
Құрылтай • 19 Сәуір, 2024
Ұлттық құндылық – бірегейлік негізі
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөз болған ұлттық құндылық, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық сана мәселелеріне қатысты бүгінде еліміздің әр өңіріндегі қызу талқылау жүріп жатыр. Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық құндылық – ұлт бірлігінің негізі» атты дөңгелек үстелде де ел ертеңіне қатысты өзекті жайттар талқыланды.
Үкімет • 18 Сәуір, 2024
Салалық маңызды заңдар қабылданды
Парламент Мәжілісінің спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде 16 заң жобасы талқыланды. Атап айтсақ, экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту, эндаумент-қорлар және олардың қызметі, масс-медиа, көпшіліктің мазасын алған мопедтер мәселесі талқыланып, ұсынылған заң жобалары қабылданды.
Халық • 15 Сәуір, 2024
Жұрттың талап-тілегі жерде қалмайды
Мәжіліс депутаттарының еліміздің су басқан өңірлеріне сапары жалғасып жатыр. Еділ Жаңбыршин, Абзал Құспан, Ринат Заитов, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев Атырау қаласында, Махамбет ауданы мен Құлсары қаласында болды.
Басылым • 14 Сәуір, 2024
Басқа басылымдардан: Ең ауыр табиғи апат
Қазақстанда жексенбіде Төтенше жағдайлар министрлігі 12 мыңға жуық адам уақытша баспанаға орналастырылғанын хабарлады. Сонымен қатар құтқарушылар 60 мыңға жуық үй жануарын қауіпсіз аймаққа жеткізді.
Құқық • 12 Сәуір, 2024
Терроризмге қарсы күресте ортақ коалиция керек
Биыл 22 наурыз күнгі Мәскеу кешінің тыныштығын бұзған «Крокус Сити Холл» ойын-сауық орталығындағы қанды теракт әлемде біраз елдің қауіпсіздік қызметін ұйқысынан оятқандай болды. Халқының амандығын қамтамасыз ету мақсатында көптеген мемлекет басшылары күн құрғатпай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізіп, етек-жеңін жинауға кірісіп кетті. Әсіресе Ресеймен көршілес елдер, оның ішінде Қазақстан билігі де қарап қалмады. Лаңкестердің Тәжікстан азаматы екені белгілі болғаннан кейін Орталық Азия елдері қауіпсіздік шараларын тіпті күшейте түсті.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Өтемақы төлеуді қатаң бақылайды
Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы жұмысын жалғастырып жатыр. Соның ішінде жағдайы күрделі өңірлерге ерекше назар аударылып отыр. Кейбір елді мекендерде су тартыла бастағанымен, тұруға жарамсыз. Сондықтан тұрғындар үйлеріне қайта алмай отыр. Халықпен кездесуде депутаттар тасқын салдарынан болған шығындарға берілетін өтемақы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Халық • 08 Сәуір, 2024
Мәжіліс депутаттары жағдайды бақылау үшін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға аттанды. Олар жергілікті тұрғындармен кездесіп, жедел штаб жұмысына қатысып жүр.
Басылым • 08 Сәуір, 2024
Басқа басылымдардан: ШЫҰ сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұрады
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуі өтті. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ШЫҰ-ның заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы қолданатын әдіс-тәсілдерін күшейтуі қажет екенін атап өтті.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вандализмге қатысты ой қозғап, қоғам тәрбиесіне алаңдаушылық білдірген еді. Бүгінде бұл кеселге қарсы күресіп жүрген ерікті жастар ұжымдары елімізде аз емес. Бірақ вандалдар да бұзақылық әрекеттерін тыятын түрі жоқ.
Қоғам • 04 Сәуір, 2024
Арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 2,2 мыңнан астам азамат қызмет көрсету үдерістерін цифрландыру жөніндегі қанатқақты жобаға тартылды. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.