и
«Таза Қазақстан» • 25 Мамыр, 2026
Жауапкершілік мәдениетінің бүгінгі белесі
Тазалыққа ұмтылған елдің тіршілігі жаңарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен осы елдік мақсатта қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық жобасы көшені сыпырумен ғана шектелетін науқан емес, қоғамның ішкі мәдениетін, табиғатқа, туған жерге, ортақ құндылықтарға деген көзқарасын өзгертетін азаматтық қозғалыс. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» тақырыбы – экологиялық ақпараттық науқан емес, қоғамдық мінез-құлық, салиқалы сана қалыптастырудың тиімді тетігі.
Қоғам • 25 Мамыр, 2026
Бір айдан соң мектеп бітіру кеші өтеді: Қымбат кеш − мәртебе ме, ысырап па?
Қазір мектеп бітіру арзан болмай тұр. Бітіруші түлектің киер киімінен бастап, баратын мейрамханасына дейін қымбат. Салтанатты кештің аста төк дастарқанына жайғасу үшін әр адам 45-60 мың теңге аралығында төлеуі қажет. Сонда бір отбасы мейрамхананың өзіне 135-180 мың теңге шығаруы керек. Баласын қатардан қалдырғысы келмегендер қолындағы барын беріп, жетпегенін несиемен жамап жатыр. Жалпы биыл мектеп бітірушілер қанша қаржы жұмсап жатқандығы жөнінде Egemen.kz тілшісі анықтап көрді.
Заң • 25 Мамыр, 2026
Бір келі есірткі жұтқан: Қазақстанға апиын өткізбек болған шетелдік ұсталды
Биыл сәуір айынан бастап есірткі жеткізудің 9 халықаралық және 2 өңірлік арнасы жойылды, сондай-ақ бір фитозертхананың қызметі залалсыздандырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 25 Мамыр, 2026
Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын жаңа зауыт салынады
Қазақстанда отандық фармацевтика өндірісін дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі жүзеге асады. Үкімет Алматы облысында құны 32,5 млрд теңге болатын биофармацевтикалық зауыт салу жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Мамыр, 2026
Филиппинде көпқабатты ғимарат опырылды: Қаза тапқандар саны 3-ке жетті
Филиппинде салынып жатқан көпқабатты ғимараттың құлауы салдарынан 3 адам қаза тапты. Құтқарушылар үйінді астынан тағы 2 адамды алып шыққан. Ал 17 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Мамыр, 2026
Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасанды интеллект • 25 Мамыр, 2026
Америкалық компания ЖИ көмегімен ұшақтарға арналған қозғалтқыш жасап шығарды
Америкалық GE Aerospace компаниясы жасанды интеллект арқылы гипердыбысты қозғалтқышты жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 25 Мамыр, 2026
Елордада жаңа оқу жылында қанша мектеп салынады?
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында мектептер салу және балаларға жайлы білім беру ортасын қалыптастыру тұрғысында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Мамыр, 2026
«15-тен аса соққы жасаған»: Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары ұрған
Елордада сөйлеу және психикалық дамуы тежелген мектеп оқушысын қатарластары ұрып-соққан. Бұл туралы оның анасы әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Мамыр, 2026
Трамп Иран келісіміне қатысты асығыс шешім қабылдамауға шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісім жасау мәселесінде асығыстыққа жол бермеу қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Мамыр, 2026
Мажарстанның жаңа Премьер-министрі Петер Мадьяр мемлекеттік сектордағы шығындарды қысқарту туралы мәлімдеме жасады. RTL Hungary телеарнасына берген сұхбатында ол өз жалақысын екі есеге дейін қысқартатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 25 Мамыр, 2026
Тарихқа құрметпен қарап, өскелең ұрпаққа тағылым дарыту – кез келген азаматтың қастерлі парызы. Бұл ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, елдің өнегелі өткені мен бүгінін жалғайтын рухани құбылыс. Тарихқа тағзым етіп, талайғы дәуірдің қазынасын жиып жүргендердің бірі – Ғалымбек Жәпек. Бүгінде «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы болып қызмет ететін маманның жеке кітапханасында жүзге тарта ескі кітаптар мен көне қолжазбалар жинақталған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Мамыр, 2026
Балаңыз байқамай қылмыскер атануы мүмкін: Министрлік ата-аналарға шұғыл үндеу жасады
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды үшінші тұлғаларға беру фактілері туралы мәлімдеді. Алаяқтар жасөспірімдерден sim-карталар мен аккаунттарды алып, оларды өз мақсаттарына пайдаланып жатыр. Полиция мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 25 Мамыр, 2026
Егістікке арналған жанармай енді арнайы түспен белгіленеді
Энергетика министрлігі көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 24 Мамыр, 2026
Каспий теңізінің жағасынан тағы да итбалық өлекселері табылды
Ақтауда Каспий теңізінің жағасында итбалықтардың өлекселері тағы да табылды. Мамандар су сынамаларын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысының Экология департаментіне сілтеме жасай отырып.
Спорт • 24 Мамыр, 2026
Challenge Cup: Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі турнирде топ жарды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Эвелина Ежова Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Мамыр, 2026
Жас теннисші Айым Қанағатова Албаниядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Айым Қанағатова Албания астанасы Тиранада өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30 Tirana) халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Мамыр, 2026
Филиппин астанасында мыңнан астам ғимарат өртенді
Филиппин астанасы Маниланың халқы тығыз қоныстанған кедей аудандарының бірінде өрт шықты. Жүздеген отбасы үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 24 Мамыр, 2026
Парижде Еуропа қазақтары бас қосты
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Еуропа елдерінде тұратын отандастардың басқосуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Мамыр, 2026
Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында командалық көпсайыста күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Мамыр, 2026
Еуро-2026: Қазақстан құрамасы соккадан финалға шықты
Қазақстан құрамасы Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан соккадан Еуропа чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Мамыр, 2026
«Қазгидромет»: Маусым айында 12 өңірде құрғақшылық болады
Синоптиктер биыл маусым айында 12 өңірде құрғақшылық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Мамыр, 2026
Зардап шеккендер бар: Түркияда жолаушылар автобусы аударылып қалды
Түркияның Чанаккале провинциясында жолаушылар автобусы аударылып, 46 адам зардап шекті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Мамыр, 2026
Филиппинде ғимарат қирап, ондаған адам үйінді астында қалды
Филиппиннің солтүстігіндегі Пампанга провинциясына қарасты Анхелес қаласында опырылып құлаған ғимарат үйінділерінің астында шамамен 30-40 жұмысшы қалып қоюы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Мамыр, 2026
Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр
Оксфорд университетінің ғалымдары Эболаға қарсы жаңа вакцина әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Денсаулық • 24 Мамыр, 2026
Еліміздегі наркологиялық орталықтарға тексеру жүргізіледі
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде жекелеген наркологиялық орталықтардың тарапынан жіберілетін заңбұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 24 Мамыр, 2026
Александр Усик қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпиондық атағын қорғап қалды
Кәсіпқой бокстан WBA, WBC және IBF ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик атақты голландиялық кикбоксшы Рико Верхувенмен кездесіп, 11-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 24 Мамыр, 2026
Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль иеленді
Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 23 Мамыр, 2026
Тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим әлемдік WIBA Awards сыйлығына ие болды
Дастан Мұхамедрахим Францияның Канн қаласында өткен WIBA Travel Awards марапаттау рәсімінде «Үздік саяхатшы-блогер 2026» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы блогер өзінің жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 23 Мамыр, 2026
Қазақстандағы лудомания мен ойын бизнесі: Отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері таныстырылды
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Лудомания: әлеуметтік сын-қатерлер, қарсы іс-қимыл стратегиялары және құмар ойындарды мемлекеттік реттеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz