Ғылым • 02 Сәуір, 2024
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, кейінгі он жылда технология мен өнеркәсіптің дамуымен бірге автокөліктің көбеюінен ауаға тарайтын зиянды металдар мен улы газдардың шығарындылары ұлғайған. Мәселен, жылу электр стансалары мен автомобильге қолданатын жанар-жағармайдан бөлінетін азот монооксиді (NO) иіссіз болғандықтан, адамдар оны сезбейді. Былтыр Астана мен Алматыда ресми мәлімет бойынша ауаға тараған түтіннің деңгейі нормадан 15 есеге дейін асқан.
Ғылым • 05 Наурыз, 2024
Бие сүті – антибиотикке жәрдемші
Бабаларымыз төрт түліктің төресі туралы «жесең – ет, мінсең – көлік, ішсең – сусын» деп қалай тауып айтқан, ә! Әсіресе бие сүті емге – шипа, дертке – дауа. Халқымыз оның емдік қасиетін бұрыннан білгенімен, ғалымдар оған жасушалық деңгейде зерттеуді енді бастады. Бұл Nazarbayev University National Laboratory Astana зертханасында алғаш рет жүргізіліп отыр. Аталған зертханада ғалымдар жасушаішілік инфекцияларды емдеуге антибиотиктерді жеткізу әдісін әзірлеуді қолға алды. Бұл жоба туралы бізге зертхананың аға ғылыми қызметкері Шыңғыс Серғазы әңгімеледі.
Сұхбат • 29 Ақпан, 2024
Абзал Мұхитдин, дирижер: Классикалық музыканы тыңдауға дайындық керек
Елордалық басылымда жүргенде «Астана Опера» театрының айтулы дирижері, белгілі музыкант Абзал ағамыз туралы жазып едім. Содан бері де сырғып біраз жыл өтті. Бірақ ол кісі соны ұмытпапты. Көргенде жылы шырай танытып, ілтипат көрсетті. Осы жақындық бүгінгі әңгімемізге себеп болып, бірден шүйіркелесіп кеттік.
Ғылым • 23 Ақпан, 2024
Nazarbayev University Жаратылыстану әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры Даниэле Малафарина мен оның Катаниядағы (Италия) Ұлттық астрофизика институтының (INAF) обсерваториясындағы әріптестері гравитациялық құлдырау және cингулярлықсыз «қара құрдымның» пайда болуын зерттеп жатыр. Олар өздерінің жаңа теориясын ғалымдар Марков пен Мұхановтың идеясына сүйеніп жасады.
Экология • 21 Ақпан, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары «Сколково» зерттеушілерімен бірлесіп, жасанды интеллект негізінде «электронды мұрын» жасауды қолға алды. Бұл көп функциялық құрылғыны экологиялық жағдайды бақылаудан бастап, өнімнің сапасын анықтауға немесе адам денсаулығын бақылау секілді түрлі салада қолдануға болады. Бір сөзбен айтқанда, отандық ғалымдар «электронды мұрын» желісін құрып, қаладағы қоршаған ортаны бақылау жүйесінің прототипін құрастыруды жоспарлап отыр.
Тұлға • 13 Ақпан, 2024
Өткен ғасырдың 70-жылдары әдебиетке буырқанған теңіз толқынындай талантты буын келді. Солардың қатарында таңғы шықтай мөлдіреген лирикалық әңгімелерімен оқырманды елең еткізген бір жас жазушы болды. Ол – Захардин Қыстаубаев. Оның алғашқы шығармаларын жұртшылық қана емес, сыншылар да жылы қабылдады. Біраз жыл аудандық газеттен бастап, қалалық, республикалық басылымға басшылық еткен қаламгердің бүгінге дейін онға жуық прозалық, публицистикалық кітабы жарық көрді. Бірақ кейінгі жылдары оқырман оның әдеби туындыларынан көз жазып қалған секілді. Оның түрлі себебі болуы мүмкін. Соның сырын білгіміз келіп, жазушының өзіне хабарласып, «Не жазып жүрсіз?» деген сауалымызды қойдық.
Көрме • 08 Ақпан, 2024
Астанада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы Мәдени өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған «Иран Ислам Республикасының каллиграфия және жазба мұраларды қалпына келтіру өнері» атты апталығы басталды. Апталықтың алғашқы іс-шарасы «Каллиграфия» көрмесімен ашылды.
Жәдігер • 31 Қаңтар, 2024
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде атақты қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің жұртшылыққа беймәлім суреті сақталған. Онда халық батыры Амангелді Имановтың серігі Әбжан Тұрмановтың портретін салған.
Кино • 25 Қаңтар, 2024
Жазушы Төлен Әбдіктің «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» атты хикаятын оқымаған жан кемде-кем шығар, сірә. Шығармада Қожабек қария ел-жұртқа жастайынан аты шығып, енді үйленгелі жүрген баласынан аяқ астынан айырылып қалды. Артында тұяқ қалмады. Бір әулеттің тұқымын бір өзімен біржола тоқтатты да кете барды. Қайғыдан қан жұтқан қарияға ұлының бірге оқыған жолдасы одан бала қалғанын айтады. Хабарды естігеннен кейін қартта дегбір қалмады. Бір күні кемпіріне «сұраған біреу-міреуге дәрігерге кетті дерсің», деп қалаға ұрпағын іздеп жолға шығады. Қысқасы, оқиға осылай өрбиді. 1983 жылы хикаят желісімен «Өтелмеген парыз» атты көркем фильм түсірілді. Режиссері – Серік Жармұхамедов, сценарийін Смағұл Елубай жазды.
Зерде • 22 Қаңтар, 2024
Биыл Торғайдағы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған қазақ мектебінің ашылғанына – 160 жыл. Міне, содан бері бұл білім ордасы қаншама баланың санасына сәуле түсіріп, сауаттылық шырағын жағып келеді.