
Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2025
Бейнеуде майдангерлер ұрпақтары бабалар ерлігіне тағзым етті
Отан қорғаушылар күніне орай Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында соғысқа қатысқан майдангерлердің ұрпақтары өз ата-бабаларының ерліктерін еске алып, рухына тағзым етті. Елінің бейбіт болашағы үшін жанын қиған жауынгерлердің өнегелі өмір жолы жастарға үлгі ретінде ұсынылып, рухани тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2025
Қаратауда «Қаратау қызғалдақтары» атты шығармашылық байқау өтті
2025 жылдың 6 мамыр күні Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы «Хантағы – Кемпіртас» соқпағында VII аймақтық «Қаратау қызғалдақтары» атты шығармашылық сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Ақтөбеде жол жөндеуге 58 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Ақтөбе облысында көктемнің келуімен жол жөндеу маусымы басталды. Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, өңірдің жол инфрақұрылымын жақсартуға 2025 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 58 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 458,3 шақырым жолды жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Президент Германияның Федералдық Канцлері Фридрих Мерцті құттықтады
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнім • 07 Мамыр, 2025
Ақмола облысында азық-түлік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілген
Азық-түлік қауіпсіздігі – елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының басты кепілі. Бұл бағытта Ақмола облысында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірдің ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай өсім көрсетті: ет өндірісі 10 пайызға, сүт 3,7 пайызға, жұмыртқа 0,4 пайызға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz,
Экология • 07 Мамыр, 2025
Елордада экологиялық сенбілік өтті
Астанадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Таза білім ордасы» апталығы аясында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Игі шараны Жастар саясаты мәселелері басқармасы AMANAT партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының, Қазақстан халқы ассамблеясының және «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қолдауымен өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Шымкент қаласының жол-көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады
Шымкент қаласының дамуы үшін жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселесі айрықша маңызға ие. Жолдардың кең, тегіс әрі сапалы болуы қала экономикасы мен тұрғындардың өмір сапасына, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Осы орайда қалада жол құрылысы, қайта жаңғырту, жөндеу, қоғамдық көлік саласын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 07 Мамыр, 2025
Алматыда екі мыңнан астам ірі ағаш отырғызылған
Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығындағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жөніндегі есебінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
БҚО-да әскери шерудің тікелей көрсетілімі өтті
Бүгін Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде Астанада ұйымдастырылған Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шерудің тікелей эфир көрсетілімі өтті. Бұл шараға 1200-ге жуық қала тұрғыны жиналып, еліміздің басты алаңында өткен тарихи сәтке куә болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Шымкенттіктер Астанадағы әскери шеруді тамашалады
Қаладағы Астана алаңы, Жастар ресурстық орталығы мен Қызғалдақ фонтаны маңына орнатылған үлкен экрандар арқылы тұрғындар ел астанасында өткен тарихи оқиғаны тікелей эфирде тамашалады. Түркістан сарайында да әскери қызметкерлер шеруді бірге көріп, маңызды сәтке ортақтасты, деп хабарлайды Egemen.kz.