
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Хамит Ерғалиев ауылына қауіпсіз өткел керек
Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ақжол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында Исатай ауданына қарасты Хамит Ерғалиев ауылы тұрғындарымен жүздесті. Кездесудегі ең өзекті мәселе «Атырау-Астрахань» автожолы бойындағы жаңадан салынған көпір туралы болды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 03 Шілде, 2025
Домбыра күніне орай 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады
2018 жылы Президенттің бастамасымен бекітілген Ұлттық Домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетіні мәлім. Биыл бұл мереке 6 шілдеде тойланады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Жетісу облысында каналдар жаңғыртылып жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше аталған облыста Ислам Даму Банкінің қолдауымен 2 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Шілде, 2025
Отандық өндірушілерге ұлттық режим беріледі
Биыл 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында мемлекеттік сатып алулар мақсатында тауарлардың шыққан елін анықтау қағидаларына 11-қосымшасын алты жаңа тауар позициясымен – медициналық және химиялық бұйымдармен толықтыру туралы шешім мақұлданды. Бұл шешім – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) тауарлары ретінде танылатын өнімдер тізбесін кеңейтуге және тиісінше, Одақтың барлық мүше мемлекеттерінің аумағында мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде оларға ұлттық режим беру мақсатында қабылданды. Бұл тауарлар шыққан елін растайтын СТ-1 сертификаты болған жағдайда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Шілде, 2025
Кеншілер қауіпсіздігі – басты назарда
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Арман Қалықов, Үнзила Шапақ, Құдайберген Бексұлтанов, Бауыржан Смағұлов және Тілектес Адамбеков жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, «Киров» шахтасының еңбек ұжымымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 02 Шілде, 2025
Астық экспорты 60 пайызға артты
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйек пен 2025 жылғы маусым аралығында елімізден шетке жөнелтілген жаңа астық өнімінің көлемі 9 млн тоннаға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға артық, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 02 Шілде, 2025
Экожүйені өсімдікпен қалпына келтіру әдісі табылды
Сәтбаев Университетінің бір топ жас ғалымдары гипераккумуляторлық өсімдіктер мен микоризияларды қолдана отырып, ашық тау-кен жұмыстары салдарынан бұзылған жерлерді рекультивациялау процесін қарқындатудың тың әрі экологиялық тәсілін әзірлеп жатыр. Бұл бастама еліміздің шөлді және шөлейтті аймақтарында ауыр металдармен ластанған жерлерді қалпына келтіру ісінде жаңа кезеңнің бастамасы болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Шілде, 2025
Жарақаттан болатын өлім саны төмендеді
Елімізде соңғы бес жылда жарақат салдарынан болатын өлім-жітім 19 пайызға азайған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы, академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарисов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 02 Шілде, 2025
Өзгермелі әлемде қасиетті мұраларды сақтау маңызды - Дархан Қыдырәлі
Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі «Рухани дипломатия мен әлемдік және дәстүрлі діндердің қасиетті мұрасын сақтау» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға қатысты. Діни конфессиялар, ғылыми қауымдастық, дипломатиялық топтар және азаматтық сектордың өкілдері дінаралық диалог саласындағы сын-қатерді, сондай-ақ жаһандық бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтудағы рухани дипломатияның маңызын талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 02 Шілде, 2025
Балабақша балалары мінген көлік автобусқа соқтығысқан
Қызылорда қаласында бүлдіршіндерді балабақшаға тасымалдап бара жатқан жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Оқиға орнында анықталғандай, «Chevrolet Cobalt» маркалы көліктің ішінде балабақшаның екі қызметкері мен төрт бала болған, деп жазады Egemen.kz.