Фото: Report
Мәліметке сәйкес, Анкара – Чанаккале бағытымен келе жатқан автобустың жүргізушісі Бига ауданына кіреберісте көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Соның салдарынан автобус аударылып кеткен.
Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері тартылып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш жігіт көз жұмғаны туралы жаздық.