
Оқиға • 24 Шілде, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
26 мен 27 шілде аралығында елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шаруа қожалықтары мен жергілікті өнім өндірушілер қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Шілде, 2025
Ресейде ұшақ құлап, 49 адам қайтыс болды
Ресейдің Амур облысында Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта болған барлық 49 адам көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Шілде, 2025
Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасымен кездесті
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Кездесу барысында тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Шілде, 2025
Қазақстандық дзюдошылар Универсиадада қола жүлдегер атанды
Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Жазғы Универсиадада Қазақстан спортшылары алғашқы жетістіктеріне қол жеткізді. Дзюдо жарыстарының алғашқы күнінде ұлттық құраманың екі өкілі жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Шілде, 2025
Лицензиясыз мектептердің мәселесі қаралып жатыр - министр
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында әлеуметтік саладағы Президент тапсырмаларын орындау барысы талқыланды. Шараға вице-премьер Ермек Көшербаев пен салалық министрліктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Шілде, 2025
Жаңа жүйенің жаңалығы: айып тұрағының әр күні ақылы болуы мүмкін
Енді айып тұрағына түскен көлік үшін жүргізуші әр тәулікке ақы төлеуі мүмкін. Бұған дейін айып тұрағындағы көлікті шығару үшін тиісті айыппұлды төлеу жеткілікті еді. Көлік ұзақ тұрып қалса да, оған қосымша ақы есептелмейтін. Бұл жағдайды өз пайдасына шешіп, айып тұрағын тегін тұрақ ретінде пайдаланып келгендердің қарасы да көбейген. Жол ережесін бұзып, көлігін заңсыз жерде қалдырған азаматтар үшін бұл әділетті жаза болып көрінгенімен, мәселенің екінші жағы бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Шілде, 2025
Жарты жыл ішінде 250 мың адам жұмыспен қамтылды
Бүгін Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік сала бойынша тапсырмаларын орындауға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев әлеуметтік саясат саласындағы басты бағыттар жайында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Шілде, 2025
90 мыңға жуық бала мектепалды даярлықтан өтеді
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балалардың білім деңгейін теңестіру мақсатында елімізде қысқа мерзімді «Балақайлар мектебі» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба Қазақстанда қатарынан екінші жыл қолға алынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Шілде, 2025
Қытай азаматтары үшін Үндістанның есігі қайта ашылды
2025 жылдың 24 шілдесінен бастап Үндістан Қытай азаматтарына туристік визалар беруді қайта бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz NDTV-ге сілтеме жасап.