Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1289 материал табылды

Экономика • 15 Маусым, 2022

Электронды сауданың дамуы қарқынды

Электронды коммерция нарығының даму қарқыны қазір триллиондаған теңгелермен өлшене бастады. Былтырғы қорытынды бойынша онлайн-сау­да нарығының айналымы 1 трлн теңгеден асты. Екі жыл бұрын ғана айналым 327 млрд болғанын ескерсек, 24 айдың ішінде нарықтың айтарлықтай ұлғайғанын байқаймыз. Бұл тұтынушы үшін де, бизнес иесі үшін де тиімді болып тұр. Екі жақтың да шығыны қысқарады, сәйкесінше уақыты мен энергиясы үнемделеді.

Экономика • 14 Маусым, 2022

Бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау тыйылмай тұр

Қаржы, экономика тақырыптарында еркін көсілетін депутат Аманжан Жамалов жуырда қызық мәлімдеме жасады. Депутаттың айтуынша, Қазақстанның қарызы Ұлттық қорда жинаған қаржысынан да көп болып кеткен.

Қаржы • 13 Маусым, 2022

Болашағы беймәлім банктер

Санкцияға тап болған ресейлік еншілес банктер клиенттер алдындағы өз міндеттемесін толығымен өтейді. Бұл жайлы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

Экономика • 13 Маусым, 2022

Қымбатшылыққа қалай тұсау боламыз?

Қазір басты тақырып – қымбатшылық. Елімізде инфляция мамыр айында 14 пайызға көтеріліп, 2016 жылдан бергі рекордтық мәніне қайта оралды. Қазіргі геосаяси қысым бүкіл әлемде баға коллапсын тудырып отыр. Тауарлар мен қызметтер елімізде ғана емес, әлемнің басқа құрлықтарында да қымбаттап жатыр. Мұны соңғы көрсеткіштер дәлелдейді. Бұл өз кезегінде Ресеймен тауар айналымын белсенді жүзеге асыратын Қазақстанға ерекше әсерін тигізді.

Экономика • 13 Маусым, 2022

Виртуалды астық қоймасы модулі қадағалайды

Былтыр Қаржы министрінің бұйрығымен астық экспорттаушыларға қосылған құн салығын қайтарып беру жөнінде қанатқақты жоба қолға алынған. Жоба бойынша бидай экспорттаушыларға салықтың осы түрін қайтару көзделген. Қазақстан 2019-2021 жылдары сырттан 157 млрд теңгеге 2,7 млн тонна астық сатып алса, басқа елдерге 20,2 млн тонна астық сатқан.

Қаржы • 13 Маусым, 2022

Жөнсіз жұмсау тыйылмай тұр

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова әртүрлі инс­титут арқылы несие беруді тоқтату жөніндегі ұсынысын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, былтыр мемлекет сондай институттар көмегімен 390 млрд теңге қарыз таратқан. Алайда сол ақшаның басым бөлігі кері қайтпады.

Қаржы • 13 Маусым, 2022

Аңдаусыз тисе апперкот...

Әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі Goldman Sachs-дың болжауынша, алдағы бір жыл көлемінде Brent мұнайының бағасы барреліне 135 долларға жетеді. Сарапшылар ресейлік мұнай жеткізудің қысқаруы және жаһандық сұраныстың артуы мұнай бағасын өсіреді деп пайымдайды.

Қаржы • 12 Маусым, 2022

Қаржылық сауат артып келеді

Қаржылық механизмдердің дамуында, жолға қойылуында халықтың сауаты да үлкен рөл ойнайды. Тұтынушы көбейген кезде ғана онлайн қызметтің шырайы кірмек. Азаматтардың қаржылық тұрғыдан сауатының артуы түрлі қарым-қатынас процестерін жеңілдетеді һәм жеделдетеді.

Қаржы • 12 Маусым, 2022

Банктердің қарыз портфелі қалай өзгерді?

Қазіргі геосаяси ахуал мен нарықтағы қымбатшылық банк секторына да салқынын тигізді. Дағдарыс сәтінде отандық банктердің қарыз портфелі біраз азайды. Соңғы бір айда қарыз портфелінің көлемі 0,6 пайызға немесе 127,3 млрд теңгеге төмендеген. 1 мамырдағы дерек бойынша екінші деңгейлі банктер тарапынан халыққа берілген несие көлемі – 20,32 трлн теңге. Бүкіл сектор бойынша – 11, үздік ондықтағы 4 екінші деңгейлі банк минусқа кірген.

Қаржы • 08 Маусым, 2022

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды

Ұлттық банктің ақша-несие саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшер­лемені кезекті рет 14 пайыз деңгейінде қалдырды. Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов бұл шешім болжамды раунд нәтижелеріне негізделгенін жеткізді.