
Оқиға • 18 Маусым, 2025
Қазақстан ХҚДБ-дан 42 млрд теңге қарыз алады
Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен (ХҚДБ) 42 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қарыз алады. Бұл қаражат Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасына бағытталады. Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын ратификациялап, Сенаттың қарауына жіберуге қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Депутат қарыз келісімін ратификациялауды ұсынды
Мәжіліс 2024 жылғы 12 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) ратификациялады. Баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева аталған жоба ауыл тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 18 Маусым, 2025
Мәжілісте бюджеттің былтырғы орындалуы талқыланды
Қаржы және бюджет комитеті Парламент Мәжілісі комитеттерінің қорытындыларын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарап шығып, құжаттарды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына талқылауға енгізуге болады деп есептейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Қазақстанда көші-қон оң динамикаға ие болды – сарапшы
Қазақстанда соңғы онжылдықта халық саны 2,8 миллион адамға артты. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Шынар Төлешова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Министр жеке деректердің таралуына қатысты түсініктеме берді
Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 16 миллионнан астам азаматтың жеке деректерінің желіге таралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Маусым, 2025
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаға мерзімі өтіп кеткен дәрі берілген
Қарағанды қаласында 8 жастағы мүмкіндігі шектеулі балаға мерзімі өтіп кеткен дәрілік препарат берілгені белгілі болды. Бұл туралы баланың анасы мәлімдеп, сотқа жүгінуге ниетті екенін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Маусым, 2025
Көпжылдық әріптестік: «Орталық Азия – Қытай» ұзақ мерзімді стратегиясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөйлеген сөзінде мәдени-гуманитарлық бағыттағы серіктестіктің жоғары қарқынын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөз сөйлеп, өңірлік тұрақты дамудың негізі ретінде энергетика саласындағы ықпалдастықтың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Маусым, 2025
«Құрық» портында жүк терминалын бірігіп салуды ұсынамыз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысып, қазіргі күрделі геосаяси жағдайда өңірлік көлік-логистика бағыттарын нығайтудың маңыздылығына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 17 Маусым, 2025
Саранда моноқалаларды дамыту мәселесі талқыланды
Қарағанды облысының Саран қаласында «Моноқалалардың болашағы: оң тәжірибе және тұрақты даму» атты республикалық семинар-кеңес өтіп жатыр. Іс-шараға еліміздегі 20 моноқаланың әкімдері, министрлік өкілдері және сарапшылар қауымдастығының мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.