Арал
Президент • Бүгін, 17:27
Мемлекет басшысы: Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз
Бұл туралы Мемлекет басшысы Сербия Президентімен БАҚ өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөз жүргізгеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • Бүгін, 15:37
Щучинск қаласындағы оқиғаны тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Щучинск қаласында болған оқиғаға байланысты арнайы ведомствоаралық комиссия құрды. Тиісті бұйрыққа ТЖМ басшысы, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • Кеше
Қазақ сарбазы халықаралық байқауда жеңіске жетті
ТМД-ға мүше елдер жоғары әскери оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарының VII Халықаралық әскери-ғылыми жұмыстар байқауында жас сарбаз Әділет Серікбайдың зерттеу жұмысы үздік деп танылды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 25 Ақпан, 2026
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Алматыда өткен салалық жиында қала мен өңірдің тау туризмін кешенді дамыту мәселесі талқыланып, жетекші мамандар мен инвесторлар өз көзқарастарын білдірді. Спикерлер Алматының бірегей табиғи әлеуеті мен географиялық артықшылықтарын атап өтіп, кластерлік тәсіл арқылы өңірді халықаралық деңгейдегі тау туризмі орталығына айналдыруға болатынын жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласының туризм басқармасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Логистика • 23 Ақпан, 2026
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде негізгі инфрақұрылымдық тораптарды жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 17 Ақпан, 2026
Қысқы Паралимпия ойындары: Ұлттық құрама тізіміне кімдер енді?
6-15 наурыз күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы Паралимпия ойындары өтеді. Туризм және спорт министрлігі Паралимпия ойындарында ел намысын қорғайтын құрама жасақталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 16 Ақпан, 2026
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub инновациялық өнімдер және жоғары технологиялық жобалар орталығында Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығы салтанатты түрде ашылды. ASTRASEC PTE. LTD (Сингапур) компаниясы мен «Qubitera» ЖШС серіктестігі негізінде жүзеге асқан жоба ұлттық кванттық экожүйені қалыптастыруға серпін бермек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді
Абай облысында алимент өндіру мәселесіне қатысты жедел-профилактикалық іс-шаралар жүріп жатыр. Тексеру барысында алимент бойынша берешегі бар азаматтар анықталған. Қарыз көлемі бірнеше мың теңгеден бастап, қомақты қаражатқа дейін жеткен жағдайлар кездеседі, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 12 Ақпан, 2026
Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтіп, қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2026
Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпазы атанды
Дубайда әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды. Бес бәсекелі күн ішінде әлемнің 48 елінен 109 команда іс-әрекеттің шеберлігін, жылдамдығын, тактикалық ойлауын және үйлесімділігін барынша көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Халықаралық заңгерлер қауымдастығы: Жаңа Конституция жобасы халықаралық стандарттарға сай
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жаңа Конституция жобасын талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 09 Ақпан, 2026
Маңғыстаулық педагогтер халықаралық жобада жеңімпаз атанды
Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Досан Қарашаев пен Айнұр Ондаханова «ETF Green Skills Awards 2025» беделді халықаралық жобасының жеңімпаздары атанды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Ақпан, 2026
Биыл елімізде қандай әлемдік жарыстар өтеді?
Былтыр 30-ға жуық әртүрлі деңгейдегі халықаралық жарыстар өтсе, биыл да ел аумағында әлемдік және құрлықтық деңгейдегі 20-дан астам ірі халықаралық жарыс өткізу жоспарланып отыр. Жарыстар Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Талғар, Ақтау қалаларында өтіп, қысқы, жазғы, олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерін қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
UFC рейтингі жаңартылды: Шавкат Рахмонов тізімде бар ма?
3 ақпанда жарияланған UFC-дің жаңартылған рейтингінде жартылай орта салмақтағы үздіктер қатарынан Шавкат Рахмоновтың есімі табылмады. Америкалық промоушен отандық файтерді тізімнен толық алып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 30 Қаңтар, 2026
Үкімет волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті
Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Волонтерлер форумы өтті. Форум Қазақстанда Халықаралық еріктілер жылының ұлттық бастамасы болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
«OrdaMed» басшысына іздеу жарияланды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «OrdaMed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке халықаралық іздеу жариялады. Іс 28 қаңтарда тіркеліп, жедел-іздестіру шараларын ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2026
ОПЕК қоры Қазақстанның жеке секторын қаржыландырады
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2026
Халықаралық Қызыл Крест ұйымы Қазақстанға алғыс айтты
Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Орталық Азиядағы Өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевич Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевпен кездесуінде ұйымның гуманитарлық миссиясын жүзеге асыруға көрсетіліп жатқан тұрақты қолдауы үшін Қазақстан тарапына алғысын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 28 Қаңтар, 2026
Қытай телеарнасында Димаш Құдайбергеннің жаңа халықаралық жобасы таныстырылады
5 ақпанда Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасында халықаралық музыкалық Voice Beyond Horizon жобасының ресми премьерасы өтеді. Бағдарламаның толық түсірілімі Қазақстанның туристік локацияларында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 27 Қаңтар, 2026
Авиаотын нарығында делдалдар азайды
Мемлекет басшысының халықаралық әуехабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасы азаматтық авиация саласын жүйелі жаңғыртуды талап етті. Осы бағытта Әуежай инфрақұрылымын дамыту, авиаотынмен үздіксіз қамтамасыз ету, баға қолжетімділігін арттыру мен бәсекелі орта қалыптастыру бойынша кешенді шаралар қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 27 Қаңтар, 2026
Шетелге емделуге жіберу 50%-ға төмендейді: Елімізде қандай озық технологиялар енгізіледі?
Диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу шетелдік клиникаларға жіберілетін балалар санын екі есе азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2026
Қазақстан – Моңғолия арасындағы тауар айналымы 500 млн долларға дейін артады
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Хассуурийн Ганхуягпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Ақмола облысының Жаңаесіл ауылындағы Индустриялық технологиялар және сервис колледжі FASEP бағдарламасы шеңберінде ауқымды халықаралық ынтымақтастықты қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды
Арал ауданында жүк көлігімен жолға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен адам аман-есен табылды. Оны іздеуге құтқарушылар және полиция қызметкерлері жұмылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Қаңтар, 2026
Bett UK 2026 көрмесі: Қазақстанның ұлттық павильоны таныстырылды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританиядағы Bett UK 2026 халықаралық көрмесіне қатысып, сондай-ақ жетекші университеттер, ғылыми орталықтар мен әлемдік технологиялық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Қаңтар, 2026
5 жыл ішінде Солтүстік Аралдың көлемі қаншалықты ұлғаяды?
Солтүстік Арал теңізінің ауданын 34 км³ дейін, ал оның аумағын 4-5 жыл ішінде 3 913 км² дейін жеткізу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?
Бұқаралық шаңғы жарысы 24 қаңтар күні ұйымдастырылады. Жарыс сағат 10:00-де Орталық саябақтағы шаңғыроллер жолында басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қаңтар, 2026
Президент: Арал теңізін құтқару адамзат үшін өзекті мәселе болып қала береді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Арал теңізі мәселесіне тоқталып, оның жаһандық маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Қаңтар, 2026
Халықаралық стандарттар аккредитациясынан алғаш рет «Дәнекерлеу ісі» мамандығы өтті
Шахтинск технологиялық колледжі «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығы KazWeld өткізген салалық аккредитациядан сәтті өтті. Бұл аккредитация Халықаралық дәнекерлеу институтының International Institute of Welding (IIW) стандарттарына сәйкес жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Қаңтар, 2026
Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі сержант Еламан Қуатов әуесқой аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды. Ол 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысты. Құрлық додасы Қытайдың Луджоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.