Саясат • 19 Ақпан, 2026
Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп
Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында былтырғы жұмыс қорытындыланып, биылғы басты міндеттер айқындалды. Жиынды Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ашып берді.
Саясат • 18 Ақпан, 2026
Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің маңызды бағыты
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономиканы әртараптандыру мен өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды.
Елорда • 17 Ақпан, 2026
Елорданың жетістіктері – ел дамуының көрсеткіші
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласындағы бірқатар маңызды жобалардың жұмыс барысымен танысты. Ол әуелі ЖЭО-3 нысанына барды. Одан кейін бас қалада жүзеге асырылып жатқан индустриялық, цифрлық жобалармен, бұдан әрі орта және шағын бизнестің жай-күйін, заманауи спорттық инфрақұрылымды дамыту үдерісін тексерді.
Саясат • 17 Ақпан, 2026
Қаржы секторына салық салу жайы қаралды
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің кезекті отырысы өтті. Онда қаржы секторына қатысты 38-ге жуық мәселе талқыланды.
Экономика • 14 Ақпан, 2026
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Бүгінде әлем елдері өздерінің транзиттік әлеуетін күшейтуге басымдық беріп отыр. Соның нәтижесінде халықаралық бәсекелестік бәсі де жоғары. Еліміз де аймақтағы ең ірі он авиациялық жүк орталығының біріне айналуды мақсат етті. Қазір еліміздің аумағы арқылы өтетін негізгі жүк көлемі автомобиль мен теміржол тасымалына тиесілі. Жақын келешекте әуе арқылы жеткізілетін жүктердің үлесі де арта түспек.
Сараптама • 12 Ақпан, 2026
Күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық басқару мен өңірлік саясаттың жаңа талаптарын айқындап берді. Президент қаржылық дербестікті күшейту, бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыру, арнайы экономикалық аймақтарды реформалау, сондай-ақ инфляцияны төмендету бағытында нақты міндеттер жүктеді.
Экономика • 11 Ақпан, 2026
Зейнетақы қорындағы ақша: бес жылғы тәжірибеден не ұқтық?
Бес жылдан бері ел азаматтары зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан ақшасының игілігін көріп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасы жинақ қаржысының артық бөлігін «шаршы метрлерге» айналдырып, көп азаматтың денсаулығын қалыпқа келтіруге көмектесті.