ел
Қоғам • Кеше
Өткен жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелген: Астана көш бастап тұр
2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, жалпы некелесу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69 болды. Қалалық жерде некелердің 68,1%-ы (78,9 мың) тіркелсе, ауылдық жерде қиылған некенің көрсеткіші 31,9%-ды (37 мың) құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • Кеше
Елімізде жол құрылысына бөлінген бюджет талан-таражға түскен
Елдегі жол құрылысына бөлінген қомақты қаржының тиімді игерілмегені белгілі болды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, жүздеген миллиард теңгеге қатысты күмәнді деректер анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Референдумды бақылау: «Ел дауысы» қоры алдын ала қорытындыларын жариялады
«Ел дауысы» қоғамдық қоры жаңа Конституция жобасына қатысты өткен референдумды бақылау нәтижелерін жариялаған баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 16 Наурыз, 2026
Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтинг тізімін жариялады. Рейтингте отандасымыз Елена Рыбакина екінші орынға көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Шетелдегі барлық референдум комиссиясы жұмысты аяқтады
Сыртқы істер министрлігі шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы жұмысты аяқтағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум: Шетелдерде 3248 адам өз таңдауын жасады
Бүгін сағат 14:00-дегі жағдай бойынша шетелдерде 3248 адам референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақтаулық белсенді жас алғаш рет дауыс берді
Бүгін, 15 наурыз күні Ақтау қаласында өтіп жатқан республикалық референдумға Yessenov университетінің 1-курс студенті, болашақ заңгер Бекзат Қадірбай қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Туған күнінде дауыс беріп, сыйлық алды
Батыс Қазақстан облысында бүгін 489 учаске толық көлемде жұмыс істеп жатыр. Оның 136-сы Орал қаласында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Маңғыстауда бір әулеттің келіндері референдумға қатысты
Референдумға Мұнайлы ауданының тұрғындары белсенді қатысып, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады. Саяси науқаннан шет қалмай, өз дауыстарын бергендердің қатарында «Абысын ажын-2025» республикалық байқауының жеңімпазы атанған мұнайлылық Айым ата әулетінің келіндері де бар, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтты
Бүгін таңертең алматылықтар қаланың Қазақстанның мәдени астанасы екендігін тағы бір мәрте көрсетті. Референдум күні Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла шағын ауданындағы №562 сайлау учаскесінде тұрғындарды ерекше қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Павлодар өңірінің халқы 520 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр
Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, өңірде шамамен 500 мың адам дауыс беру құқығына ие. Сағат 7.00-де барлығы 520 референдум учаскесі есігін ашып, тұрғындар таңдау жасауға ағыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум: 14 мыңнан астам адам шетелде дауыс береді
Шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің хабарламасы Орталық сайлау комисссиясының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Наурыз, 2026
Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Астанада шақыртуға келген медицина қызметкерін ұрған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Таразда жас балуандар арасындағы ел чемпионаты басталды
Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биылғы чемпионатқа елдің түкпір-түкпірінен мыңнан астам жас балуан қатысып отыр. Бұл доданың маңызы ерекше – жеңімпаздар алдағы Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын негізгі үміткерлер қатарына қосылады, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 12 Наурыз, 2026
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына өтті
Отандасымыз, теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Indian Wells Open 2026 турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 12 Наурыз, 2026
Каспий теңізі арқылы электр желісі тартылады
Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан жаңа «жасыл» энергетикалық дәліз құруға бағытталған стратегиялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Наурыз, 2026
Қазақстанда бизнеспен айналысатын әйелдерге кімдер көмектеседі?
Әйелдер әлем халқының 51%-дан астамын құрайды, ал олардың жұмыспен қамтылуы мен кәсіпкерлігі халықаралық ұйымдар тарапынан экономикалық тұрақтылық пен өсудің басты факторы ретінде қарастырылады. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, еңбек нарығы мен бизнесте гендерлік алшақтықты жою дүниежүзілік ІЖӨ-ні 20%-дан астам арттыруға мүмкіндік береді, өйткені экономика толық пайдаланылмаған адам капиталын тартып, жалпы өнімділікті арттырады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Өз елінің әнұранын орындамай қойған Иран әйелдер құрамасы мүшелерінің тағдыры не болды?
Аустралияда әйелдер арасындағы Азия кубогіне қатысып жатқан Иран ұлттық құрамасының құрамындағы бір ойыншы елден баспана алу ұсынысын қабылдамай, туған еліне қайтып баруға шешім қабылдады. Бұл туралы Аустралияның Ішкі істер министрі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 11 Наурыз, 2026
Еліміздің қай өңірінде бензин мен дизель арзан?
Жанармай бағасы кейінгі бір жылда айтарлықтай өзгерді. Әсіресе бензин мен дизель құнының өсуі 2025 жылдың екінші жартысынан бастап күшейе бастаған. Дегенмен өңірлер бойынша баға бірдей емес. Кей аймақтарда жанармай айтарлықтай қымбат болса, кей өңірлерде арзандау, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Наурыз, 2026
Елімізде 200 мың педагог ChatGPT Edu-ді пайдаланатын болады
Енді мұғалімдердің жұмысына жасанды интеллект көмектесе бастайды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде шамамен 200 мың педагог ChatGPT Edu құралын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бұл жүйе сабақ дайындау, тапсырма құрастыру және оқу материалдарын әзірлеу кезінде мұғалімдерге көмек көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 10 Наурыз, 2026
Путин АҚШ-тың Ирандағы операциясына таңданыс білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп 9 наурызда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Иранға қарсы әскери операцияны талқылағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Наурыз, 2026
Президент әйелдер қауымын мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шараға қатысушыларды көктемнің шырайлы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 06 Наурыз, 2026
Ғалым әйелдер академик Нәйлә Базанова атындағы құрмет белгісімен марапатталды
Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күніне орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен ғалым әйелдерге арналған академик Нәйлә Базанова атындағы марапат табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық • 06 Наурыз, 2026
Қазақстанда қанша әйел тұрады?
Ұлттық статистика бюросы еліміздегі ерлер мен әйелдер санына қатысты жаңартылған мәліметтерді ұсынды. Мәліметтерге сүйенсек, елімізде 10 488 074 әйел бар, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада • 06 Наурыз, 2026
Бүгін қысқы Паралимпиада ойындары басталады
2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары Италияда өтеді. Бүгін басталатын байрақты бәсеке 16 наурызда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 06 Наурыз, 2026
Шымкентте заңсыз еңбекке тартылған 20 шетелдік азамат ұсталды
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері заңсыз миграция арналарының жолын кесу және адам саудасының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 06 Наурыз, 2026
Геосаяси жағдай және сауда: Қазақстанда шұғыл байланыс желісі іске қосылды
Сыртқы саудадағы жағдайдың өзгеруіне байланысты Қазақстанда экспорттаушыларды қолдау шаралары күшейтілді. Осыған орай Экспорттық штаб жанынан бизнес өкілдерімен жедел байланыс орнатуға арналған арнайы call-орталық іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Наурыз, 2026
Қазақстанның білім беру саласында қанша әйел жұмыс істейді?
Қазақстанның білім беру жүйесінде еңбек етіп жүрген педагогтердің басым көпшілігі – әйелдер. Ресми мәлімет бойынша, еліміздегі мұғалімдердің 81,9%-ы – нәзік жандылар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Референдум-2026: Сайлау учаскесін eGov Mobile арқылы тексеруге болады
15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтар өз сайлау учаскесін eGov Mobile мобильді қосымшасы мен GOV.KZ порталы арқылы табуына болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
ІІМ азаматтарға үндеу жасады: Шетелде жұмыс істеймін деп сан соғып қалмаңыз
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернетте жарияланатын хабарландырулар арқылы азаматтарды шетелдегі «жалақысы жоғары жұмысқа» тарту деректері көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстардың қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.