тоқаев
Президент • Бүгін, 11:50
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Наурыз, 2026
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада Қазақстан Президентіне сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Наурыз, 2026
Жеті жылда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Соңғы жеті жылда Қазақстанда ауқымды реформалар жүзеге асып, экономиканың құрылымы мен өсім сапасы айтарлықтай өзгерді. Үкімет дерегіне сәйкес, жаһандық тұрақсыздық жағдайында ел ұзақмерзімді орнықтылықты нығайтуға бағытталған жүйелі саясатты ұстанып келеді. Премьер-министр Олжас Бектенов «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында көптеген сын-қатерге жауап ретінде ең алдымен мемлекеттің ұзақмерзімді орнықтылығын күшейтуге басымдық берілгенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Наурыз, 2026
2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан энергия тапшы елдер қатарынан шығады
Премьер-министр Олжас Бектенов «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында Мемлекет басшысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін сауықтыру бағытында қабылдаған батыл шешімдері туралы егжей-тегжейлі баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 03 Наурыз, 2026
Президент реформалары: Білім мен ғылымды қаржыландыру бес еседен астам өсті
Премьер-министр Олжас Бектенов ел газетіне жариялаған «Жасампаздыққа жетелеген жыл» атты мақаласында білім мен ғылымға салынған инвестициялар туралы сөз еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Наурыз, 2026
Жеті жылда Қазақстанда 1,3 мыңнан астам жаңа мектеп салынды
Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Премьер-министр Олжас Бектеновтың «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласы жарияланды. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері туралы жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Маңғыстауды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне нүкте қойды
Маңғыстау облысында соңғы жылдары Президент тапсырмасымен ұзақ уақыттан бері қордаланған инфрақұрылым мәселелері шешілді. Олар Кеңес заманынан бері күн тәртібінен түспей келген еді. Бүгінде өңір қарыштап дамып, әр салада ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы осы және Ата заңның жаңа нормалары туралы облыс тұрғындарымен сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Азия даму банкі президенті Масато Канданы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Масато Кандаға ілтипат көрсетіп, АДБ жетекшісі лауазымына кіріскеніне бір жыл болғанымен және банктің алдағы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Сербия арасында 10 меморандумға қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Президенті Александр Вучич шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер нәтижесінде Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 26 Ақпан, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америкаи Құрама Штаттарына ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады. Сапар аясында өткен жоғары деңгейдегі кездесулер, американдық корпорациялармен келіссөздер және стратегиялық бастамалар еліміздің жаһандық экономикадағы орнын күшейтуге бағытталған. Бұл сапар Қазақстанның басты мақсаты – экономиканы ресурстық тәуелділіктен арылтып, жоғары қосылған құнды өндірістерді дамыту, өңдеу өнеркәсібін кеңейту және шетелдік капиталмен ұзақмерзімді серіктестік орнату екенін айқын көрсетті.
Спорт • 25 Ақпан, 2026
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионның бапкері, әйгілі спортшы, 1994 жылғы Олимпиада жеңімпазы, әлем чемпионы Алексей Урмановқа ыстық ықыласын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2026
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы: Қазақстан Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын
Президент Бейбітшілік кеңесінің отырысында еліміз Газа секторындағы ахуалды тұрақтандырып, аймақты қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2026
Америкалық The National Interest журналында Мемлекет басшысының мақаласы жарияланды
АҚШ-қа сапары аясында америкалық The National Interest журналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2026
Президент Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Ақпан, 2026
«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның 2025 жылы атқарған жұмысы мен биылғы міндеттері жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2026
Президент жақында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қояды
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 10 Ақпан, 2026
Тоқаев: Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенін қолдау шаралары қордаланған мәселелерді шешу үшін емес, тек осы саладағы жалпы өнімді арттыру үшін қабылданып жатыр деуге болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Ақпан, 2026
Сақтандыру және қор нарығын дамытудың бағдарламасы әзірленеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаржы жүйесін ұзақ мерзімді капитал көздері арқылы нығайтудың маңызын атап, сақтандыру және құнды қағаздар нарығын дамытуды стратегиялық міндет ретінде белгіледі. Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік тәжірибеде банктермен қатар дәл осы салалар экономиканың тұрақты өсуіне қызмет етеді, деп жазады Egemen.kz,
Президент • 10 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жедел даму жолына түскен Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Президент: Жаңа әрі сапалы инвестиция тартуға арналған біртұтас стратегия қажет
Елімізде 2022 жылдан бері жинақталған тікелей инвестиция көлемі 84 млрд доллардан асқан. Негізгі капиталға салынған инвестиция шамамен 50%-ға артты. Бірақ былтыр елімізге тартылған тікелей инвестицияның көлемі өссе де, оның қарқыны әлі де баяу болып тұр. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде медицина саласындағы бюджет қаржысын жымқыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Тоқаев: Дүние жүзіндегі экономикалық ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қорытынды сөз сөйлеп, қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.