Елордада екі көшенің қиылысы жабылады
Астана қаласында тұрмыстық кәріз желісінің салынуына байланысты екі көшенің қиылысы уақытша жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.