Ақ
Ауа райы • 09 Ақпан, 2024
Қарлы боран қашан басылады? Синоптиктер жауап берді
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күн, дәлірек айтқанда 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2024
Ел азаматтары наурыз айында қанша күн демалады?
2024 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі. Ол 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Ақпан, 2024
Париж-2024 жолдамасына таласатын Қазақстан боксшылары белгілі болды
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияда өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
Медицина • 09 Ақпан, 2024
Қазақстанда қайта маска тағу міндетті орындар бекітілді
Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойып, маска тағу міндетті орындарды бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Ақпан, 2024
Құсбегіліктен ел біріншілігі басталды, оған Айшолпан Нұрғайыпқызы қатысады
Құсбегіліктен ересектер арасында Өскемен қаласында 8 ақпанда басталған XVII Қазақстан чемпионаты 12 ақпанға дейін созылмақ, оған ителгі, бүркіт, қаршыға құстары қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 09 Ақпан, 2024
Қазақстанның Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды
Өткен түні Франция астанасы Париж қаласында Ұлттар лигасының 2024-2025 жылғы маусымының жеребесі тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
Ертең Ақтөбе облысы оқушылары онлайн оқиды
Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе облысында барлық мектептер мен колледждер 9 ақпанда онлайн форматта оқиды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Ақпан, 2024
Ертең боран басыла ма? Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 08 Ақпан, 2024
Жақып Асанов Әзербайжан Конституциялық сотының Төрағасымен кездесті
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының үйлестірушісі, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов бастаған байқаушылар Әзербайжан Республикасы Конституциялық сотының Төрағасы Фархад Абдуллаевпен кездесті. Кездесуге қатысушылар сайлау процесінің құқықтық мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 08 Ақпан, 2024
Бірыңғай ұлттық генетикалық банк құру керек – сенатор
Сенат отырысында депутат Жанболат Жөргенбаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, бірыңғай ұлттық генетикалық банк құру мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2024
СҚО-да 1,7 млрд теңгеге заңсыз балабақша салынбақ болған
Прокуратура жүргізген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысындағы күмәнді мемлекеттік сатып алулар тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2024
Ақтөбеде ауа райы күрт нашарлады. Облыстың екі ауданында төтенше жағдай жарияланады
Жедел штабтың кезекті отырысына Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің басшылары, қала әкімі қатысып, 12 ауданның әкімдері онлайн қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Ақпан, 2024
«Су құбыры жарылған». Алматыдағы лай көшкінінің себебі белгілі болды
Бүгін Алматы қаласы, Медеу ауданы Тау-Самалы шағынауданыдағы 2 үйді лай көшкіні басты. Оқиға салдарынан 1 отбасының 4 мүшесі көз жұмды. «Қазселденқорғау» мекемесі техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 08 Ақпан, 2024
Ақмарал Әлназарованың Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды
Жақында ғана Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалған Ақмарал Әлназарованың Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Ақпан, 2024
Шетелдегі қазақ балалары Қазақстанда білім алады – Жанар Байсеміз
Бұл туралы Жанар Байсеміз өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 08 Ақпан, 2024
Қайрат Сатыбалдыұлының ісі: 44,6 млрд теңге мемлекетке қайтарылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу барысында мемлекетке 44,6 млрд теңге қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 08 Ақпан, 2024
Бүгін елімізде ауа райы күрт нашарлайды
Синоптиктер 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2024
Қазақстан-Сингапур арасында инвестицияны көтермелеу туралы келісім ратификацияланды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2024
Қазақстанда дабыл белгісі қосылады
Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына дабылдың қосылуына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Ақпан, 2024
Үкімет Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қайта қарайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2024
Ақтүтек боранда қалып қойғандарға нан 1300 теңгеден сатылған
Ақтөбе облысында ақтүтек боранда қалып қойған көлік жүргізушілері 1300 теңгеге нан сатып алуға мәжбүр болды. Бағасын қымбаттатып пайда таппақ болған алыпсатарларға шағым түсірген тұрғындар ауыл әкімінің келуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Ақпан, 2024
Синоптиктер ескерту жасады: 14 өңірде жел күшейіп, бұрқасын болады
Елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды. Болжамға сәйкес, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Ақпан, 2024
Жалған ақшаны түпнұсқасынан қалай ажыратуға болады?
Өткен жылы Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер 649 100 теңгеге барабар 181 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 179-ы – банкнота, екеуі – монета. Десе де бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 53,7%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 06 Ақпан, 2024
Светлана Жақыпова министрлер кабинетінде қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Ақпан, 2024
Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып қайта тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Ақпан, 2024
Президент жаңа Денсаулық сақтау министрін тағайындады
Бұл қызметке Ақмарал Әлназарова тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 06 Ақпан, 2024
Ақылбек Күрішбаев - 2024 жылдың үздік ректоры
Польша Республикасындағы WallStreetBets (WSB) Академиясы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты «2024 жылдың үздік ректоры» атағымен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz KazNARU баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 06 Ақпан, 2024
Руслан Жақсылықов өз қызметінде қалды
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қайта өз қызметіне тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
«Қоян аулап, қолға түсті»: Браконьерлерге қарсы іс-шара өтіп жатыр
Заңсыз аң аулау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында Абай облысы аумағында полиция қызметкерлері 1 ақпанда бастаған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады, сол орайда браконерьлікпен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 05 Ақпан, 2024
Алматылықтар онлайн рәсімдеген құжаттарын автоХҚО-ға бармай-ақ алады
Биылғы қаңтар айынан бастап алматылық автокөлік иелері онлайн рәсімдеген құжаттарын мамандандырылған ХҚО-ларға бармай-ақ ала алатын болды. Енді Алматы қаласы Жандосов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан Әуезов аудандық ХҚО ғимаратының 2-ші қабатында онлайн форматта рәсімделген дайын құжаттарды беру секторы жұмыс істейді. Мұнда «көлік құралдарын тіркеу» және «жүргізуші куәліктері» бойынша дайын құжаттарды алуға болады.