
Технология • 26 Қазан, 2022
Тауар сатудағы түрік маркетплейсі
Қазақстан мен Түркия арасындағы келісімге сәйкес енді біздің тауарлар ірі түркиялық маркетплейс – Trendyol арқылы сатылатын болды. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Экономика • 20 Қазан, 2022
Төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет пе?
Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салу туралы бастама арагідік көтеріліп тұрады. Қазір елімізде үш мұнай өңдеу зауыты бар – Атырауда, Павлодарда және Шымкентте. Павлодар мен Шымкент МӨЗ-і жылына шамамен 6 млн тоннадан астам мұнай өңдесе, Атырау МӨЗ-нің қуаттылығы 5,5 млн тонна шамасында. Жалпы алғанда, бір жылда үш МӨЗ бірігіп 18 млн тоннаға жуық мұнай өңдейді.
Қаржы • 20 Қазан, 2022
Инфляция тауар бағасына тәуелді
2022 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция деңгейі 17,7 пайыз болды. Тамызда 16,1 пайыз болған еді. Өкінішке қарай, қымбатшылық күн санап ілгерілеп бара жатыр. Жылдық инфляция 20 өңірде қарқын алған.
Қоғам • 18 Қазан, 2022
Электронды еңбек биржасының базасында бірыңғай цифрлы экожүйе құрылмақ. Бұл дегеніміз – жұмыспен қамту саласындағы онлайн-супермаркет. Азаматтар экожүйе арқылы мамандық таңдайды, тиісінше еңбек қатынастарын да рәсімдейді.
Қазақстан • 18 Қазан, 2022
Кейінгі үш жыл көлемінде елімізде тауар таңбалау ісі қолға алынды. Алайда мамандар бұл бастаманың да әлі шикі тұстары көп екенін айтып дабыл қағады. Өндірушіден тұтынушыға дейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс бұл жұмысты қай тұрғыдан жетілдіру қажет?
Қаржы • 17 Қазан, 2022
Еуропа елдерімен салыстырғанда Қазақстанда газ бағасы біраз төмен. Бізде 1 мың текше метр газ жаққаны үшін 58,5 доллар төлейді. Бұл – шамамен 28 мың теңге. Екінші орында 96,2 доллармен Ресей тұрса, үштікті 138,7 доллармен Беларусь түйіндейді.
Қаржы • 17 Қазан, 2022
Күзге салым елдегі екінші деңгейлі банктердегі жиынтық несие көлемі 22 трлн теңгеге таяп қалған. Нақтырақ айтқанда, 21,8 трлн теңге. Бұл бір жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24,7 пайызға жоғары. Соңғы айда жиынтық займ көлемі 1,1 пайызға өскен.
Қазақстан • 17 Қазан, 2022
Электронды қызмет аясы кеңейеді
Елімізде енді электронды құжат қағаз нұсқасымен теңестірілді. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидалары бекітілді. Цифрлық құжаттар сервисі – «Электронды үкімет» мобилді қосымшасының бір бөлігі.
Экономика • 16 Қазан, 2022
Қазақстан – Орталық Азиядағы транспорт хабы
Қазақстаннан халықаралық бағытқа жөнелтілетін тасымал көлемі бір жыл ішінде 3 есеге артқан. ATI.SU статистикасы бойынша, автомобиль жүк тасымалы сыртқы бағытта да, Қазақстанның өз ішінде де көбейді.
Қоғам • 14 Қазан, 2022
Қымбатшылық бүйірден қысып тұр. Сауданың барлық сегментінде баға өскені байқалады. Әрине, оған себеп болған факторлар бізге ежелден белгілі. Бірі – ішкі экономика мен төл валютаның әлсіздігі болса, екіншісі – жаһандық инфляция әсері. Осы орайда жергілікті атқарушы органдар ірі сауда желілерімен сауда үстемесін 10 пайызға дейін төмендету туралы меморандумдар жасасқан.