кен
Қоғам • Бүгін, 09:56
Щучинсктегі өрт: Ауруханада ауыр халде жатқан тағы 2 адам қайтыс болды
Ақмола облысы Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстан көз жұмғандар саны артты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, ауыр халде жатқан 2 науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 07 Наурыз, 2026
«Ордабасы» және «Ертіс» матчы алдында жаңа Конституцияны қолдауға арналған іс-шара өтті
Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры қарсаңында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға мыңдаған жанкүйер жиналып, үлкен спорттық мерекенің куәсі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 06 Наурыз, 2026
Шымкентте заңсыз еңбекке тартылған 20 шетелдік азамат ұсталды
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері заңсыз миграция арналарының жолын кесу және адам саудасының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 05 Наурыз, 2026
Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Маңғыстау даласында балжегіш аю байқалды. Бұл Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жыртқыш аң, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Шымкенттегі 4 адамның өлімі: Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады
Шымкент қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде төрт адамның қаза табуына газ жабдықтарын орнату кезіндегі өрескел заңсыздықтар себеп болуы мүмкін. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2026
Шымкентте көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды
Шымкент қаласы «Студенческий городок» шағын ауданындағы бір подъезде төрт адамның мәйіті табылды. Қалалық полиция қайғылы оқиғаға газ иісінен улану себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2026
АҚШ пен Эквадор әскері есірткі топтарына қарсы біріккен операцияны бастады
3 наурыз күні Эквадор мен АҚШ әскери күштері Эквадор аумағында террористік ұйымдар деп танылған есірткі топтарына қарсы бірлескен операцияларды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2026
Семейдегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Семей қаласында 3 наурыз күні кешкі уақытта балалар ойын-сауық орталығында тұтанған өрт 3 100 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Наурыз, 2026
Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болды
Зілтемірші, ауыр атлетикадан «Рио» Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Куәлікті Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады
Қазақстанда зорлық-зомбылықтан жапа шеккен балаларға кешенді көмек көрсететін мамандандырылған кабинеттер жұмыс істей бастайды. Жаңа тетік кәмелетке толмағандарға «бір терезе» қағидаты бойынша жан-жақты қолдау ұсынуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Наурыз, 2026
Grand Slam: Ташкенттегі турнирде дзюдошыларымыз қалай өнер көрсетті?
Өзбекстанның астанасы – Ташкентте дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан атынан төрт дзюдошы татамиге шықты. Бірақ олардың барлығы алғашқы айналымдардан аса алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласында сабақ барысында 7 жастағы оқушы қызға қатысты әдепсіз әрекеттер жасалған. Аталған дерекке байланысты мектеп мұғалімі ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Шымкентте алаяқтар студенттерді TikTok арқылы тұзаққа түсірген
Шымкентте сабақ үлгерімін жақсартқысы келген студенттер алаяқтарға алданып қалған. Екі күдікті 2025 жылдың қазан айынан бастап TikTok әлеуметтік желісі арқылы студенттердің парақшаларын тауып, арнайы боттардың көмегімен олардың ұялы телефон нөмірі мен жеке мәліметтерін жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2026
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Шымкент қаласында Digital Qazaqstan 2026 форумы аясында өңірдегі ең ірі IT іс-шаралардың бірі – Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық спорттық бағдарламалау чемпионаты өтеді. Бұл дода Орталық Азияның дарынды бағдарламашыларын бір алаңға жинайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады
Шымкентте «Polpharma Santo» сауда белгісімен дәрі-дәрмек шығаратын «Химфарм» АҚ-ның өндірістік ауқымы кеңейтілмек. Тиісті инвестициялық келісім Қазақстан Үкіметі тарапынан мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді
Шымкентте республикалық «Көктем-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп, көктемгі су тасқынының алдын алу, салдарын жою, сондай-ақ құтқару мен шұғыл әрекет ету жұмыстары пысықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 25 Ақпан, 2026
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Қызылорда облысы прокуратурасында облыс прокурорының тұрақты жеке қабылдауы өткізіліп келеді. Осындай кездесулердің бірінде Сабалақ саяжайының тұрғындары елді мекенге табиғи газ тарту мәселесін көтерген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Атырау облыстық перинаталдық орталығында Мақат ауданының 29 жастағы тұрғыны үшем босанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені нақты бекітілген. ERG Көмір дивизионы кеншілері үшін бұл қарапайым әрі түсінікті қағидалар: еңбек қауіпсіздігі – формалды іс емес, мызғымас міндет. Жұмысшы құқығын қорғау – өтініш емес, заң, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 23 Ақпан, 2026
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Үкімет фармацевтика саласындағы ірі жобалардың біріне қолдау көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында халықты қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамту және отандық өндірістің үлесін арттыруға бағытталған инвестициялық келісім бекітілді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2026
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
22 ақпанда Шымкент қаласындағы Дендросаябақ аумағында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдардағы орнықты дамуының іргетасы. Еңбек адамының еңбегі – мемлекеттің негізі, ал еңбекқорлық елдің басты құндылықтарының біріне айналуы керек. Бұл құндылық ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі» АҚ ұжымына етене жақын. Кәсіпорын қызметкерлері ел азаматтары мұндай маңызды шешімнен шет қалмай, референдумға келіп, өз таңдауларын жасайтынына сенімді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2026
Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті
Желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы Қонаев қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылданды. Бұған дейін нысан «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның теңгерімінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 17 Ақпан, 2026
Әйгілі Sega компаниясына жетекшілік еткен Хидэки Сато өмірден өтті
Жапониялық инженер, Sega компаниясының әйгілі ойын приставкаларын жасауға жетекшілік еткен Хидэки Сато 2025 жылғы 13 ақпанда 77 жасында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Ақпан, 2026
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы «Базарқақпа» тұрғын алабында жеңіл автокөліктің шкафты газ реттегіш пунктіне соғылуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Шымкентте тасқын қаупі сейілді ме?
Шымкентте жауын-шашын салдарынан Бадам өзені арнасынан асып, жанындағы елді мекендерді су шайып кетуі мүмкін деген қауіп тұрғындардың үрейін туғызды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар жұртты сабырға шақырып, өзен жағасындағы үйлер үшін қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша бүгінгі таңда жағдай тұрақты және алаңдауға ешқандай негіз жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Шымкентте креативті индустриядан түскен салық көлемі 500 млн теңгеге артты
Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында креативті индустрия мен туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Креативті индустрия қауымдастығының төрайымы Жанна Елтанова бұл сала тек шығармашылық қана емес, экономика үшін де жаңа мүмкіндіктер алаңы екенін жеткізді. Осыған байланысты кәсіпкерлерді креативті индустрия бағытында күш біріктіруге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды
Жетісу облысына қарасты Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше кешкілік уақытта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Шымкентте «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалиция құрылды. Коалицияның негізгі міндеті – референдумға шығарылған өзгерістерді тұрғындарға кеңінен түсіндіру, ашық әрі мазмұнды қоғамдық диалогты қамтамасыз ету және азаматтардың науқанға саналы түрде қатысуына жағдай жасау, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды
Қызылорда қаласында бойжеткенді аңдып, мазалаған азамат қамауға алынды. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, оны өгей әкесі аңдыған, деп хабарлайды Egemen.kz.