ЕНТ
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Президент: Еліміз дінаралық диалогты нығайтуға айрықша назар аударады
Ашхабад форумында Президент VIIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі аясында көтерілген «Бейбітшілік қозғалысы» бастамасының маңызына тоқталып, бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, бітімге келу жолын іздеуге үндеу екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы: Таяу Шығыстағы жағдай бойынша келісімге қол қойылуын құптаймыз
Ашхабад форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімі аталған аймақтағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу ниетінен туындап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Тоқаев: Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзді қолдайды
Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтіп жатқан форумда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Президент БҰҰ-ны реформалаудың маңызына назар аударды
Ашхабад форумындағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Ашхабадтың Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын жариялау туралы бастамасы ерекше мәнге ие болғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабад форумына қатысты
Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Президент: Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет
Ашхабадта өткен форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығы осы бағыттағы ынтымақтастықты үйлестіретін маңызды платформаға айналғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабад қаласындағы Конгресс орталыққа барды
Мемлекет басшысы Ашхабадтағы халықараралық форумға қатысу үшін Конгресс орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов және бауырлас түрікмен халқын айтулы дата –Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент • 11 Желтоқсан, 2025
Шымкент әкімдігі жаңажылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсайды
Шымкент қаласының әкімдігі шаһарды жаңажылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Иран Президенті Жүрек орталығына барды
Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Иран Ислам Республикасының Президенті, доктор Масуд Пезешкиан «Астана» медициналық орталығы» КЕАҚ-на қарасты University Medical Center (UMC) Жүрек орталығына барды. Мәртебелі мейманға орталық жұмысын Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы: Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолы ерекше рөл атқарады
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Иран бизнес форумында айтты. Президенттің айтуынша, аталған темір жол арқылы жүк тасымалдау көлемі 2030 жылға қарай екі есеге дейін артуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Соңғы 20 жылда Иран Қазақстанға 226 млн доллардан астам инвестиция салды
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-иран қарым-қатынасын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Президент Масуд Пезешкианға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы мен Иран Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Шымкент қандастар үшін жаңа өзгеріс жасады
Жақында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығымен біріктіріліп, қайта құрылды. Бұл өзгерістер елге көшіп келген қандастарды Қазақстан қоғамына бейімдеу үшін жасалынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
«Шымкент сазы» республикалық ән байқауы өтіп жатыр
Үшінші мегаполисте қазақ эстрадасына жаңа есімдерді танытуды мақсат еткен ән байқауы басталды. Байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 63 үміткер бақ сынауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Астанада жеке сот орындаушы алимент төлемеген әкеден 196 млн теңге өндіріп алды
Астаналық жеке сот орындаушы Мейрам Әбдіков 10 жыл бойына алимент төлемеген азаматтан 196 млн теңгеден астам қаржыны қайтарып, рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Президенттің Qazaq Tili Endowment қорына салған үлесі 100 есе өсті
Бүгін Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жылдық қорытынды құрылтайы өтті. Оған Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, Парламент депутаттары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайшылары және Орталық кеңес мүшелері, қор демеушілері, өңірлік филиал төрағалары мен делегаттар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 10 Желтоқсан, 2025
Шымкент жастар театры Алжирде Гран-при жеңіп алды
Алжирде өткен «The International Cultural Festival of Desert Theatre» халықаралық театр фестивалінде Қазақстан атынан барған Шымкент жастар театры Бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 09 Желтоқсан, 2025
Жемқорлықтың алдын алуда тәлімгерлік институтының маңызы ерекше - Дархан Жазықбай
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлері кеңесінің конференциясы өтті. Оған сала ардагері, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғамдық бірлестіктер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Желтоқсан, 2025
Президент алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заңды мақұлдады
Ақорда Президенттің алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заңға қол қойғанын хабарлады.
Президент • 06 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның басшысы телефон арқылы тілдесті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президент • 06 Желтоқсан, 2025
Президент Финляндия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Финляндия Президентін құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Волонтер • 05 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Барша елдің еріктілерін БҰҰ бастамаларына қосылуға шақырамыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына үндеу жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Президент «Бал Текстиль» компаниясының өнімдерімен танысты
«Бал Текстиль» компаниясының директоры, шымкенттік кәсіпкер Талғат Ысқақов өзінің Facebook парақшасында бүгін Астанада «Алтын сапа» сыйлығы аясында өткен көрмеге қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен жүздескенін жазды. Президент шымкенттік «Бал Текстиль» компаниясының көрмесін аралап, өнімдерімен танысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Шымкентте үй тазалаушыны өлтірген жас балаға сот үкімі шықты
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірді, өлген адамның мәйітін қорлады, бөтеннің мүлкін ұрлады деген айыптармен кәмелет жасқа толмаған А.-ға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Президент: Сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз, бұған жол беруге болмайды
Бүгін «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтары лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шарадағы сөйлеген сөзінде Президент Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұрғанын атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Биыл ЕgovBusiness қосымшасы арқылы 4,6 миллионнан астам қызмет көрсетілген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі кәсіпкерлерді қолдау үшін ыңғайлы цифрлық экожүйе қалыптастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект технологиясын тиімді қолданған жөн
Бұл туралы Мемлекет басшысы «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтары лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.