 
                                                            Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Армения көші-қон саласында әріптестікті күшейтті
Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасында 2024 жылғы 15 сәуірде Ереванда қол қойылған көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Құжат екі елдің құзырлы органдары арасындағы өзара іс-қимылды реттеп, көші-қон саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2025
Жолдау 2024: Қайта өңдеу саласында екі мың кәсіпорын жұмыс істейді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесі 70%-ға жеткізілуі тиіс. Оны орындау мақсатында мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Эпилепсияға қарсы дәрі тапшылығы шұғыл шешілуі тиіс – Мәжіліс депутаты
Өңірлерге жұмыс сапары барысында ҚХП фракциясының депутаттары неврологиялық ауруларға шалдыққан науқастармен, соның ішінде «Эпилепсия» диагнозы бар азаматтармен кездесті. Кездесу кезінде шұғыл шешімді қажет ететін маңызды мәселелер ортаға салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
ҚазҰУ мен Қытай жаңа деңгейдегі серіктестікке қадам басты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен робототехника орталығының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығы алқаптары әртараптандырылып жатыр
Биыл бидай алқабы 884,6 мың гектарға қысқарып, 12,3 млн гектарды құрады, ал майлы дақылдардың көлемі 1 млн гектарға ұлғайып, 4 млн гектарға жеткен. Сонымен қатар қант қызылшасының егіс құрылымын оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2025
Биыл өндіріс көлемі 3,4%-ға өсті
Қазақстан үшін мал шаруашылығы – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әрі агроөнеркәсіп кешеніндегі үлесі 40%-ды құрайтын стратегиялық бағыт. 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында саладағы өндіріс көлемі 3,4%-ға өсіп, шамамен 2 трлн теңгеге жетті. Ет өндірісі 2%-ға артып, 608,8 мың тоннаны құрады, ал сүт өндіру көлемі 6,5%-ға ұлғайып, 2,25 млн тоннаға дейін жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2025
Егіншілерге берілетін жеңілдетілген несие 700 млрд теңгеге ұлғайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін ілгерілетуге айрықша назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Батыс Қазақстан облысын сумен жабдықтауға 5,5 млрд теңге бөлінді
Президенттің әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан Батыс Қазақстан облысында сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 11 жобаны жүзеге асыруға 5,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қыркүйек, 2025
Тоқаев ҚХР Төрағасы ұйымдастырған салтанатты қабылдауға қатысты
Мемлекет басшысы Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 03 Қыркүйек, 2025
Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Шығыста қар аралас жаңбыр жауып, солтүстік пен батыста бұршақ түсуі ықтимал. Ал оңтүстікте күн ашық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
 
                             
                                 
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                