
Қоғам • 01 Қараша, 2024
«Қазақстан барысына» – пәтер мен көлік
«Қазақстан барысы» турнирі – жыл сайын еліміздегі үздік балуандардың басын қосатын, дәстүрге айналған дүбірлі дода. Биылғы турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 42 үздік балуан қатысып, бақ сынасты.
Қоғам • 29 Қазан, 2024
Жақында облыстағы кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы дәстүрлі жоба – «Бір ауыл – бір өнім» жеңімпаздары анықталды. Көрме мен өңірлік бренд-комитетінің отырысында Мақсат Көшебаев, Гүлмира Айғожина, Раушан Мұқажанова, Айдар Елубаев сияқты жеке кәсіпкерлер Абай облысы кәсіпкерлер палатасының шешімімен 2024 жылдың грант иегерлері атанды.
Аймақтар • 25 Қазан, 2024
Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданында жаңа пәтерлер пайдалануға берілді. Баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға жататын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 30 азамат соңғы үлгіде салынған баспанаға қол жеткізді. Үйде мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасалған.
Өндіріс • 24 Қазан, 2024
«КAZ Minerals Limited» компаниясы заманауи әрі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытып отыр. Компания Абай облысының Ақтоғай мыс кенішінде, Орлов кеніші мен фабрикасында, Павлодар облысындағы Бозшакөл кенішінде, Шығыс Қазақстан облысындағы екі кеніш пен кен байыту фабрикасында, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде мыс өндірудің әлеуетін арттырып келеді.
Аймақтар • 17 Қазан, 2024
Саламаттылықты насихаттайтын саябақ
Облыс орталығындағы №1 қалалық емхана алдында ақ халатты абзал жандардың құрметіне арналған дәрігерлер саябағы ашылды. Жайлы, жарасымды демалыс бағы жергілікті тұрғындар мен қала меймандарына белсенді, саламатты өмір салтын насихаттайтын қалаулы орын ретінде қызмет етеді.
«Таза Қазақстан» • 16 Қазан, 2024
Экологиялық акция – тазалық кепілі
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Абай облысында ауқымды экологиялық іс-шара жалғасып жатыр. Іс-шараға қатысушылар қоршаған ортаны, экологиялық жағдайды жақсартуға барынша күш салып келеді. Су қоймаларын, саябақтарды, алаңдарды, көшелер мен аулаларды қамтыған ірі сенбіліктерге жүздеген жергілікті тұрғындар шықты.
Аймақтар • 15 Қазан, 2024
Күзгі дала науқаны қызып тұр. Баптап өсірген бидайды соңғы дәніне дейін жинап алу ала жаздайғы ауқымды жұмыстың маңызды бөлігі. Өңір диқаншылары 749,5 мың гектар аумаққа егін еккен. Оның 299,0 мың гектары – дәнді дақыл, 295,8 мың гектары – майлы дақыл, 5,8 мың гектары – картоп, 5,4 мың гектары – көкөніс, 143,5 мың гектары – жемшөп дақылдары.
Жәдігер • 11 Қазан, 2024
Төлеу ақынға төреден өткен балдақ
Хакім Абайдың көзін көрген көрнекті халық ақындарының бірі – Төлеу Көбдікұлы. Оған қатысты әрбір дерек, алақанының табы қалған жәдігер де құнды әрі қастерлі. Сол арқылы ақын әр қырынан танылып, беймәлім сырлар көңілге қонақтайды. Баласы Мұрат Төлеуұлының шаңырағында ақынның қолжазбалары және көзі тірісінде жарық көрген жыр жинақтары, фотосуреттері мен жеке заттары – шапаны, домбырасы, шақшасы, балдағы, кісе белбеуі сынды дүниелері сақтаулы. Тұтынған заттарының арасында қолының табы қалған балдағының тарихы да терең.
Аймақтар • 09 Қазан, 2024
Абай облысында орман өртімен күресте қаза тапқан өрт сөндірушілер мен орманшыларға ескерткіш қойылды.
Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024
Облыс орталығында тіркелген 1 аумақтық, 128 учаскелік референдум комиссиясында таңдау жасауға асыққан, болашаққа бейжай қарамайтын тұрғындардың қарасы қалың болды. Әсіресе қала орталығында тұратындар дауыс беруге белсенді қатысты.