
Үкімет • 07 Сәуір, 2025
Үкіметте бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын құру жолдары талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді. Онда агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, шаруаларды қолдау шаралары, сондай-ақ қосымша пысықтауды қажет ететін өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 07 Сәуір, 2025
Билл Экман баж салығын кейінге қалдыруды ұсынды
Америкалық миллиардер әрі инвестор Билл Экман АҚШ үкіметін жаңа баж салығын енгізу жоспарын үш жылға кейінге шегеруге шақырды. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысының Өзбекстанға ресми сапары аяқталды
Қазақстан Президентінің «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында жоспарланған іс-шаралары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025
Әр бесінші республика тұрғыны майданға аттанды - Аида Балаева
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2025
Семейде жаңа ет комбинаты салынады
Семей қаласында жаңа ет комбинатының құрылысы басталады. Жоба құны 8,4 миллиард теңгені құрайды, ал өндіріс Австралияның соңғы технологиялары бойынша жабдықталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Сәуір, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Aral Culture Summit көрмесін тамашалады
«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысушылар Aral Culture Summit көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 04 Сәуір, 2025
Әкімшілік істер бойынша аумақтан тыс соттылық қолданылады – Асламбек Мерғалиев
«Жүргізілген сот реформасының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев 2022 жылы азаматтық істер бойынша аумақтан тыс соттылықты енгізілгені туралы хабардар етті, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025
Абзал Нүкенов: Соғыс туралы естеліктер – біздің ортақ тарихымыз
Алматыдағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығы аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті. Конференция мерейтойлық датаға орай Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп ұйымдастыратын іс-шараларының бастамасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Алматы қаласындағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы халықаралық конференцияда сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» конференциясында сөйлеген сөзінде Орталық Азияның планетадағы климат өзгерістеріне ең осал өңірлердің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.