Республика күні • 21 Қазан, 2024
Астанада Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
25 қазан күні елімізде Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізіледі. Олардың арасында мерекелік концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған көрнекті нысандар бойынша экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шаралар бар, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Руханият • 17 Қазан, 2024
Халықаралық конференция: «Рухани келісім: бастауы, ахуалы, болашағы»
Рухани келісім күніне орай Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында «Рухани келісім: бастауы, ахуалы, болашағы» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Волонтер • 17 Қазан, 2024
Астанада волонтерлерге арналған семинар өтіп жатыр
Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық волонтерлер фронт-офисі жобасы аясында волонтерлік бойынша тренерлерге арналған «Базалық оқыту курсы» атты үш күндік семинар-тренинг өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 17 Қазан, 2024
Қар барысын сақтау туралы меморандумға қол қойылды
Бүгін Қазақстан мен Қырғызстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында қар барысын сақтау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 17 Қазан, 2024
Елімізде e-qazyna.kz платформасы іске қосылады
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 23 қазан мен 1 қараша аралығында minerals.gov.kz порталы жаңа e-qazyna.kz (https://minerals.e-qazyna.kz/) жаңа Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасына көшуіне сәйкес уақытша жұмыс істемейтінін хабарлады. Жаңа платформада жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып қайта тіркеу қажет болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 17 Қазан, 2024
«Абай» Мәскеудің Үлкен театрында сахналанды
«Абай» операсы араға 66 жыл салып Ресейдің Үлкен театр сахнасында мәскеулік көрерменмен қайта қауышты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 11 Қазан, 2024
Берік Әбдіғали жаңа қызметке тағайындалды
Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
Технология • 11 Қазан, 2024
Суару кезеңіне - су жаңа техника
Су ресурстары және ирригация министрлігі келесі жылғы суару кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің филиалдарын 757 жаңа техника және арнайы жабдықпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Қазан, 2024
Діни қызметті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Биылғы жылдың 8-10 қазан аралығында Берлин қаласында Германия Үкіметінің IRF Secretariat және LYNC ҮЕҰ-мен бірлесіп ұйымдастыруымен Халықаралық министрлер конференциясы (IRF Ministerial) шеңберіндегі іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қазан, 2024
Мүгедектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
18 қазан күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді. Tanda Enbek платформасында түрлі бизнес бағыттар бойынша бос жұмыс орындары орналастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.