Ауа райы • 28 Наурыз, 2024

Елдің басым бөлігінде нөсер жауын жауады

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мамандары 29 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсындыі, деп хабарлайды Egemen.kz

Елдің басым бөлігінде нөсер жауын жауады

фото: astanatv.kz

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райы Ақтөбенің үстінде орналасқан ауқымды циклонмен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелермен анықталады, сондықтан Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы әлі де сақталып, жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады, солтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда нөсер жауын жауады.

«Республика бойынша тұман күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста аздаған бұрқасын, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болады», делінген хабарламада.