Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
432 материал табылды

Әдебиет • 15 Желтоқсан, 2023

«Қазақ үшін шам қылған жүрек майын»

Алаш аялаған Сұлтанмахмұт Торайғырұлы екі мүшелден енді аса бергенде, яғни 27 жасында дүние салды. Бейнелеп айтқанда, қамшының сабындай қысқа ғұмыр. Бірақ ол осы жасына дейін талмай еңбек етіп, мол мұра қалдырды. Оның қайратты қаламынан 100-ден аса өлең, 5-6 сүйекті поэ­ма, екі роман, 7-8 мақала, очерк, әңгіме туды. Бұл шығармаларды ақын жетімдік пен жоқшылықтың азабын тартып, дерті меңдесе де қу жанын сүйретіп жүріп жазғаны белгілі.

Көрме • 13 Желтоқсан, 2023

Францияның заманауи туындылары

Астанадағы Ұлттық музейде еліміздегі Франция елшілігі заманауи француз шығармашы­лығымен жақын таныстыратын екі көркем жоба ұсынды. Оның біріншісі – француз фотографы Адель Желанскидің «Мен сені жақсы көремін» атты көрмесі болса, екіншісі – «Цифрлы күз» атты фестивалі.

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

Балаларға тамаша тарту

Биыл белгілі ақын, Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшесі Аманқос Ершуовтың туғанына 80 жыл толды. Осыған орай Ұлттық акаде­миялық кітапханада ақын­ның «Қасиетті қазына», «Ақ­мешіт», «Бармақбайдың ба­сы­нан кешкендері» атты кі­тап­тарының тұсаукесері өтті.

Өнер • 29 Қараша, 2023

Өнері асқақтаған халықтық хор

Биыл Астанадағы Алматы ауданы ардагерлерінің «Елорда» халықтық қорының құрылғанына 15 жыл толды. Осыған орай аталған өнер ұжымының мерейтойлық концерті өтті.

Өнер • 29 Қараша, 2023

Науаи театрының тартуы

Жақында Өзбекстанның Ә.Науаи атындағы мемле­кеттік академиялық Үлкен театры бас қалаға гастрольдік сапармен келіп, «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетті. Тарихы бай театр ұжымы елор­далықтарға опера мен балеттің үздік туындыларынан гала-концерт ұсынды.

Қоғам • 29 Қараша, 2023

Тіл байқауының жеңімпаздары

Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлт­тық ғылыми-прак­ти­ка­лық орталығы ұйым­дас­тырған дәстүрлі «Мем­­лекеттік тіл және БАҚ-2023» бай­қауының же­ңім­паздары белгілі болды.

Байқау • 20 Қараша, 2023

«Күлтегін» жырын жатқа біледі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс студенті Серік Қалдан көне «Күлтегін» жырын жатқа айту байқауының жеңімпазы болды.

Көрме • 16 Қараша, 2023

Қолөнер мен музыка үйлесімі

Астанадағы Болашақ энергиясы мұражайында «QazExpoCongress» ұлттық ком­паниясының қолдауымен Корея Республикасының Қа­зақстандағы елшілігінің Корей этномәдени бірлестігі ұйым­дастырған дәстүрлі өнері көр­месі ашылды.

Жәдігер • 15 Қараша, 2023

Молдахмет ақынның бөркі

Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейі әлеуметтік желіге сол музей қорындағы Арқадағы сал-серілер дәстүрін жалғастырған әйгілі әнші, халық ақыны Молдахмет Тырбиевтің киген бөркі туралы құнды деректі жариялады.

Көрме • 30 Қазан, 2023

Аңызға айналған іздер

Ұлттық музейде көрнекті қылқалам шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмақын Қайрамбаевтың «izder iv: Періште ізі» атты топтық көрмесі ашылды.