Аймақтар • 03 Шілде, 2020

Ақтөбелік азаматтан 19 түп қарасора тәркіленді

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында заңсыз қарасора егілгені анықталды, деп хабарлайды  Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбелік азаматтан 19 түп қарасора тәркіленді

Хромтау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып “Қарасора-2020″ жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 53 жастағы Хромтау ауданының тұрғыны өз үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді (қарасора) заңсыз өсіретіні анықтады. Полиция қызметкерлері үй маңындағы учаскеден 19 түп қарасора тәркіледі. Сараптама тағайындалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. “Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру” ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салайық, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және егу және есірткіні тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полицейлер тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35