Қоғам • Бүгін, 09:17

Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша, еліміздің бірқатар тасжолында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?

Фото: istockphoto.com

 «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлағандай, қазіргі уақытта жолдардағы жағдай төмендегідей:

Ауа райының бұзылуына байланысты Қордай асуының жаңа айналма жолы (Кенен – Қайнар ауылдары аралығы) көліктің барлық түрі үшін жабық. Жүргізушілер ескі Қордай асуы арқылы қатынай алады. Жол бүгін сағат 09:00 шамасында ашылуы тиіс.

Астана – Павлодар бағытындағы «Қалқаман» көлік айрығында қозғалыс шектелді. Көпір құрылымының зақымдануына байланысты Қалқаман кентіне кіру-шығу мүмкін емес.

Осинов асуында (Өскемен – Алтай бағыты) тіркемесі бар ауыр жүк көліктеріне тыйым салынды. Бұл шектеу қыс мезгілі аяқталғанша сақталады.

Жолдың жай-күйі талапқа сай болғандықтан, келесі учаскелерде ең жоғары жылдамдық 110 км/сағ дейін көтерілді:

1. Астана – Көкшетау – Петропавл (Ақмола облысы аумағында).

2. Астана – Қарағанды (Жібек жолынан Теміртауға дейінгі аралық).

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Жолдағы көріну деңгейі төмендеуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар