Ресми бөлім • 27 Тамыз, 2023

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жетілдіретін курс ашылады

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің іс басқармасы қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жетілдіру бағытындағы курста алғашқы топ қыркүйекте оқуды бастауға тиіс. Бұл туралы ҚР Президентінің Іс басқарушысы А.Дәдебаев ресми телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жетілдіретін курс ашылады

Фото: t.me/udp_dadebayev

«Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу әр азаматтың бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі десек артық емес.  Осы орайда, Президенттің Іс басқармасы жүйесінде кадрлардың әлеуетін көтеру үшін мемлекеттік тілді үйрету және деңгейін жетілдіру курсы ашылғанына тоқталғым келіп отыр.

Ведомстволық қарасты мекемелердің қызметкерлеріне арналған курс Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында өтеді. Мұнда мемлекеттік тілді базалық деңгейде біліп қана қоймай, іскерлік қазақ тілін жетілдіруге күш салынатынын айта кету керек.

Жалпы, бұл жоба әріптестеріміздің тарапынан қолдау тапты деуге болады. Аз уақыт ішінде 22 ведомстволық мекеменің 700 қызметкері қатысуға тілек білдіргені осыны көрсетіп отыр», делінген ақпаратта.

Мәселені жан-жақты қарастыру үшін ҚазТест жүйесі арқылы олардың тілді білу деңгейі анықталып, сәйкесінше бағдарламалар таңдалды. Алдағы қыркүйектен бастап алғашқы топтағы 200 адам оқуды бастауға тиіс. Қызметкерлерге ыңғайлы болуы үшін сабақ орталық орналасқан ғимаратта ғана емес, әр кәсіпорынның базасында да аптасына 3 рет өтеді.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік органдарда іс қағаздарын қазақша жүргізуге ден қойылып отырғаны мәлім. Осы орайда, қазақ тілі курстарында алған білімдеріңіз бен меңгерген машықтарыңыз жұмыс барысында қарым-қатынас жасауға, қызмет аясындағы міндеттеріңізді сапалы атқаруға, кәсіби тұрғыда дамуға көмектеседі деп сенемін», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15