Видео • 10 Қараша, 2025
Жаңа туған сәби Өскеменге тікұшақпен шұғыл жеткізілді (видео)
«Қазавиақұтқару» РМК әуе экипажы санитарлық рейсті орындап, денсаулық жағдайы шұғыл медициналық көмекті қажет еткен жаңа туған сәбиді санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге облыс орталығына жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қараша, 2025
Ғалымдар жерге жақындап келе жатқан бөгде планеталықтардың сигналын тапты
Астрономдар 24 қазан күні Оңтүстік Африкадағы MeerKAT радиотелескопымен 3I/ATLAS объектісінен сигнал қабылдағанын мәлімдеді. Бұған дейін осы сызықтар бойынша сигналды анықтау әрекеттері сәтсіз болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қараша, 2025
«Сөзімді бұрмалады»: Трамп BBC тілшілерін сайлауға әсер етуге тырысқан деп айыптады
АҚШ президенті Дональд Трамп BBC тілшілерін өзінің сөзін бұрмалап, 2024 жылғы президент сайлауының қорытындысына ықпал етуге тырысқан деп айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz TACC агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 10 Қараша, 2025
Словакияда екі пойыз соқтығысып, ондаған адам зардап шекті
Словакия астанасы Братиславадан шамамен 20 шақырым қашықтықта екі пойыз соқтығысып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан ондаған адам жарақат алған, қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Perplexity Pro: Енді азаматтар ЖИ қызметін бір жыл тегін пайдалана алады
Енді ел азаматтары Perplexity Pro жасанды интеллект платформасына бір жыл бойы тегін қол жеткізе алады. Бұл мүмкіншілік Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Қазтелеком» АҚ және Perplexity AI, Inc. компаниясы арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Stadler вагондары климаттық сынақтан сәтті өтті
Қазақстанда құрастырылған жаңа Stadler жолаушылар вагондары елдің әртүрлі өңірлеріндегі күрделі климаттық сынақтардан табысты өтті. Заманауи пойыздар -30°C суықта да, аптап ыстықта да сенімді жұмыс істей алатынын дәлелдеп, қазақстандық теміржол жүйесіне бейімделгенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Қаржылық алаяқтықтан қалай қорғануға болады?
Қаржы ұйымдары атынан жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеген шақта азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында әрбір қазақстандық банк пен микроқаржы ұйымдарынан несие алуға өз еркімен тыйым қоя алады. Бұл «Стоп-кредит» деп аталатын қызмет Egov.kz порталында және Egov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
СҚО-да бюджет ақшасы бес жыл бойы есепшінің қалтасына түсіп келген
Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығы бухгалтері бірнеше жыл бойы бюджет қаражатын өз шотына заңсыз аударып келгені анықталды. Әйел адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Қараша, 2025
Сәби өлімі бойынша әлемдік рейтинг жарияланды: Қазақстанның көрсеткіші қандай?
Соңғы жылдары әлемде бір жасқа дейінгі балалар өлім-жітімі азайғанымен, елдер арасындағы алшақтық әлі де орасан. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш мың балаға шаққанда екіден аз болса, кейбір кедей елдерде жүзге дейін жетеді. Ranking.kz мәліметінше, Қазақстан сәби өлімін азайтуда айтарлықтай ілгері жылжығанымен, әзірге дамыған елдердің деңгейіне жете қойған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Қараша, 2025
Дүниежүзіндегі ормандарға үлкен қауіп төніп тұр
БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының сарапшылары климаттың өзгеруіне байланысты әлемдегі барлық орманға қауіп төніп тұрғанын айтты. Бұл жағдай температураның көтерілуі, ауа ылғалдылығының төмендеуі және зиянкестердің жаппай таралуынан туындаған орман өрті мен құрғақшылықтың жиілеуімен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы басылымына сілтеме жасап.