у
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі қанша жыл?
Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасы жарияланды. Жобаның 53-бабында Құрылтайдың өкілеттік мерзімі көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2026
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы жарияланды. Төменде толық мәтіні ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Ақпан, 2026
Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Ертең, 12 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Ақпан, 2026
Қазақстандағы қатерлі ісік: Елдің онкологиялық картасында қандай өзгерістер бар?
Қоғам бұл дерттің атын атауға сескеніп, халық арасында «аты жаман ауру» деп атап кетті. Тіпті кейбіреулер мұны «ажалға шақыру билеті» деп қабылдайды. Онколог мамандар қатерлі дертті жеңуге болатынын айтса да, статистика әлі де көңіл көншітпей тұр, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 11 Ақпан, 2026
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді
Заңгерлер мен тіл мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесінде жаңа Ата Заң мәтіні оқуға жеңіл, түсінуге оңай, құқықтық тұрғыдан нақты құжатқа айналды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның 12-ші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Ақпан, 2026
Конституциялық Соттың төрағасы – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрағасы Эльвира Әзімова Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша жүргізілген жұмыстың алдын ала қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
Айдарбек Қожаназаров: Жаңа Конституция мемлекеттің дербес таңдауын және кемелдігін айғақтайды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсынылып отырған құжат елдің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық маңызы бар бастама, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2026
Референдумның қашан өтетіні белгілі болды
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Ақпан, 2026
Асхат Рахымжанов: Жаңа Конституция азаматтардың елдің саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Ақпан, 2026
Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды
Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті күнінде қоржынымыз 3 алтын, 2 күміс жүлдемен толықты. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Ақпан, 2026
Елімізде 490 мектеп директорының орны бос тұр
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен өткен аппараттық жиында облыстық білім басқармаларының басшылары өңірлердегі білім сапасын арттыру және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін талқылады. Жиында нақты нәтиже мен сапаға басымдық беру қажеттігі қатаң ескертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 11 Ақпан, 2026
«Атырау» футбол клубы алдағы ойындарын Түркістанда өткізеді
Атырауда екі стадион бар. Оның бірі – «Мұнайшы» стадионында күрделі жөндеу жүргізіледі. Ал «Судремонтник» стадионы Премьер-лига ойындарын өткізу талабына сәйкес емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2026
Президент жақында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қояды
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Үш могулшымыз финалға шықты
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңі аяқталды. Іріктеуде үздік ондықтың қатарына енген спортшылар ғана финалға жолдама алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
Магеррам Магеррамов Конституция жобасын референдумға шығаруды ұсынды
Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңызын атап өтті. Оның айтуынша, құжат өңірлерде кеңінен талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Ақпан, 2026
Бақыт Нұрмұханов: Жаңа Конституцияның жобасында өтпелі ережелер нақтыланды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Ата заң жобасына енгізілген қосымша нормалар таныстырылды. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 11 Ақпан, 2026
Ассамблея жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Бүгін Астана қаласындағы Достық үйінде жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шара елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге жастардың белсенді қатысуына мүдделі жастар бірлестіктері мен сараптамалық қауымдастық өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2026
Серік Егізбаев: Жаңа Конституция қоғам сұранысына жауап береді
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамнан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс-пікірлер негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасына қатысты көзқарасын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 11 Ақпан, 2026
Мектептерде смартфонсыз оқу мәдениеті қалыптасып келеді
Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен 2021 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Смартфонсыз мектеп» жобасы елордадағы білім беру кеңістігінде нақты нәтижесі көрсетіп отыр. Бес жыл ішінде жобаға қосылған мектептер саны артты, ең бастысы, сабақ кезінде ұялы телефон қолданбайтын оқушылар қатары көбейе түсті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Ақпан, 2026
«Ауыл аманаты»: Ұлытауда шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі
Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республика бюджетінен 1,2 млрд теңге бөлінді. Қазір өтінім қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
Технология күзетте: Орал полицейлері цифрлы жүйенің көмегімен күдіктіні ұстады
Орал қаласындағы түнгі клубтардың бірінде заманауи цифрлы технологиялардың көмегімен іздеуде жүрген азамат қолға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2026
Жетісу облысында биыл үш бірдей жаңа экопарк құрылады
Жетісу облыстық туризм басқармасының мәліметінше, Мемлекет басшысының ірі мегаполистер мен облыс орталықтарының қала маңы аймақтарында экопарктер құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биыл Талдықорған, Текелі, Сарқан қалаларында 3 экопарк құрылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
Тау-кен металлургия кешені Конституцияны жаңартуды қолдайды
Елдегі Конституциялық реформа және оның әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпалы «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің отырысында кеңінен талқыланды. Сала өкілдері ұсынылып отырған өзгерістерді қолдап, бизнестің ортақ ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Ақпан, 2026
Астанада екінші ауысымның оқушылары да қашықтан оқитын болды
Бүгін елордада қолайсыз ауа райына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушылары да онлайн оқиды. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2026
900 орын және STEAM-зертхана: Рудный қаласында жаңа қазақ мектебі ашылды
Рудный қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 900 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын №8 жалпы білім беретін мектеп есігін ашты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 11 Ақпан, 2026
Чесноков «Хартс» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты
Шотландия чемпионатының 26-туры аясында «Хартс» өз алаңында «Хибернианды» қабылдап, минималды есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 400 жолаушы пойызбен тегін жеткізілді
Ақтөбе − Астрахань тасжолында (Ақтөбе облысы) көлік қозғалысындағы уақытша шектеулерге байланысты «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) жолаушылар пойыздарында қосымша шамамен 400 тегін орын ұйымдастырды. Жедел шаралар ауа райының күрт нашарлауына байланысты азаматтардың көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 11 Ақпан, 2026
Қазақстан арнайы жасағы Дубайда топ жарды: Төртінші кезеңде алтын мен қола қоржынға түсті
Қазақстан арнайы жасақтары Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge сайысындағы жеңісті жолын жалғап келеді. Сайыстағы төрт күннің нәтижесі бойынша ел намысын қорғап жатқан төрт құрамамыз да үздік ондықтың қатарынан табылды, деп жазады Egemen.kz.