Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1289 материал табылды

Экономика • 29 Қараша, 2021

Баға басын имей тұр

Экономиканың нақты секторының соңғы жартыжылдық мерзімінде өсім көрсете бастағаны белгілі. Үкіметтің ресми дерегіне сүйенсек, 2021 жылдағы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 3,4 пайызға ілгерілеген. Нақты сектордағы өсім 3,5 пайызды құраған.

Экономика • 29 Қараша, 2021

Ауылға салынған инвестиция қысқарды

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпке бұрынғыдай аста-төк инвестиция құю қазір азайған. Биыл 9 айдағы көрсеткішті зерделер болсақ осыған көз жеткіземіз. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі аралықта ауылдық жерлердегі негізгі капиталға 3,9 трлн теңге инвестиция салыныпты. Бұл бір жыл бұрынғы деректен 12,4 пайызға төмен.

Бизнес • 28 Қараша, 2021

Ұлттық банктің бизнеске араласпағаны жөн

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қарашаның 4-і мен 17-сі аралы­ғында Қазақстанда кезекті консуль­тациялық раунд жүргізіп, соның қорытындысына арналған брифинг өткізді. Жиын барысында қор миссиясының басшысы Николя Бланше Ұлттық банктің 2023 ж­ыл­дан бастап бизнесті қол­да­у­ғ­а арналған мемлекеттік бағ­дар­ламалардан шыға бастауын құптай­тынын аңғартты. Сондай-ақ қор өкілдері кәсіпорындардың жекеше­ленуі, бәсекелестікті қолдауға ба­ғыт­­талған тәуелсіз агенттік құру мәселесіне орай да пікір білдірді.

Экономика • 22 Қараша, 2021

Банк секторы бәсекеге түскен үш онжылдық

Тәуелсіздік алған соң Қазақстан дербес банк жүйесіне көңіл бөлді. Ел – егемен, төл валюта – теңгемен, енді бәрін де жаңадан бастау керек еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл қолдауы, сын сағаттарда Ұлттық қордан триллиондаған қаржы бөліп, банк секторын аман сақтап қана қалмай, артық табыс табуға жол ашып беруінің арқасында отандық банк секторы еңсесін тіктеді. Қазір біздің банк жүйесін халықаралық агенттіктер тәуір бағалайды. Активтері де жыл санап өсіп жатыр. Жаппай цифрлану олардың қызметін бұрынғыдан да қолайлы ете түсті. 2008-2009 жылғы дүниежүзілік дағдарыс сәтінде мемлекет қаншама банкті тікелей жетелеп, сауықтырды. Кейін оларға қатаң талап қойып сілкілеп те алды. Қазіргі банк жүйесін талай сын-қатерлерді көріп пісіп-шыныққан, алды-артын бажайлай алатын, клиент үшін тиімді саясат ұстануға құштар қаржы институттары құрап тұр.

Қоғам • 21 Қараша, 2021

Шаруалар айтты базына...

Елордада алғаш рет шаруалар құрылтайы өтті. Shopan ata ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы ұйымдастырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен мал шаруашылығын кәсіп еткен азаматтар қатысты. Әрқайсысының соңында аманат айтқан ел, соған орай құшақ-құшақ шағымы бар.

Экономика • 15 Қараша, 2021

Депозит көлемі көбейді

Биыл экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне банктердегі депозиттік базалардың 3,5 трлн теңгеге дейін өсім көрсетуі де әсер еткен. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының хабарлауынша, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 14,9 трлн теңге жаңа займ берілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 4,7 трлн теңгеге көп.

Қаржы • 14 Қараша, 2021

Ұлттық банктің алғашқы төрағасы: Теңге бағамын анықтайтын формуланы өзгертетін уақыт келді

Ұлттық валютамыз – теңгенің айна­лым­ға енгеніне биыл 28 жыл толды. 90-жылдардың бас кезіндегі ауыр эко­но­ми­калық дағдарыстан суыры­лып шығу, өліара кезеңде заман ағы­мын тап басып тани алу, соған орай эко­но­ми­калық саясат қалыптастыру әсте оңай шаруа емес. Теңгені енгізу кезінде осындай ауыр проблемалар қордаланып тұрған еді. Сол түйіндерді рет-ретімен тарқатқан, төл ақшамыз керек екенін дәлелдеп, теңге жолында тер төккен бір шоғыр топтың биігінде тұрған Ұлттық банктің алғашқы төрағасы, қаржыгер, экономист Ғалым БАЙНАЗАРОВПЕН әңгіме барысында теңгенің туу тари­хы­на, оның атқарар міндетіне және валютаның бүгінгі ахуалына кеңінен тоқ­тал­дық.

Қаржы • 14 Қараша, 2021

Банкнот басу оңай ма?

Алғашқы ақшамызды Ұлыбританияда бастырып, елге тасығанымызды дүйім жұрт біледі. Ал қазір Қазақстан теңге сарайын соғып, банкнот фабрикасын қалыптастырған іргелі мемлекетке айналды. Банкнот басып шығару саласында білім мен білігі биік мамандар шоғыры қалыптасты. Соның арқасында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы тек теңгені ғана емес, тұрмысқа қажетті қаншама құжаттар мен өзге ел валюталарын да басып шығарып отыр.

Экономика • 11 Қараша, 2021

Ресей ақша-несие саясаты қалай әсер етеді?

Жуырда Экономикалық қолданбалы зерттеулер орталығының (AERC) аға талдаушысы Евгения Пак Ресейдегі ақша-несие саясатының Қазақстанға әсері туралы талдауын жария етті. Онда сарапшы бірнеше факторға кеңінен тоқтала отырып, экономикалық ахуалды таразылап көруге тырысады. 

Экономика • 11 Қараша, 2021

Микроқаржы ұйымдары банкке айналуы ықтимал

Пандемия қыспағынан қылы қисаймай шыққан саланың бірі де бірегейі – қаржы саласы, соның ішінде банк секторы. Егер бұдан әрі де жалақы өспесе, халық қарызға бата берсе, банк секторы да сон­­ша­лықты өркен жая түспек. Енді олардың қатары тағы да толы­ғуы мүмкін. Соңғы бір жыл көлемінде микроқаржы ұйым­дары­ның банкке айналуы жиі сөз бола бастады. Яғни мұндай ұйым­дар табысын еселеп, іріленіп келеді деген пайым жасауға болады.