е
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Нұр-Сұлтанда астана күніне орай медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар елорданың дамуына үлес қосқан тұрғындар астананың құрметті тұрғыны атағына ие болды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Өскемен мен Семей қалалары да карантинге жабылады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 5 шілдеден бастап облыстағы екі ірі қаланың карантинге жабылатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Саясат • 03 Шілде, 2020
Қазақстан Норвегияны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануымен құттықтады
Министр Мұхтар Тілеуберді Норвегия Сыртқы істер министрі Ине Мари Эриксен Сорейдемен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Шілде, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасыға арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде Ұлттық қорғаныс университетіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты. Президент өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның негізін қалағанын, егемен еліміздің стратегиялық даму жолын айқындап, халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырғанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 03 Шілде, 2020
Қазақстанда 277 пилотсыз ұшатын аппарат есепте тұр
Пилотсыз ұшатын аппараттардың ұшуы мен пайдалану шарттары (бұдан әрі – ҰҰА) «ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі ҚР Заңымен (31, 33 және 45 – баптар) (бұдан әрі – ИПВ туралы заң), сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі-ИПВ туралы қағида) ҚР әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының 5-тарауында айқындалады, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Ақтөбелік азаматтан 19 түп қарасора тәркіленді
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында заңсыз қарасора егілгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 03 Шілде, 2020
Жапония даулы аралдарға байланысты Қытайға наразылық білдірді
Жапония билігі Сенкаку даулы аралдарының (Дяоюйдао − қытайша атауы) ауданындағы аумақтық суларға Қытай кемелерінің басып кіруіне байланысты наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 03 Шілде, 2020
Палдискиде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күнінде Харьюмаа, Ида-Вирумаа, Тартумаа және Ляяне-Вирумаа аумақтары консулдық округімен Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы салтанатты түрде ашылды. Мекеме басшысы ретінде Эстония Парламентінің экс-депутаты, "Talinna Linnatranspordi" АҚ басқарма төрағасы Денис Бородич тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 03 Шілде, 2020
Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин кезінде жұмысын жалғастырады
ХҚО-ның жабылуы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты, қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті. Бұл туралы "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 03 Шілде, 2020
Жамбыл облысында дәрі және дәрігерлер жетіспеушілігі бар
Бұл күнде жамбылдық жұртшылық жедел жәрдем мен медициналық мекемелердің жұмысының нашарлығына жиі шағымданатын болды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды ауруханалардағы төсек-орындар мен дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі де алаңдатып отыр. Осы орайда, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі бас дәрігерлермен, дәріхана желілерінің өкілдерімен және дистрибьюторлармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 03 Шілде, 2020
Коронавирус: Өңірлердегі ахуал қандай?
Өңірлер бойынша КВИ жағдайы туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 03 Шілде, 2020
Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шықты
Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шығып, үйінде ем алып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 03 Шілде, 2020
Еуропалық әйелдер індет салдарынан жұмыссыз отыр
Еуроодақтағы жұмыссыздық соңғы 8 айда рекордтық деңгейге жетті және мамыр айындағы көрсеткішке сәйкес 6,7% құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Алматы облысында зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Алматы облысы, Жаркент қаласының тұрғыны 77 жастағы қарт әйелді үйіне түн ауғанда баса-көктеп кіріп соққыға жыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Шілде, 2020
Солтүстік Кореяда COVID-19 тіркелмеу себебі белгілі болды
КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын елде коронавирусқа қалай жол бермейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 03 Шілде, 2020
Құдайы асқа қатысқанда бірнеше ережені сақтау керек
ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 03 Шілде, 2020
COVID-19: Жерлеу қалай жүріп жатыр?
Ел аумағында індет шеңгеліне ілінбеген елді мекен қалмады. Бүгінде вирустың өкпеге өтуінен пневмониядан көз жұмып жатқандардың саны сағат сайын артып жатқаны анық. Оның үстіне ескі созылмалы ауруларды қозғап, бүйрек, жүрек, қан қысымы т.б. дерттерден бақиға қаншама отандасымыз аттанды. Енді осы қайтыс болған жандарды ақтық сапарға шығарып салу қалай өтуде?
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық артқан
Солтүстік Қазақстан полициясы жасөспірімдер арасындағы қылмыс 30%-ға азайды деп ақпарат бергенімен бұл істе үлкен табыс жоқ. Бар болғаны былтыр осы кезеңде 16 қылмыс фактысы болса, биыл оның саны 11 болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
COVID-19-бен күреске университет пен колледж түлектері жұмылдырылады
Елордада COVID-пен күреске медициналық университет пен колледждің 536 түлегі жұмылдырылады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов медициналық оқу орындарының ректорларымен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады. Мәселен, түлектерді емханалар мен ауруханаларға, стационарлар және жедел жәрдем станцияларына бөледі. Түлектердің бірқатары 3 шілдеден бастап жұмысқа кіріседі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 02 Шілде, 2020
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 02 Шілде, 2020
Ұшақта темекі шеккен әйелге айыппұл салынды
Ұшақта темекі шеккені үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлем • 02 Шілде, 2020
Нигер елінде тұтқында болған он гуманитарлық қызметкер босатылды
24 маусымда Нигер елінің оңтүстік-батысында ұрланған "Сахельге әрекет ету және әсер ету бағдарламасы" үкіметтік емес ұйымының (APIS) он қызметкері босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 02 Шілде, 2020
Әлемдегі ең бай адамның жағдайы рекордтық $172 миллиардқа жетті
Bloomberg рейтингісі бойынша американдық кәсіпкер, Amazon интернет-компаниясының негізін қалаушысы әрі басшысы Джефф Безос қызыл кірістің астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Шілде, 2020
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан және пневмониядан қайтыс болғандар туралы айтты, - деп жазады Egemen.kz,
Қазақстан • 02 Шілде, 2020
Алексей Цой коронавирусқа қарсы күрес бойынша 6 шараны ұсынды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Сovid-19 қарсы күресті күшейту бойынша алты негізгі шараны ұсынды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 02 Шілде, 2020
70 мыңға жуық дәрі-дәрмекті жарты сағаттың ішінде алып кеткен
Медициналық ресурстардың жетіспеушілігі туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп жазады Egemen.kz
Медицина • 02 Шілде, 2020
Коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистика аптасына бір рет хабарланады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: "Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистиканы аптасына бір рет хабарлайтын болады", деп жазады Egemen.kz
Әлем • 02 Шілде, 2020
Нидерландыда жеңіл автокөлік мектеп қабырғасын бұзып кіріп кетті
Нидерландының батысындағы Солтүстік Голландияның мектеп ғимаратында оқушылар кеші өтіп жатқанда, жеңіл автокөлік ғимарат қабырғасын бұзып кіріп кеткен. Бұл туралы РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Коронавирус • 02 Шілде, 2020
Үйде емделіп жатқан науқастарға көшпелі бригада қызмет көрсетеді
Қазақстанда коронавирусты жеңіл және симптомсыз көтеретін адамдарға көшпелі бригадалар ақылы қызмет көрсетеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 02 Шілде, 2020
Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижелі өтуімен құттықтады. Бұл туралы Akorda.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.