
Аймақтар • 28 Қараша, 2024
Қауіпсіздік мәселесі пысықталды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, елді мекендерді инженерлік қорғау жоспарын жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспардан тыс отырысында мәлім етілді. Басқосуда 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі талқыланды.
Форум • 27 Қараша, 2024
Абай облысында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» және «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында жас мұғалімдерге арналған форум өтті. Мақсаты – жас педагогтерге кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетіп, педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге бағыт-бағдар сілтеу.
Аймақтар • 27 Қараша, 2024
Абай облысындағы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы қорытындыланып, алдағы жылдардың жоба-жоспарлары нақтыланды. Жиында облыс басшысы ауыл шаруашылығы қызметкерлері еңбегінің арқасында өңірдің экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқаты артып келе жатқанын атап өтті.
Өндіріс • 26 Қараша, 2024
Алтын өндіру зауыты іске қосылды
Абай облысында құны 1 млрд теңгені құрайтын алтын өндіру зауыты жұмысын бастады. Көкпекті ауданындағы алтын-күміс қорытпасын шығаратын жаңа кәсіпорын қараша айында өндірістік пайдалануға берілді.
Аймақтар • 22 Қараша, 2024
Жақында облыс орталығында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Секен Тұрысбек өзі жетекшілік ететін «Ақжауын» камералық оркестрімен концерт өткізді. Күй өнерінің корифейлерінен бата алып, өнерді өмірінің өзегіне айналдырған күйшінің ұлттық өнерге сіңірген еңбегі бағаланып, «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталғаны белгілі.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы базасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен Абай ғылыми-мәдени орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына орай Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінен өкілдер қатысып, құттықтау хаттарын табыстады.
Аймақтар • 12 Қараша, 2024
Полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері азаматтық қаруы бар 4 600-ден аса азаматты тексерген. Азаматтық қару иелерін бақылау бойынша жедел-профилактикалық жұмыстар аясында, олардың тұрғылықты жерлеріне тексеру жүргізуде 222 құқық бұзу фактісі анықталды.
Қоғам • 11 Қараша, 2024
Арманыңды жүзеге асыратын - «Ақыл» депозиті
Биылғы жылдан бастап Отбасы банк қазақстандықтарға тұрғын үйге ғана емес, білім алуға да ақша жинауға көмектесе бастағаны белгілі. Балалардың болашағына үлкен мүмкіндіктердің есігін ашатын дүние сапалы білім екені анық. Аталған банктің «AQYL» депозиті келешекте білімді жастардың арманын бағындырып білімдерін жетілдіруге өз септігін тигізе алады.
Аймақтар • 07 Қараша, 2024
Полиция қызметкерлеріне қызметтік көлік табысталды
Абай облысында гарнизондық сапқа тұрғызу сәтінде өңір тыныштығын күзеткен полиция қызметкерлеріне 50 жаңа қызметтік автокөліктің кілті тапсырылды. Салтанатты рәсім аясында сөз алған өңірдегі Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан материалдық-техникалық базаны жақсартуға жергілікті атқарушы органдардың қосқан үлесін атап өтті.
Байқау • 02 Қараша, 2024
Жақында елімізде өткен «Сheese open 2024» халықаралық ірімшік байқауында Абай облысының атынан бақ сынаған Екатерина Паязитова ең дәмді ірімшік жасау шебері атанды.