Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
159 материал табылды

Ғылым • 08 Ақпан, 2025

Азаматтық ерлік

Ерліктің үлкен-кішісі жоқ. Біреуі Отан үшін жан қиып, майданда ерлік көрсетсе, енді біреуі бейбіт күн­де қа­һармандығымен та­ны­лады. Ал біздің кейіп­керіміздің ерлігі мүл­де бөлек. Бей­не­леп айтқанда, ол қы­лы­­шы­нан қан там­ған им­перияға қар­сы шығып, ұлт мүд­десін қорғап қалды.

Сұхбат • 07 Ақпан, 2025

Бекен Ыбырайым, жазушы: Шала таным адастырады, шалағай талғам таластырады

Өткен ғасырдағы 70-жылдардың ортасында әдебиетке бір талантты толқын келді. Олар «біз келдік» деп ешкімге өрекпіген жоқ. Мәдениетті мінез көрсетті. Сыпайылық сақтады. Алдындағы аға буынның бар асылын бойына сіңірді. Көркем сөз өнеріне өзгеше өрнек қосты. Шұрайлы шығармаларымен руханият қазынасын байытты. Бастысы, өнімді жазып, әдебиетке адал еңбек етті. Осы буынның белгілі өкілі, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының лауреаты Бекен Ыбырайыммен сын мен әдебиеттің дамуы туралы әңгімелескен едік.

Ең қысқа әңгіме • 07 Ақпан, 2025

Ел суреттері

Құрт-құмырсқа Бірде ауылдағы клубтың алдында Айдос, Ар­дақ, Аманжол төр­теуміз әңгімелесіп отырдық. Қою қара сия түн. Ай сәулесі сы­ғырайып түсіп тұр. Жұрт қа­лың ұйқыда.

Университет • 24 Қаңтар, 2025

Үздік 200 университеттің қатарына енді

Nazarbayev University (NU) халықаралық «Times Higher Education» (THE) жаңа рейтингінде «Білім беру» бағыты бойын­ша әлемнің үздік оқу орындарының қатарына енді.

Жәдігер • 18 Қаңтар, 2025

Нарқобыз

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі көне жәдігерлерге бай. Әсіресе онда өңір тарихынан сыр шертетін дүниелер өте көп. Сондай экспонаттың бірі – нарқобыз.

Басылым • 16 Қаңтар, 2025

Қаламгердің қос жинағы

Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуандық Түменбайдың «Жан әуендері» және «Менің көзім арқылы» атты қос кітабы жарық көрді. Мемлекеттік тапсырыспен шыққан екі жинаққа қарымды қаламгердің кейінгі жылдары жазылған көсемсөздері, танымдық очерктері мен деректі әңгіме-эсселері енген.

Университет • 25 Желтоқсан, 2024

Nazarbayev University: Ғылым және инновация – даму кепілі

Орталық Азиядағы жетекші орын алатын Nazarbayev University-дегі (NU) ғылыми топтардың қазақ тіліндегі жасанды интеллект, экзоскелет, қатерлі дертке қарсы дәрі және басқа да коммерцияландыруға бағытталған жобалары өте нәтижелі болды. Әсіресе университет ғылыми зерттеулер мен оны іске асырудың бірегей экожүйесін құра отырып, инновацияны дамытуға елеулі үлес қосты. Сондай-ақ іргелі оқу орнының ғылыми зертханалары мен орталықтары жасанды интеллект, наноматериалдар және биотехнология саласындағы жобаларға бастамашы болып отыр. Биыл университет ғылым мен білімдегі ұстанымын нығайта отырып, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Елорадағы «Egemen Qazaqstan» газетінің бас ғимараты алыстан көзге айрықша көрінеді. Сән-салтанаты келіскен сегіз қабатты нысан еңселі, айбынды. Әсіресе маңдайындағы «Egemen Qazaqstan» деген жазу ерекше көрік пен мазмұн береді. Шынын айтқанда, қазақтың талай жақсылары мен жайсаңдарының ізі қалған бұл ғимараттың тарихы бас шаһар шежіресімен астасып жатыр.

Ғылым • 15 Қараша, 2024

Нұршат Нұражы, профессор: Білікті мамансыз ғылым дамымайды

Біздің кейіпкеріміз – Нұршат Нұражы. Белгілі ғалым. Нью-Йорк «City University»-де PhD қорғаған. АҚШ-та жиырма жылдан аса уақыт тұрып, сондағы Массачусетс технологиялық институты, Техас технологиялық университеті, Америка Құрама Штаттарының Әуе күштері ғылыми зерттеу орталығында қызмет істеген. 2019 жылы атажұртқа оралған. Қазір Назарбаев университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі­нің профессоры және сол оқу орнындағы Астана Ұлттық зертханасының зертхана меңгерушісі. Бүгін ғалыммен отандық ғылымның дамуы туралы әңгімелестік.

Жансарай • 20 Қыркүйек, 2024

Рысқұл Ойнаров, академик: Ар-ұят секілді қалқанымыздан айырылып қалғандаймыз

Академикпен кең отырып әңгімелесуге Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында кездесетін болып келістік. Бұрын көрмеген ғалыммен кездесу қалай болады деп аздап қобалжып, параққа жазып алған сұрақтарымды қайта-қайта қарап, бір пысықтап алдым. Сөйткенше, аталған оқу орнына да жеттім. Алдымнан ұзын бойлы, жүзінен мейірімі төгілген кісіні көргенде, көңілім бірден жайланып сала берді. Сондай зиялы, қарапайым тұлғаның бойынан қазақылықтың иісі аңқып тұр. Құдды ауылдағы жақын ағамды көргендей болдым. Осы жолы елімізге белгілі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рысқұл Ойнаровпен отандық ғылымның дамуы, қазақ тілінің жағдайы, ұрпақ тәрбиесі туралы сөйлестік.

Яндекс.Метрика