Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1289 материал табылды

Экономика • 03 Қыркүйек, 2024

Орта дәлізді дамытатын 10 басымдық

Еліміз үшін Транскаспий дәлізінің дәл қазір пайдасы айтарлықтай көп емес. Бірақ бізге келешектегі мүмкіндігі маңызды. Қазірдің өзінде күн санап кеме саны өсіп, ай санап айлақтар іске қосылып жатыр. Осының өзі олжа. Дүниежүзілік банк таяуда жариялаған баяндамасында 2030 жылға таман Транскаспий дәлізі арқылы сауда айналымын 3 есе арттырудың тәсілін тізбелепті. Бізге қатысты болған соң, оқырманмен бөлісуді жөн деп таптық.

Сұхбат • 30 Тамыз, 2024

Арман Шаққалиев: Отандық сауда-саттық әлеуетін арттыру шаралары тиімді бола түсті

Еліміздегі өндіріс деңгейі шарықтап кетпесе де, азық-түлік тауарларын өндіру ісі біршама ілгеріледі. Экспорттық әлеует те соңғы жылдары арта бастады. Әрине, түйткілдер де жоқ емес. Отандық өндірушілердің сауда желілеріне өнімімізді орналастыра алмаймыз деген жанайқайын талай естідік. Таяуда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевпен сұхбаттасудың сәті түсіп, сауда саласының сан қатпарына қатысты сауалдарымызды қойдық.

Сұхбат • 30 Тамыз, 2024

Су саласына шетелдік инвесторлар тартылады

Елімізде су тапшылығы, су пайдалану мәселесі өткір тұр. Әрі бұл су дегеніңіз тек өзіміз шешетін сегмент емес. Орталық Азиядағы ағайындармен ақылдасу, көршілермен кеңесудің маңызы аса жоғары. Осы орайда Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке бірнеше сауал қоюдың орайы келді.

Экспорт • 30 Тамыз, 2024

Экспорттық әлеуеттің бес үрдісі

Экономикалық зерттеулер институты биылғы бірінші жартыжылдықтағы ТОП-5 үрдісті тізбелеп шығыпты. Өңірдегі ахуалдың әлі тұрақтала алмай тұрғаны біздің де экспорттық саясатымызға дүркін-дүркін әсерін тигізіп жатыр.

Банк • 30 Тамыз, 2024

Бизнестің банктерге сенімі артып келеді

2024 жылдың маусым айының соңындағы жағдай ­бойынша ел банктеріндегі бизнестің салымы 15,8 трлн тең­геге жетті. Бұл өткен аймен салыстырғанда 4,5%-ға артық.

Инвестиция • 29 Тамыз, 2024

Инвестиция бөлінісіне жаңаша саясат қажет

2023 жылдың қорытындысы бойынша инвестицияның жалпы көлемі жылдық мәнде 11,2 пайызға артқан. Бірақ ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) инвестиция үлесі 15 пайыз ғана болыпты. Бұл Үкімет таргеттеген 21 пайыздық мақсаттан қалыс қалып тұрғанымызды білдіреді. Кейінгі он жылда осы 15 пайыз деңгейінен аса алмай тұрмыз. Мамандардың айтуынша, инвестиция бөлінісінің теңсіздігі осы қиындыққа алып келді. Капиталдың басым бөлігі тау-кен секторына құйылады. Ең аз үлесті өңдеуші өнеркәсіп алады. Жалпы алғанда, инвестиция шикізаттық және сауда-саттық емес салаға бағытталады. Шикізаттық емес өнімдер бүкіл көлемнің (инвестиция) 2 пайызын әрең еншілеп отыр.

Өндіріс • 29 Тамыз, 2024

Ауылдағы зауыттың жетістігі

Ақмола облысының Ақмол ауылында орналасқан «Capital projects ltd» ЖШС жылына 20 мың тонна қуаттылықпен тауық етін өндіріп келе жатыр. Кәсіпорынның «Курочка ряба» брендімен шығаратын өнімдері тұтынушылардың ауқымды сұранысына ие. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен жақын арада өндіріс қуатын 30 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Өндіріс • 28 Тамыз, 2024

Бизнес белдеуінің шарапаты

Елімізде қала негізін құрау­­шы ірі кәсіпорындар төңі­ре­гін­де «Шағын және орта бизнес белдеуін» құру бо­йынша жұмыс басталды. Өнер­кәсіп алпауыттары­ның өз өңірлерінен шыққан жеткізуші кәсіпорындармен серіктестігі бұған дейін де байқалатын, бірақ ерікті форматта еді. Енді бұл кәсіби түрде қолға алынғалы отыр. Елішілік құндылықтарды дамыту бағдарламасы, әсіресе моноқалаларда шағын және орта кәсіпкерліктің түтінін түзу ұшыруды көздейді.

Қаржы • 23 Тамыз, 2024

Жыр болған ЖТСМ төмендеді

Көптен бері қаржылық ортада талқыланып, бірқатар қарама-қайшы көзқарастың туындауына себеп болған жыл­дық тиімді сыйақы мөлшер­лемесін (ЖТСМ) төмендету мәселесі ақыры шешімін тапты. Жақында ғана Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөл­шер­лерін айқындау туралы бірлес­кен қаулыны бекітті.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2024

Жетісудың даму әлеуетін байыптады

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Жетісу облысына сапармен барып, Мемле­кет басшысының өңірге қатыс­ты әлеуметтік-эконо­микалық даму жө­ніндегі тапсырма­лары­ның орындалу барысымен танысты. Сапар аясында аймақтың агроөнер­кәсіп кешені (АӨК), өңдеу өнеркәсібі және туризм­ді дамыту мәселелерін бағ­дар­лап, экономикаға қоса­тын үлесін арттыру үшін шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау шаралары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.