Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
64 материал табылды

Таным • 10 Қыркүйек, 2025

Кешірім

Қазақ «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш...», дейді. Осы бір мәтелден-ақ ұлтымыздың кеңдігін, мәрттігін көруге болар. Тереңіне үңілсең, әрқилы түсінікке, парасат-пайымға жетелейтін бұл нақылдың негізгі өзегінде алдыңа кінәсін мойындап, басын иіп кешірім сұрай келгенге бар мүмкіндігінше, өзіңе ауыр тисе де, жүрегің қаламаса да кешірім беруге тырыс, кеңдік жаса деген ишарат, талап, өтініш жатыр. Ал мұның арғы астарында ауызбірлікке, татулыққа үндеу, бірлікті бекемдеу, ағайын арасын алыстатпау сынды ізгі мақсат, тілек менмұндалайды. Қош, солай делік. Ал кінәлі өз айыбын білмесе, айыпкер бола тұра алдыңа келмесе ше?..

Әлем • 05 Қыркүйек, 2025

Бейжің төріндегі қазақ орталығы

Бейжіңде Қазақстанның алғашқы мәдени орталығы ашылды. Бұл – әзірге шетелдегі жалғыз қазақстандық орталық. Салтанатты рәсімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, екі елдің дипломаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Пікір • 04 Қыркүйек, 2025

Кешірілмес қателік

Дастарқан басы. Ортақ әңгіме туындай қойған жоқ. Сол сәтте төрде қатар отырған екі кісінің өзара әңгімесін бәріміз еркін естіп отырдық.

Мирас • 04 Қыркүйек, 2025

«Господин»

Түркістан облысындағы Созақ және Көктөбе ауылдарының дәл ортасында Жақ деп аталатын төбешік орналасқан. Жұрт мұны Жақтөбе деп атап кеткен. Осы төбенің үстіндегі шағын ғана аумақты алып жатқан қорымның шығыс тұсында өз алдына оқшаулау орналасқан үш төмпешік – үш қабір жатыр. Мұның екеуінде Досымет Шаяхметов пен оның немересі жерленген. Ал үшіншісі Досымет қарияның «Господин» деген жүйрігінікі.

Зерде • 28 Тамыз, 2025

Әке сөзі

Бала мектепті тәуір-ақ оқыған. Бірақ ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл жинап қалды. Мұнымен мемлекеттік грант жалын да сипатпасы белгілі. Бұған ренжіңкіреген әкесі «Осы жұрттың баласы...» деп әңгіме бастағалы отырды да, райынан қайтты. ҰБТ-дан жоғары балл иеленіп, танауы делдиіп жүрген пәленшенің, түгеншенің баласын мақтап, өз перзентін тұқыртқысы келмеген.

Ең қысқа әңгіме • 26 Тамыз, 2025

Өтініш һәм өкініш

Телефон қоңырауы соғылды. Белгісіз нөмір. Сәл кідіріңкіреп барып, телефонға жауап берді. Арғы жақтан қарлығыңқы дауыс шықты. Телефон соққан ауылда тұратын, көптен бері хабарласпай кеткен туысқан ағасы екен.

Айтыс • 25 Шілде, 2025

Айтыс өнеріндегі айтулы белес

Жақында Ақтау қаласында республикалық командалық ақындар айтысының финалы өтті. Бұл шешуші сында Қарағанды мен Түркістан облыстарының өнерпаздары бақ сынады. Көрермен көңілін тербеген, рух пен ұлт мұратын жырмен өрген сайыста екі облыс та командалық айтыстың жеңімпазы атанды. 2024 жылдың наурыз айында шымылдығын түрген бұл ауқымды жобаның мақсаты не? Жоба ұлттық өнерге деген жаңаша көзқарастың қалыптасуына мұрындық бола алды ма? Осы сауалдар бойынша «Amanat» партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры, айтыс жанашыры Еркебұлан Жаулыбаевпен сұхбаттасқан едік.

Мәдениет • 11 Шілде, 2025

Балет әлеміндегі бірегей бастама

5-6 шілдеде «Астана Балет» театрының сахнасында көптен күткен «Carmina Вurana» балет-кантатасының – хор, оркестр және балет труппасы алғаш рет бір сахнада тоғысқан бірегей жобаның тұсаукесері өтті.

Қоғам • 02 Шілде, 2025

«Арызқой»

Жұрт оны «арызқой», «бәлеқор» деп жақтырмайды. Бірақ ол өзі жөніндегі бұл теңеулерге пысқырмайды да... Оның білмейтіні жер астында. Ой елегінен өткізбейтіні, байқамайтыны жоқ. Үнемі қайнап жүреді. Қайратты, бойындағы қуаты ерен. Шешен.

Пікір • 20 Маусым, 2025

Зейнеткерлік бейнеттен құтқара ма?

Зейнеткерлікке шықты. Қызмет­тес­тері, басшылық иығына шапан жа­уып, бір сөлкебайды кеудесіне тағып шығарып салды. Талап солай. Қайтесің енді? Зейнетақы мардымсыз. Отбасы бірер айда-ақ қаражат жетімсіздігін сезінді. Нәпақа табар жұмыс іздеді. Тапты. Жалақысы – қанағат. Сонымен, жалпы айлық кірісі – зейнетақысы мен қазіргі айлық-шайлығын қоса есептесе, бұрынғы еңбекақысына жетіп жығылады...