Ауа райы • 06 Қаңтар, 2026

Қазақстанда Рождество мерекесінде ауа райы қандай болады?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 7 қаңтар – Рождество мерекесі және одан кейінгі күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің ірі қалаларында құбылмалы ауа райы күтіледі. Солтүстікте қар жауып, боран соқса, оңтүстік өңірлерде күндізгі температура нөлден жоғары болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда Рождество мерекесінде ауа райы қандай болады?

Фото: istockphoto.com

Елордада апта ортасында қар жауып, боран соғады және жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
  • 7 қаңтар: Күндіз -9…-11°С, түнде -11…-13°С. Батыстан жел соғады.
  • 8 қаңтар: Жауын-шашын тоқтайды, бірақ күн суытады. Түнде -16…-18°С-қа дейін аяз болады.
  • 9 қаңтар: Түнде -12…-14°С, күндіз -7…-9°С.
Алматыда жауын-шашынсыз, бірақ тұманды ауа райы сақталады.
  • 7 қаңтар: Түнде -3…-5°С, күндіз +3…+5°С жылы. Түнде және таңертең тұман түседі.
  • 8 қаңтар: Күндіз температура сәл төмендеп, +1…+3°С көрсетеді.
  • 9 қаңтар: Таңертеңгі тұман сақталады, күндіз қайтадан +3…+5°С-қа дейін жылынады.
Шымкентте үш күн бойы айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді, бірақ кей жерлерде тұман болуы ықтимал.
  • 7 қаңтар: Түнде -2…-4°С, күндіз +4…+6°С.
  • 8 қаңтар: Күндіз ауа температурасы +5…+7°С-қа дейін көтеріледі.
  • 9 қаңтар: Ең жылы күн болмақ: күндіз сынап бағанасы +7…+9°С-қа дейін жетеді, түнде -2…-4°С аяз.
Соңғы жаңалықтар

Брисбендегі бәсеке

Теннис • Бүгін, 08:15

Қажетті ұсыныстар айтылды

Қоғам • Бүгін, 08:05

Заманауи музей қызметі

Мәдениет • Бүгін, 08:00