
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
Еліміздің батысындағы көпсалалы медициналық-профильді мекеме –Ақтөбе Медицина орталығындағы жоғары санаттағы кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Берік Қасымов басқаратын кардиохирургия бөлімшесінің дәрігерлері жүрек науқасына шалдыққан талай азаматты аяқтан тұрғызған кәсіби мамандар. Соның бір дәлелі, былтыр шілденің басында коронавирус өршіген тұста кардиохирургия бөлімшесінің қызметкерлері өз өмірін қатерге тіге отырып, өкпені жасанды желдету аппаратының күші жетпеген науқастарды аман алып қалды.
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
Отпен арпалысу осалдың ісі емес
Ақтөбе қаласындағы №1мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мұқан Әмір – тәжірибелі құтқарушы, әрі өрт сөндіруші. Осы салада қызмет атқарған он үш жыл ішінде нелер төтенше оқиғалардың куәсі болды, талай мәрте басын қатерге тіге отырып адамдар өмірін құтқарды, өзекті өртер көріністердің де куәсі болды.
Коронавирус • 31 Наурыз, 2021
31 наурыздан бастап Ақтөбе облысы коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші бойынша «қызыл» аймаққа енді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева хабарлады. Бүгінгі күні өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 82 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Ақтөбе темірқорытпа зауыты зиянды заттар көлемін 2024 жылға дейін 30%-ға азайтады
Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың Ақтөбе облысына келген сапарында белгілі болды деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Тігін машинасын алып, табыс табуға кірісті
Ақтөбеде наурыз мерекесі қарсаңында атаулы әлеуметтік көмек алатын бірнеше отбасылардың қыз-келіншектеріне арналған «Менің кәсібім – отбасымның ырысы» жобасы қорытындыланды. Бұл жолы бір жыл бойы сынақтан сүрінбей өтіп, қолөнер мен тігіншіліктің қыр-сырын меңгерген 30 келіншек ұйымдастырушылар тарапынан 30 тігін машинасын сыйлыққа алды.
Таным • 29 Наурыз, 2021
Тасқопадан Сармат көсемі табылды
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен жылдың жазында Темір ауданы Тасқопа елді мекенінен 2 шақырым жердегі «Тасқопа 1» қорымынан табылған сармат көсемінің қалпына келтірілген бейнесі қойылған арнайы зал ашылды. Б.з.д. V ғасырға жататын сармат тайпасы көсемінің обасы биіктігі 3 метр, диаметрі 40 метрге жуық қорғанды қазу кезінде табылды.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2021
Ақтөбе облысы «сары аймақта» тұр
Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша 22 наурыздан бастап «сары» аймаққа кірген Ақтөбе облысында күн санап инфекция жұқтырғандар қатары көбейіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Oблыстық санитариялық- эпидемиологиялық департаменттің мәліметіне сүйене отырып.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2021
Наурыз боранында адасқандар құтқарылды
Наурыз мерекесі күндері Ақтөбе облыстық ТЖД кезекшілік бөліміне трактормен жылқыларын іздеуге шыққан Қобда ауданының 3 тұрғынының адасып кеткені жөнінде хабарлама түсті. Дереужеке құрамнан 3 адам және бірнеше арнаулы техника іздестіру-құтқару жұмыстарынажұмылдырылып, олар екі сағаттан соңадасқандарды Шөлқара елді мекеніне жақын жерден тапты. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады деп хабарлайды Еgemen.kz.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2021
Былтыр республикалық бюджеттен Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарына бөлінген субсидияларды алуға өңірдегі шаруа қожалықтарынан 5 мыңнан аса өтінім келіп түсті. Әсіресе жеке қожалықтар мал азығына субсидия алуға айрықша ынталы болды.
Білім • 24 Наурыз, 2021
Ақтөбедегі ғасырмен құрдас мектептердің жай-күйі талқыланды
Ақтөбе қаласындағы үш ауысымды мектептер мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Соның ішінде әлі күнге дейін үздіксіз білім беріп келе жатқан кеңес өкіметінің алғашқы жылдары салынған білім беру мекемелері ғимараттарына күрделі сараптама жасау қажет болып отыр. Үш ауысымды мектептер мәселесінің түбірімен шешілмеуіне қала тұрғындары санының жыл сайын көбейіп жатқандығы да әсер етіп келеді. Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан алдағы оқу жылында мектептер жүктемесін азайту тақырыбында қаладағы барлық орта мектеп директорларымен жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.