Көрме • 16 Қараша, 2023

Қолөнер мен музыка үйлесімі

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Болашақ энергиясы мұражайында «QazExpoCongress» ұлттық ком­паниясының қолдауымен Корея Республикасының Қа­зақстандағы елшілігінің Корей этномәдени бірлестігі ұйым­дастырған дәстүрлі өнері көр­месі ашылды.

Қолөнер мен музыка үйлесімі

Көрмеге дәстүрлі музыкамен шебер үйлескен корей қолөнер туындылары ұсынылды. Бұл жұмыстардан корей халқына тән әсемдікті, нә­зік­тікті, шынайылықты көресіз. Әр­бір туынды ұлттық нақышпен өрнек­телген. Сонымен бірге көрмеге ке­лушілер корей мен отандық әртістер дайындаған музыкалық қойылымды тамашалады. Мәселен, Кореядан келген өнерпаздар «пхансори» жанрын­дағы вокалдық қойылым көр­­сетіп, «санджо» музыкалық сти­ліндегі дәстүрлі «каягым» аспабын­да өнер көрсетті. Қазақтың   дәс­түрлі саз аспаптары жетіген мен қобыздың сүйе­мел­деуіндегі екі ел өнер­паздарының қо­­йы­лымын да  жұртшылық жылы қабылдады.

ва

Мазмұнды шараның ашылуын­да «QazExpoCongress» ҰК» АҚ бас­қарма төрағасының орынбасары Сансызбай Жолдасбаев көрменің екі ел арасындағы мәдени алмасу жылы аясында өтіп отырғанын жеткізсе, еліміздегі Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чжо Тэ-ик «K-Maestro» тамыры терең­нен тартқан дәстүрлі музыка мен қолөнерді біріктіретінін атап өтті.

«Бүгінгі көрменің маңызы өте зор.  Сондықтан осы көрмені өткізуге қолдау көрсеткен барлық азаматқа ризашылығымды айтамын.  Сондай-ақ «K-Maestro»-да өнер көрсетуге Кореядан Қазақстанға арнайы келген өнер шеберлері Лим Чжэин,  Чжи Арым, Чой Чжэёнге ерекше құр­метімді білдіремін», деді елші.