АҚШ
Әлем • Бүгін, 12:17
АҚШ-та ер адам лотереядан 18 рет ұтыс ұтып алған
АҚШ-тың Айдахо штатында тұратын Роберт Биван соңғы 30 жыл ішінде лотереядан 18 рет жеңіске жеткен. Сөйтіп ұйымдастырушыларды да таңғалдырған. Ол әр жылдары жол талғамайтын көліктерден бастап жүздеген мың доллар көлеміндегі сыйақыларды иеленген, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • Бүгін, 11:28
Домофон-үнқақпа: Тұрмыста жиі пайдаланылатын 30 бұйымның қазақша балама атаулары ұсынылды
Тұрмыста жиі пайдалатын 30 бұйымның атауы қазақшаланды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» республикалық байқауының қорытындысын жариялады. Байқау аясында қазақстандықтар тұрмыста жиі қолданылатын 30 заттың қазақша баламаларын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:08
ChatGPT банк шоттарын тексеру функциясын іске қосты
OpenAI компаниясы ChatGPT платформасында жеке қаржыға арналған жаңа бөлімді тестілеуді бастады. АҚШ-тағы ChatGPT Pro қолданушылары енді банк, несие, брокерлік және өзге де қаржылық шоттарын жүйеге байланыстырып, шығындары мен инвестицияларын бір жерден бақылай алады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • Бүгін, 09:42
Дональд Трамп ұсынған: Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы төтенше елшісі болды
АҚШ Сенаты қазақ қызы Асель Робертстің кандидатурасын Словениядағы АҚШ елшісі қызметіне бекітті. Оны дипломатиялық лауазымға биыл ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған болатын. Наурыз айында Робертс Сенаттың профильдік комитетіндегі тыңдаудан өтіп, кейін кандидатурасы жалпы дауыс беруге шығарылды. Дауыс беру нәтижесінде 46 сенатор қолдап, 43-і қарсы дауыс берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Бүгін, 08:53
Трамп Иранмен қақтығыстың тез аяқталуы мүмкін екенін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығыстың тез арада аяқталатынына үміттенеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Президент: Теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады
Бүгін Астанада өтіп жатқан симпозиумдағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы көптеген беделді ғалымдардың пікірінше, қазір Алтын Орданың ақша жүйесінде мән-маңызы айрықша жаңалықтар ашылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • Кеше
1600 балдың 1530-ын жинаған: Алматылық ерекше бала Berkeley университетіне оқуға түсті
Алматылық Мансур-Сойор Досанов University of California, Berkeley университетіне математика және физика бағыты бойынша оқуға қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • Кеше
АҚШ-тағы мешітте атыс болып, бес адам көз жұмды
АҚШ-тың Сан-Диего қаласында орналасқан ірі ислам орталығында қарулы шабуыл жасалған. Салдарынан 5 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында шабуыл жасады деген күдікке ілінген 2 жасөспірім де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
«Біз берілмейміз»: Иран президенті қатаң мәлімдеме жасады
Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеранның ешқандай күшке бас имейтінін мәлімдеді. Ол елді зымыран, бомба немесе әскери ұшақтар арқылы бағындыру мүмкін емес екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Куба президенті АҚШ-ты «геноцидтік блокада» жүргізіп отыр деп айыптады
Куба президенті Мигель Диас-Канель АҚШ-ты «геноцидтік блокада» жүргізіп отыр деп айыптады. Ол Дональд Трамп енгізген жаңа санкциялар елдегі энергия тапшылығына қатысты қиындықтарды одан әрі ушықтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Мамыр, 2026
Дональд Трамп: Иран берілгендігін мойындамаса, жақын күндері соғыс қимылын жүргіземіз
АҚШ президенті Truth Social-ға берген мәлімдемесінде Иран армиясы қаруын тастап, Тегераннан кетуді, ал ел билігінен жеңілгендігін құжаттап тізе бүгуін талап етті, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 18 Мамыр, 2026
Үш айда 135 млрд теңге алынған: Елімізде қаржысын баспанаға жұмсайтындар көбейген
2026 жылы ел тұрғындары зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға көптеп пайдалана бастаған. Үш ай ішінде осы мақсатта БЖЗҚ-дан шамамен 135 млрд теңге шешіп алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Мамыр, 2026
Францияда Эпштейн ісіне қатысты шағымдар көбейді
Нью-Йорктың түрмесінде өз-өзіне қол жұмсаған америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейннен зардап шегуі мүмкін адамдардан түскен арыздың саны шамамен 20-ға жетті. Бұл туралы Париж прокуратурасы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 18 Мамыр, 2026
АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі әскери ұшақ соқтығысты
АҚШ-тың Айдахо штатында өткен әуе шоуы кезінде екі жойғыш ұшақ соқтығысты. Оқиға Маунтин-Хоум әскери әуе базасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Мамыр, 2026
АҚШ Иранға келіссөзді қайта бастау үшін жаңа талаптар ұсынды
АҚШ Иран билігіне бейбіт келіссөздерді қайта бастау үшін орындауы тиіс бес талаптан тұратын тізім ұсынды. Алайда қос тарап ұсынған талаптар бір-біріне қарама-қайшы келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Мамыр, 2026
18 мамырға арналған валюта бағамы
18 мамыр бойынша Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Елімізде балабақшаларды лицензиялау жүйесі қайта енгізіледі
Келесі жылдан бастап Қазақстанда балабақшаларды міндетті лицензиялау жүйесі қайта күшіне енеді. Оқу-ағарту министрлігі бұл қадам мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырып, нарықтағы талаптарды біріздендіруге бағытталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2026
Оралда әйел ер адамнан жеке суреттерін таратпау үшін 500 мың теңге талап еткен
Орал қаласында ер адамнан ақша бопсалады деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды. Ол жәбірленушінің жеке мәліметтері мен жеке фотосуреттерін жариялаймын деп қорқытып, ақша талап еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Мамыр, 2026
Трамп Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинді 24 қыркүйекте Вашингтонға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Мамыр, 2026
Трамп әлеуметтік желіде Венесуэланы АҚШ-тың 51-штаты ретінде көрсетті
АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Венесуэланың картасын АҚШ туының түсімен жариялап, оны «51-ші штат» деп белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Мамыр, 2026
Санкцияны айналып өту: Марко Рубио Қытайға кіру үшін есімін өзгерткен бе?
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қытайдың өзіне қарсы салған санкцияларына қарамастан, Бейжіңге ұшып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2026
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Жаз айларында еліміздің бірқатар өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2026
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Ұлттық банк электронды ақшаны шығару, пайдалану және өтеу қағидаларына өзгеріс енгізді. Жаңа талаптар электронды ақша эмитенттеріне, төлем ұйымдарына және электронды ақша жүйелерінің операторларына қатысты. Құжат 2026 жылғы 29 сәуірде қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Мамыр, 2026
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
MV Hondius круиздік лайнерінде болған 17 америкалық АҚШ-қа жеткізілді. Олардың бірінен хантавирус инфекциясы расталса, тағы бір жолаушыда жеңіл белгілері байқалған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 10 Мамыр, 2026
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Америкалық «Frontier Airlines» әуе компаниясының «Airbus A321» ұшағы Денвер халықаралық әуежайында ұшу жолағында адамды қағып, мерт қылды. Қайғылы оқиға 8 мамыр күні кешке болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 08 Мамыр, 2026
Минутына 30 сөз жазады: Ойды мәтінге айналдыратын бас киім пайда болды
АҚШ-та адамның ойын тікелей мәтінге айналдыра алатынын жасанды интеллектке негізделген бас киім пайда болды. Әзірлеушілердің айтуынша, құрылғыны қолдану үшін миға имплант орнату немесе хирургиялық тәсілдерді пайдалану қажет емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
42 млн теңгеден астам қаржыны қалтасына басқан: Балабақша басшылығының былығы әшкере болды
Шығыс Қазақстан облысында балабақша басшылығы 42 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз аударған. Аталған факті Үлкен Нарын ауданында жүргізілген тексеру барысында анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Шашынан тартып, лақтырған: Павлодарда 16 баланы азаптаған тәрбиешіге үкім шықты
Павлодарда 16 бүлдіршінге қатыгездік көрсеткен тәрбиешіге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
АҚШ әуежайында ұшақ қону кезінде аударылып кеткен
Американың Кейп-Код мүйісіндегі әуежайда Bearhawk LSA-8X маркалы жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Ұшқыш дін аман. Оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 08 Мамыр, 2026
АҚШ Иранның әскери нысандарына соққы жасады
АҚШ әскери күштері Иран аумағындағы Кешм порты мен Бендер-Аббас қаласындағы бірқатар нысанға соққы жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.