Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
1871 материал табылды

Ата заң • 09 Ақпан, 2026

«Ардагерлер ұйымы» жаңа Конституция жобасын қолдады

Жаңа Конституция жобасында аға буынның мүддесіне тікелей қатысты маңызды нормалар қарастырылған. Осыны атап өткен Қазақстан ардагерлер ұйымы әзірленген Ата заң жобасын қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ата заң • 09 Ақпан, 2026

Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады

Еліміздің жаңа Конституциясы жобасына азаматтар мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары негізінде бірқатар маңызды толықтыру енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, таныстырды. Ұсыныстардың ішінде волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту бастамасы қолдау тапты, деп жазады Egemen.kz.

Логистика • 09 Ақпан, 2026

Қазақстан Қытай арқылы транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел атанды

Еліміз халықаралық автомобиль тасымалдарының географиясын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. 2025 жылы ел 42 мемлекетпен үкіметаралық келісімдер жасасып, автотранзит пен экспорт-импорт бағыттарын әртараптандыруға нақты қадам жасады. Бұл шешімдер отандық тасымалдаушылардың сыртқы нарыққа шығуын жеңілдетіп, өңірлік логистикадағы Қазақстанның рөлін күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 09 Ақпан, 2026

Тұрғын үй кезегі қайта жүйеленді: Кімдерге жеңілдік беріледі?

Елдегі тұрғын үй кезегіне қатысты сауал көбейген тұста Отбасы банк тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың деректерін орталықтандырылған түрде жүргізу және мемлекеттік қолдауды әділ бөлу үшін қабылданған нақты шешімдерді жария етті. Банк бұл шаралар кезектен негізсіз шығарылу қаупін азайтып, әлеуметтік осал санаттардың құқығын қорғауға бағытталғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 09 Ақпан, 2026

Оқу-ағарту министрі: Буллинг үшін директорды жұмыстан босату орынсыз

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы Атырау облысында болған оқушылар арасындағы буллинг жағдайына қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, бұл мәселе мектеп директорын қызметтен босатумен шешілмейді, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдай • 09 Ақпан, 2026

Таразда анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберді

Тараз қаласында қайғылы оқиға тіркелді. Көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен екі бірдей жас баланы анасы лақтырып жіберген. Оқиға Төле би даңғылы бойындағы жатақханада болған, деп жазады Egemen.kz.

Заң мен Тәртіп • 09 Ақпан, 2026

Ресейден қуылған Нұрлан Сабуров алғаш рет мәлімдеме жасады

Орыс сахнасында өнер көрсетіп, танымалдыққа ие болған Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды. Осы жағдайға байланысты әзілкеш көпшілік алдында алғаш рет үн қатты. Өнерпаз бұл мәселемен заңгерлер айналысып жатқанын айтып, тергеу аяқталғанға дейін егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартты, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 09 Ақпан, 2026

Зейнетақы төлемі кешікпеуі үшін не істеу қажет?

Зейнет жасына таяған азаматтар үшін ең өзекті сұрақтың бірі – зейнетақы жинақтарын уақтылы және дұрыс рәсімдеу. Әлеуметтік кодексте бекітілген талаптарға сәйкес, кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы жүзеге асырылады. Бұл төлемдер зейнет жасына жеткендерге, сондай-ақ бірінші немесе екінші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар азаматтарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.

Тұлға • 09 Ақпан, 2026

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Дәл осы күні поэзия мұзартының мұзбалағы Мұқағали Мақатаев дүниеге келген. Биыл ақиық ақынның 95 жылдық мерейтойы, деп жазады Egemen.kz. 

Заң мен Тәртіп • 09 Ақпан, 2026

Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды

Кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғау – прокуратура қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі. Осы бағытта Орал қаласында жүйелі жұмыс жүргізіліп, нақты нәтижеге қол жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика