Ар
Аймақтар • 01 Сәуір, 2025
Шымкенттің қоғамдық орындарында дабыл түймелері орнатылды
Аталған қаланың халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарында дабыл түймелер жүйесі орнатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2025
Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды
Қарағанды қаласында жеңіл автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағына шығып, екі адамды қағып кеткен. Салдарынан бір әйел оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2025
Су қоймасынан заңсыз балық аулау торлары табылған
Балық шаруашылығы комитеті Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының үйлестіруімен Қапшағай су қоймасында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясын бастады, акция маусым айына дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 31 Наурыз, 2025
Павлодар облысында өртенген үйден әжесі мен немерлері құтқарылды
Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 1954 жылғы әжей мен оның екі немересін аман алып шықты. Тағы бір бала ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 31 Наурыз, 2025
Суретшілер байқауының жеңімпаздары анықталды
Бейбітшілік және келісім сарайында, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 31 Наурыз, 2025
Disney студиясының «Ақшақар» фильмі қазақ тілінде көрсетілді
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады. Наурыздағы мереке күндері Алматыда Disney студиясының «Ақшақар» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 31 Наурыз, 2025
Қазақстанда банктер шариғат шарттарына сай қарыз бере бастайды
Қазақстанда Ислам қаржыландыру жүйесін дамытуға бағытталған жаңа заң жобасы дайындалып жатыр. Елдегі банктер "Ислам терезелері" атты жаңа жүйемен жұмыс істей бастауы мүмкін. Бұл туралы сенатта қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Наурыз, 2025
Президент Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 31 Наурыз, 2025
Павлодарда медициналық нысандар салуға 228 млн теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елімізге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Павлодар облысында медициналық нысандар салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 31 Наурыз, 2025
Екі ел Президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Мемлекет басшысы өзінің шақыруын қабыл алып, Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Наташа Пирц-Мусарға ризашылығын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Наурыз, 2025
Президент Наташа Пирц-Мусармен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның сапары Қазақстан-Словения серіктестігін тереңдетуге септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 31 Наурыз, 2025
Ақордада Словения Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бизнес • 31 Наурыз, 2025
Кәсіпкерлерге арналған «Парыз-2025» байқауы басталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған байқау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 31 Наурыз, 2025
Елімізде алғаш рет «педагог-профориентатор» лауазымы енгізілді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Наурыз, 2025
Министрлік еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы баяндады
Су ресурстары және ирригация министрлігі көктемгі су тасқынына байланысты алдын алу шараларын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2025
Сирек құбылыс: Жер бетінде Күн тұтылды
29 наурызда Еуропа, батыс Африка, солтүстік Азия мен Солтүстік Американың шығыс бөлігінің тұрғындары сирек кездесетін астрономиялық құбылыс – жартылай күн тұтылуының куәсі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Наурыз, 2025
Бас редакторлар клубы мүшелері «ÓzgeEpic» креатив хабының жұмысымен танысты
«Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері хабты аралап, оның мүмкіндіктері мен ұсынатын қызметтері жайлы мол мағлұмат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Наурыз, 2025
Ведомстволық наградаларды біріздендіру мәселесі талқыланды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті геральдикалық жұмыс басқармасы мен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 29 Наурыз, 2025
Павлодарда экс-полицейлер қылмыстық топ құрған
Павлодар облысында құқық қорғау облысының бұрынғы қызметкерлері мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен құралған қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Наурыз, 2025
2025 жылдың алғашқы әлем чемпиондары анықталды
4 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль – мектеп оқушылары арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанның жас шахматшылары осындай жүлдеге қол жеткізді. Абдул-Мәлік Қайрат, Алиша Бисалиева, Әлімжан Жауынбай және Артём Богданов Сербияда өткен жарыста чемпион атанды.
Туризм • 29 Наурыз, 2025
Қатонқарағай ауданында жаңа әуежай құрылысы басталды
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілуде.
Мәдениет • 28 Наурыз, 2025
Астанада дипломатиялық корпусқа арналған «Наурыз балы» өтті
Бұл имидждік жоба екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Қостанай облысында 8 ауыл алкогольді ішімдіктен бас тартты
Өңірде өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени қоғам» жобасы аясында былтыр Милісай, Сарысу, Әбдіғапар, Крамск, Отынағаш, Көктал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартып еді. Биыл алкогольсіз ауылдардың қатарына Ұзынкөл ауданындағы Абай, Оқатқан қосылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Наурыз, 2025
Үкімет Қостанайға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Аталған қаржы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында «Қостанай» индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмсалады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қабылдады
Мемлекет басшысына Алматының биылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары және қаланы өркендетудің перспективасы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Астананың 7 жастағы тұрғыны әлем чемпионы атанды
Астаналық 7 жасар шахматшы Қайрат Абдул-Мәлік әлем чемпионатында 7 жасқа дейінгілер санатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Наурыз, 2025
Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар жол апатынан қаза тапты
Қайғылы оқиға Кёнгидо провинциясындағы Хвасон ауданы маңында, түнгі сағат 00:30 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Korea JoongAng Daily басылымына сілтеме жасап.
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Конькиші бейресми рекорд орнатты
Астанада конькимен жүгіруден VI Қысқы Спартакиада өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Иордания астанасында әйелдер күресінен Азия чемпионатының 2-күні өтіп жатыр. Бүгін бозкілемге шыққан 2 бұрымды балуан жарыс жолын сәтті бастағанмен ширек финалда сүрінді. Бұл туралы ТСМ Спортты дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Наурыз, 2025
Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар ұйымдастырып, 2024 жылғы президенттік сайлауда өзін қолдаған «жүздеген мың америкалыққа» алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.