Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
290 материал табылды

Жемқорлық • 02 Қараша, 2023

Жолдың жауы – жемқорлық

Еліміздің тәуелсіздігі жылдарын­да республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының біразы жаңартылып, бүгінде халық игілі­гіне жаратылып отыр. Алайда об­лыс­тық және аудандық маңызы бар автожолдардың көпшілігі ұзақ жылдар бойы ешқандай жөн­деу көрмей, әбден тозып, жеңіл көліктің жүруіне жарам­сыз бо­лып қалғандықтан, өңір­лер тұр­ғын­дарының, әсіресе ауыл­да­ғы ағайынның ең басты мұқтаж­дығы­ның біріне айналды.

Денсаулық • 02 Қараша, 2023

Науқастар неге назалы?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілгенімен, оның жағдайы әлі де мәз емес екенін сынай келіп: «Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Тіпті сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл – үлкен олқылық», деген еді.

Шаруашылық • 27 Қазан, 2023

«ҚазАгроҚаржы» қолайсыз ауа райынан зардап шеккендерді қолдайды

Агроөнеркәсіптік кешендегі отандық лизингтік қызметтер нарығындағы көшбасшы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолайсыз ауа райы жағдайларының ауыр зардаптарына тап болған аграршылардың проблемаларын назардан тыс қалдырмайды.

Қазақстан • 24 Қазан, 2023

Елдіктің берік тұғыры

Еліміздің Жоғарғы Кеңесі іргесі шайқалып, күйреу­дің алдында тұрған кеңес одағы құрамындағы рес­пуб­ликалардың «егемендік шеруі­не» ілесіп, 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ ССР-інің Мемлекеттік еге­мен­дігі туралы» декларация­ны қабылдағанда халқымыз­дың кеудесінде ұлттық намысы өшпеген саналы аза­мат­тарының бөркін аспан­ға атып қуанбағаны жоқ шығар.

Мәселе • 19 Қазан, 2023

Ауыл деңгейіндегі қалалар мәртебесі қашан өзгертіледі?

Биыл жолымыз түсіп, Солтүстік Қа­­зақ­­стан облысының Шал ақын ауда­­нының орталығы – Сергеевка қала­­­сындағы қазақ орта мектебінің ұжы­­­мымен жолыққан едік. Кездесу бары­сын­да мұғалімдер өздері тұрып жат­қан шағын шаһардың мәртебесін өзгер­ту мәселесі көптен сөз болып ке­ле жат­қанымен, нақты қашан шеші­ле­тін­­дігі әлі беймәлім екенін қынжыла айтты.

Қоғам • 18 Қазан, 2023

Малшы табудың мұңы

Бұдан біраз жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысының әкімімен бірге шалғайдағы Уәлиханов ауданы әкімінің аудан орталығы – Кішкенекөл ауылында өткен тұрғындар алдындағы есебін тыңдауға бардық. Аудан басшысы жасаған баяндамадан кейін сұрақ-жауап рәсімі басталған кезде бір әйел залда орнатылған микрофонға келіп, төрде отырған облыс әкіміне қарап: «Сіз осы ауылдың біз тұратын көшесіндегі үйлердің сиырларын жайылымға шығарып бағатын бақташы тауып беріңізші...», деп өтінді.

Қоғам • 17 Қазан, 2023

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да қоғамдық тыңдау өтті

Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ алдағы жылғы жұмысқа экологиялық рұқсат алу үшін қоғамдық тыңдау өткізеді. 16 қазанда кезекті қоғамдық тыңдау өтті.

Энергетика • 16 Қазан, 2023

KEGOC: Электрмонтерлер шеберліктерін шыңдады

Отандық электр энергетикасы саласындағы бас­ты компания – «Электр желілерін басқару жө­ніндегі Қазақстан ком­паниясы «KEGOC» ак­цио­нерлік қо­­ғамы жақын күн­­дері электрмон­тер­лер­дің кәсі­би ше­бер­лігін шыңдауға ар­нал­ған байқау өткізді.

Қазақстан • 13 Қазан, 2023

Қоғамдық бақылау – халық билігінің қуатты құралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Түркістандағы отырысында: «Әділетті Қазақстанды құру – ми­нистр­лер мен әкімдердің ғана міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Ал түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүние­танымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйт­пе­се, басқа реформаның бәрі бекер. Бір сөзбен айтсақ, пиғыл өзгер­месе, ештеңе де өзгермейді», деген пайымы кімді болсын ой­лан­дыруға тиіс.

Дін • 10 Қазан, 2023

Зайырлы мемлекетте заң үстем

Исламның мызғымас бес шарты һәм мұсылман адамның бес парызы – Кәлима-и шәһадат айту, яғни Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Хазірет Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік ету, күн са­йын бес уақыт намаз оқу, жыл сайын ораза ұстау, зекет беру және жағдайы барлардың қажылық жасауы болып саналады. Ал тарихқа үңілсек, басқа мәселелер бойынша дінімізде қатып қалған қағида жоқтығына көз жеткізетін мысал аз емес.