
Оқиға • 13 Маусым, 2025
Биыл 11 мыңнан астам ипотекалық несие берілген
2025 жылдың басынан бері елімізде ипотекалық бағдарламалар аясында 11 мыңнан астам несие берілді. Бұл тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға бағытталған мемлекеттік бастамалардың нақты нәтижесі. Әсіресе, әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге басымдық беріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Маусым, 2025
Астанада ата-аналарды алдап соққан алаяқ сотталды
Елордада балабақшадан орын алып беремін деп 30-дан астам ата-анаға уәде беріп, орындамай кеткен алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Маусым, 2025
Қазақстан мен Иран агросалада ынтымақтастықты нығайтады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Астанаға ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезелдже мырзамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар дәнді-дақылдар экспорты мен аграрлық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Маусым, 2025
Атыраулық компаниялар мұнай қалдықтарын заңсыз төккен
Атырау облысында Karabatan Utility Solutions және IDOS Services компанияларының мұнай қалдықтарын заңсыз төккені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Маусым, 2025
«Самұрық-Қазынаның» табысы айтарлықтай өсті – Нұрлан Жақыпов
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры соңғы жылдары тұрақты қаржылық өсімді көрсетіп келеді. Бұл туралы Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Астанада өткен Қор қызметінің аралық қорытындыларына арналған брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Маусым, 2025
Биыл 18 мың құтқарушы тұрғын үй төлемдерін алады
Биыл елімізде шамамен 18 мың Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкері тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Сенат кулуарында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Маусым, 2025
Қызылордада сантехникалық бұйым өндіретін зауыт салынады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын жоғары технологиялық зауыт салу жобасы және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Маусым, 2025
Оңтүстік Африкада тасқыннан 49 адам қаза тапты
Оңтүстік Африка Республикасында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ел билігі төтенше жағдай жариялады. Елдің бірнеше өңірінде қалың қар мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны орын алып, табиғи апаттан 49 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2025
Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты
Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Маусым, 2025
Данияр Елеусінов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Олимпиада чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 2025 жылдың 19 шілдесінде АҚШ-тың Пенсильвания штатында өткізеді. Бұл туралы беделді BoxRec порталы хабарлады. Қазіргі таңда оның қарсыласы кім екені әлі белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.