Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
174 материал табылды

Мәдениет • 24 Қазан, 2025

Бақытжан Оразалиев: «Заманауи кітапхана оқырманға қолайлы жағдай жасауымен ерекшеленуі керек»

Александр Пушкин көшесінің бойында кітап арқалаған жастардың қарасы қалың. Олардың көбі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының тұрақты оқырмандары. Жаңа технологиялармен жабдықталған, кітап қоры бай бұл руханият ордасы бүгінде білім іздеген жастардың бас қосатын орнына айналған.  Кітап ісінің жаңа бағыттары, оқырман мәдениетінің өзгеруі және цифрлық дәуірдегі оқу үрдісінің ерекшеліктерін сұрап білу үшін кітапхана директоры Бақытжан Оразалиевпен сұхбаттасқан едік.

Архив • 24 Қазан, 2025

Шерхан Мұртазаның «Егеменде» сақталған мұрасы

Халық «намыс найзағайы» деп бекер айтпаса керек. Екі көзін Ақсу-Жабағы­лы­ның барысындай қадап, тарғыл мұртын тікірейтіп, қақпақ жауырынын күжірейтіп, шамыр­қана шатынай, қыранша саңқылдай сөйлегенде қазақ баласы дүрілдете қол соғар еді. Ал жазғанда халқының арын арлап, жоғын жоқтаған көсемсөзі оқырманның көкірегіне қона кетіп, сай-сүйегін сырқырататын-ды. Бірақ бір сәт ойланайық. Ол бұл биікке қалай жетті? Әлбетте, оңай жеткен жоқ. Кемел­дікке жетер жолдың шырға­лаң һәм шытырман, қиыр да қиын соқ­па­ғынан өтті. Қаламгердің осынау бей­нет­ті бел-белесінің бедері қойындәптері мен түрлі жазбасында сақталған.

Жасанды интеллект • 22 Қазан, 2025

Адамзат тарихын алгоритм жаза ма

Жасанды интеллектінің кернеуі күн сайын күшейіп келеді. Адамзат ақпаратты сандыққа емес, сандық алгоритмге жүктеп, жеке деректерін жасанды интеллектіге аманаттай бастады. Бұл үрдістің қаншалықты қауіпті иә қауіпсіз екенін цифрлық коммуникациялар саласының зерттеушісі Айгүл Ахметовадан сұрап білдік.

Таным • 18 Қазан, 2025

Белгісіз күй сыры

Өнер иелері табиғатынан шығарма­шылық зертханасын көрсетуге әуес болмайды. Ақын-жазушылар шығар­масын қалай дүниеге әкелгенін, оны жаратуда қандай көркем әдістерді қолданғанын айта бермейді. Бұл қасиет күйшілерде де бар.

Ғалам ғажаптары • 18 Қазан, 2025

Сандардың қисыны

Өзіңді танысаң, әлемді танисың. Аңдап қарасақ, ақиқат – алақанымызда екен. Ел аузындағы айқындықты айтқанда, «бес саусақтай білу», «алақанға салғандай» деуі де ежелгі түсініктен шықса керек.

Ғалам ғажаптары • 18 Қазан, 2025

Қаныштың түйсігі

Ғалымдар «Ер Төстікті» ғұн дәуірінен келе жатқан ертегіге жатқызады. Себебі онда ежелгі түркі мифология­сына тән ұғымдар мол сақталған. Ал Шойынқұлақ, Мыстан кемпір, Кенжекей сынды кейіпкер есімдері – бабаларымыздың ертеден кен игеріп, темір илегенінің мысалы.

Мереке • 17 Қазан, 2025

Тілсіз жауды тізгіндеген жылқышы

Бүгінгі бейбіт күннің батырлары – құтқарушылар. Табиғаттың тосын апатында тосырқап қалмай, өзге үшін өзінің жанын бәйгеге тігеді. Мәселен, кейінгі 30 жылда 72 құтқарушы өз борышын атқару кезінде қаза тапқан. Тәуекелге тәубе дейміз. Ерлердің батырлығы арқасында талай азамат ортамызда аман-есен жүр. Осындай қиын да қасиетті істің иелерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ерлігі мен еңбегіне жоғары баға берді, деп жазады Egemen.kz.

Республика күні • 14 Қазан, 2025

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Еліміздің тарихи шешімін айқындаған Егемендік декларациясы – мемлекеттігіміздің берік ұстыны. Бұл құжатта ел аумағының тұтастығы, шегенделген шекарасы, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған ұстанымдар айқындалған. Жарлықтың жарияланған күні қазір қайта жаңғыртылып, «Республика күні» ретінде аталып өтеді.

Мәдениет • 13 Қазан, 2025

Зиялы адам қалай қалыптасады?

Мәдениет – күрделі де ауқымды ұғым. Оны әртүрлі мағынада қолдануға болады. Біз мәдениеттің күнделікті өміріміздің айнымас бөлшегі екенін, ол біздің ойымыздан, іс-әрекетімізден, қарым-қатынасымыздан көрініс табатынын жақсы білеміз.  Бірақ мәдениетті білу бір басқа да, мәдениетті болу мүлде басқа. Сол себепті үшбу мақаламызда келесі сауалдарға жауап іздесек дейміз: мәдениет адамға не үшін керек, зиялылық қандай жағдайда қалыптасады, мәдениет пен оспадарлық арасындағы еркіндік пен жауапкершілік қандай?

Экономика • 08 Қазан, 2025

Халық ақшасын қайда аударып жатыр

Ұлттық банк 2025 жылдың алғашқы жарты жылындағы төлем жүйесіне қатысты есеп жариялады. Есепте отандастарымыздың қалай және қайда ақша аударатыны, банк қызметтерін қаншалықты пайдаланатыны туралы мәлімет берілген, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика