Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1003 материал табылды

Экономика • 09 Ақпан, 2023

Қаржы секторының қадамы

Бәсекеге қабілетті, дағдарысқа төзімді, цифрлық сервисті енгізу бойынша да бірқатар секторға үлгі бола алған әрі қоғаммен байланыс бойынша да ашықтық принципін ұстана алатынын көрсетіп келе жатқан қаржы секторы 2023 жылды мейлінше оң көрсеткіштермен бастаған сияқты. Қазір елімізде 21 екін­ші деңгейлі банк (оның 12-сі – шетел қатысатын банк, сол 12-нің 9-ы – еншілес банк), 26 сақтандыру ұйымы (оның 9-ы – өмірді сақтандыру бо­йынша) және қор нарығында «Қазақстан қор биржасы» (KASE) жұмыс істейді.

Несие • 08 Ақпан, 2023

Несие қарызы көп пе, аз ба?

Бірінші несие бюросының хабарлауынша, ел азаматтарын несиеге белшесінен батты деу – орынсыз дерек. Олардың мәліметі бойынша, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша несие портфелі бір жыл ішінде 28,3 пайызға (немесе 1,6 трлн теңгеге) ұлғайып, 7,4 трлн теңгені құраған. Сонымен қатар бұл бюро банктер мен банктік емес қаржы ұйымдарының балансынан есептен шығарылған несиелер де қосылған деректерді ұсынады. Яғни біз осы сегменттегі барлық несие туралы айтып отырмыз.

Несие • 08 Ақпан, 2023

Егіске несие беру жалғасып жатыр

2023 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмысын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 140 млрд теңге бөлінді. Өтінімді қабылдау басталғаннан кейін 9 күн ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы сомасы 48 млрд теңгеге 1 211 өтінім келіп түскен. Тағы 668 фермер – құжат жинау сатысында.

Экономика • 08 Ақпан, 2023

Экономиканы рецессия күтіп тұр ма?

Қаңтарда Давоста өткен дәстүрлі дүниежүзілік экономикалық форумда жетекші экономистердің басым бөлігі 2023 жылы жаһандық рецессия болуы мүмкін деп болжам жасады. Бас экономистер жаһан ландшафты бизнес үшін қиын боларын болжайды. Респонденттердің барлығы дерлік геосаяси тенденциялар жаһандық экономикалық белсенділік картасын қайта құруға мәжбүр етеді деп санайды. Жаңа экономикалық өзгерістер сауда, инвестиция, жұмыс күші және технология ағындарына әсер етіп, бизнес үшін көптеген қиындық пен мүмкіндік туғызуы мүмкін.

Несие • 05 Ақпан, 2023

Автонесие бағдарламасы жалғасады

6 ақпаннан бастап жылдық 4 пайызбен несие беретін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта жалғасады. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өтінімдер қабылдайтын қанатқақты платформаны іске қосқалы отыр. Ол www.autonesie.kz деп аталады. Өтінім беру үшін электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) қол­да­ны­ла­ды. Өтінім беру барысында азамат автоөндірушілерді алдын ала таңдай алады.

Қаржы • 03 Ақпан, 2023

Қайтқан активтен қайыр бар ма?

Кейінгі бір жылдың ішінде шетелге заңсыз шығарылған 1 жарым млрд долларға бағаланатын актив пен қаражат елге қайтарылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарла­уынша, заңсыз алынған активтерді қайтару Қ.Сатыбалдыұлы мен оның сенімді тұлғаларына, «Қазақтелеком» АҚ лауазымды тұлғаларына, «Оператор РОП» ЖШС басшылығына және басқаларға қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде жүзеге асырылды. Қайтару үдерісіне мүлікті алып қою, тыйым салу және тәркілеу нұсқалары кіреді.

Несие • 03 Ақпан, 2023

Несиені теңгемен беру көлемі ұлғайды

Банк секторының активтері жыл санап өсім көрсетіп келе жатыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша несие портфелі көлемінің 20,1 пайызға өсуінің нәтижесінде сектордың жиынтық активі 18,4 пайызға, 44,6 трлн теңгеге дейін өскен. Екінші деңгейлі банктердің өтімділігі жоғары активтері шамамен 13,5 трлн теңгені немесе активтердің 30,3 пайызын құрайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, осыншама көлемдегі актив арқылы банктер өз міндеттемелерін толыққанды атқара алады.

Қаржы • 02 Ақпан, 2023

Икемді бағам режімі

Қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 460,52 теңгеге дейін, 0,5 пайызға нығай­ған. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық­тың бір күндегі орташа көлемі бір айда 141-ден 103 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,1 млрд долларды құрады.

Экономика • 01 Ақпан, 2023

Депозит те, кредит те өсті

Қазақстан халқының екінші деңгейлі банктерде сақтаған депозитінің көлемі 15,7 трлн теңгені құрады. Бұл сома бір ай бұрынғыдан 566 млрд теңгеге, бір жыл бұрынғыдан 2,8 трлн теңгеге артық. Отандық банк секторы 2020 жылдан бері ауыр сынақтарды (пандемия, геосаяси тәуекел) бастан кешіп жатса да, салымшылардың сенім үдесінен шыға алып тұр.

Экономика • 31 Қаңтар, 2023

Шектеулер шырмауындағы майнинг фермалар

Криптофермаларға қатысты заң күшеймек. Майнинг-фермалар мен криптоөндірушілер енді ресми жұмыс істеу үшін лицензия рәсімдеуге міндетті. Бұған қоса олар корпоративтік табыс салығын төлеуге міндеттеледі. Электр энергиясының тапшылығына байланысты криптофермалардың елдің жалпы энергия жүйесіне қосылуына тыйым салынады. Мұның бәрі 2022 жылдың соңында қабылданған «Қазақстан Республикасының цифрлық активтері туралы» заң жобасында қарастырылған.