Ержан ҚОЖАС
Ержан ҚОЖАС«Egemen Qazaqstan»
69 материал табылды

Туризм • 22 Ақпан, 2024

Барды ұқсату өзімізден басталады

Қазақ жерінде ежелден бұлақ көп. Көбісі халық ұғымында киелі саналады. Бәлкім, әулие-әмбие жатқан маңнан ұшырасқандікі болар. Бұдан бөлек, емдік шипасы бар бұлақ көздерін жиі естиміз. Бірақ оны өткен ғасырда қазылған көп бұлақпен салыстыруға келмейді. Олардың жөні бөлек. Кеңес өкіметі кезінде Қызылқұм мен Қарақұмда қой өргізген талай шопанның қыстауы мен жайлауынан бұрғылап ашқан жерасты суын бұл санатқа қосып қайтеміз? Мал басын өсіруде жақсы жайылымнан бөлек, су көзінің қажет екені түсінікті жайт қой.

Қоғам • 20 Ақпан, 2024

Қымызға сұраныс жоғары

Елде үйір-үйір жылқысы барлар екі-үш бие сауып отырған шеткі ауылдастан саумал сатып ішеді. Қорасынан көктемде қырық бұзау өрген ауыл қазағының үйіндегі жеңгей қағаз қораптағы сүтті шайға қатып отыр. Барды ұқсатуға не кедергі? Әсілі, адамда қызығушылық болмаса, істеген істің бәрі құр ма деп те қаласың.

Мирас • 19 Ақпан, 2024

Жылқыдан неге жырақтап барамыз?

Бәлкім, біз қателесіп те отырған шығармыз. Мұны оқып бастаған адам «пәлі, жылқы мінбей не көрініпті, біздің елде мұндайлар баршылық» деп қарсы уәж айтуы бек мүмкін ғой. Оған қарсы жауап та айтпаймыз. Бірақ кешегі мен бүгінгіні салыстырып көрдік.Ат үстінде өмір сүрген ата-баба салты белгілі. Оны қозғамаймыз. Әрі кетсек 20-30 жыл төңірегіндегі уақытты қаузап көрсек. Бір буын алмасар мұндай кезеңді ширек ғасыр деуші еді. Сол ширек ғасырда атқа мінген ағалар азайып, бала біткен оны сирек көретін жағдайға жетті.

Қоғам • 19 Ақпан, 2024

Ескі көліктің жыры

Елдегі ескі көлік иелері алаңдап отыр. Экологтер полицейлермен бірлесіп рейд жүргізбек. Мақсат – түрлі көліктерден бөлінетін газ мөлшерін тексеру. Егер ауаны бүлдіру көрсеткіші нормадан асса, пайдалану құқы шектеледі. Мемлекеттік нөмірі қоса алынады.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2024

Қызылқұмда құпия көп

Қызылқұм – жұмбағы мол, тылсым дүниесі жетерлік өлке. Әу бастан мал баққан жұртқа жайлы мекен деседі. Ілгеріде құдық та, бұлақ та көп болыпты. Қыстау басқан қазақтың малын бұл Қызылқұм жұтқа да алдырмаған.

Шаруашылық • 09 Ақпан, 2024

Оңтүстік: Ерте қамданғанның есебі түгел

Жер қараюын күтетін оңтүстіктегі шаруалар еңбекке ерте кіріседі. Өйткені онда солтүстік өңірлердегідей аяз бен сірескен қар жоқ. Тоңы жібіп, ызасы теуіп тұрған жердің бауырына қара кетпенмен із салып, қарық салатыны да сондықтан.

Жәдігер • 08 Ақпан, 2024

Жамбылдың домбырасы

– Біздегі музейде Жамбылдың домбырасы сақтаулы тұр, – деді бірде жалағаштық әріптесім Нұрсұлтан Қазбеков. – Рас па? Кәдімгі Жамбыл Жабаев па?! Дүдәмалдау көзқарасымды көріп, «осы шынымен сенбей отыр ма?» дегендей көзілдірігінің астымен сүзіле қарады.– Рас. Менде толықтай мәлімет те бар. Сенбей отырсың-ау, апарып көрсетейін.– Ойпырмай, жарылып кетпей, осындайды қалай ішіңе жиып жүресің, – дедім күліп. Шынымен, сөйлеуі қиын, біртоға жігіттен осындай ақпарат алғаныма қатты қуанғанмын. Өз-өзіме риза кейіппен, шұғыл түрде Нұрекеңді асықтыра музейге қарай тарттық...

Экономика • 07 Ақпан, 2024

Шаруа уайымын қалай сейілтеміз?

Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдеріне қатысты күрделі мәселе – су тапшылығы. Жыл өткен сайын жерүсті суының сарқыла бастауы бізді ғана емес, көршілерді де әбден ойлантып тұр. Ал былтыр Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екенін айтқан болатын.«...Жалпы, біз трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер», деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Экспорт • 06 Ақпан, 2024

Әлемдік нарықтағы Қазақстан күріші

Қай мемлекеттің болсын эконо­микасындағы маңызды саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Қазақ­станда бидай мен күріш, сондай-ақ өзге дәнді дақылдарды өсіруде шаруалардың еңбегі орасан.

Несие • 02 Ақпан, 2024

Агробанк: Шаруаларға септігі тисе игі

Бұл мәселе көтерілгелі көп жыл өтті. Әдепкіде шаруа күйттеген елдегі ағайынның осындай ішкі тілегі болған. Кейінгі он жылдықта барлық өңірде ашық айтылып, ел аралаған депутаттар алдында да жиі-жиі көтеріле бастады. Қуаныштысы, ауылдағы ағайын айтқан талап-тілек Астанаға да жеткен.