Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
3097 материал табылды

Оқиға • 14 Мамыр, 2025

Астанада 70 адам 17 миллион теңгеге жалған тур сатып алған

Астанада алаяқ Вьетнамға арзан тур ұйымдастырамын деп уәде беріп, тұрғындардың 17 миллион теңгесін жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 14 Мамыр, 2025

3 мыңнан астам топай асық жинаған ақтөбелік Қазақстан рекордттар кітабына енді

Ақтөбе облысының тұрғыны Ерболат Қуанышов 3 378 топай асық жинап, Қазақстан рекордтар кітабы КИнЭС-ке ресми түрде енді. Ол осы жетістігін растайтын арнайы сертификатқа ие болды. Енді коллекционер Гиннестің рекордтар кітабына енуге ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 14 Мамыр, 2025

«Шұбаркөл көмір» АҚ жылыту маусымын сәтті аяқтады

Қазақстандағы коммуналдық-тұрмыстық көмір қажеттілігінің 40 пайызын қамтамасыз етіп отырған «Шұбаркөл көмір» АҚ 2024/2025 жылғы жылыту маусымын сәтті аяқтады. Кәсіпорын тұтынушылардан түскен барлық тапсырысты толық орындап, маусым барысында көмір тапшылығы мен негізсіз қарбаластарға жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 13 Мамыр, 2025

Түркияда ұшақ толық тоқтамай орнынан тұрған жолаушыларға айыппұл салынады

Азаматтық авиация жөніндегі бас басқармасының (SHGM) жаңа циркулярында көрсетілген талапқа сәйкес елде ұшақ қонған кезде экипаждың рұқсатын күтпей орнынан тұрып, қозғалған жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 13 Мамыр, 2025

Биыл «Таза Қазақстан» жобасы аясында 405 іс-шара өткізілді

Атап айтсақ,  «Таза қала», «Таза аймақ», «Таза жағалау», «Қалаға ағаш», «Мөлдір бұлақ», Халықаралық құстар күні, «Жер сағаты» және басқа да акциялар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 13 Мамыр, 2025

Түркі мемлекеттері ұйымы сот органдарының ынтымақтастығы артты

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы соттарының басшыларымен онлайн форматта кездесті. Бұл жиын Түркияның Анталия қаласында өткен форум аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 13 Мамыр, 2025

Шұғыл медицинаны дамытудың тұжырымдамалары талқыланды

Елордада Еуразиялық шұғыл медицина қоғамдастығының III съезі шеңберінде «Шұғыл медицинаны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Оған ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 13 Мамыр, 2025

Бір тәулікте 1 000 балаға білім беру шоттары ашылды

5 жастағы Ибраһим Әділбек Отбасы банкінде «Келешек» жүйесінің Қазақстандағы алғашқы қатысушысы атанды. Ол үшін әкесі Бағдат Ерубаев ұлына «AQYL» білім беру депозитін ашқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 13 Мамыр, 2025

Әлем көшбасшылары Астана халықаралық форумында бас қосады

29–30 мамырда Астана қаласы тағы да жаһандық пікір алмасу мен ынтымақтастықтың маңызды орталығына айналады. Астана халықаралық форумы (AIF) — әлем көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен ірі компания өкілдерін жинап, ең өзекті жаһандық мәселелерді талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 13 Мамыр, 2025

«Қытай – Орталық Азия» Білім министрлерінің алғашқы кеңесі өтті

Үрімші қаласында Қытай Халық Республикасы мен Орталық Азия елдерінің білім министрлері, тиісті ведомстволар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен өткен кеңеске ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.